Сарыбаева Кунсулу Бахитжановна «Жолғабас негізгі орта мектебінің» Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сыныбы: 5 Пәні: қазақ тілі



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#10020
1   2   3   4
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әліпби сөзі араб алфабитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 жылы басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды.
Қазақ халқының жазу – сызуына Қазақстанға мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына қатысты араб әліпбиі негіз болды. Алайда, қоғамдағы әр түрлі саяси – әлеуметтік өзгерістерге байланысты қазақ халқы араб әліпбиінен 1929 жылы латынға, ал 1940 жылдан бастап орыс әліпбиіне көшті.
Әліпбиде көрсетілген таңбалар – әріптер. Әріп – дыбыстың жазудағы таңбасы. Әліпбидегі әріптер белгілі бір тәртіппен орналасады. Түрлі сөздіктерді пайдалану үшін, әліпбидегі әріптердің орын тәртібін жақсы білу керек, сонда сөздіктен керек сөзді тез тауып алуға болады.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін 9 әріп бар(ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, һ, і ). Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Әліпбидегі әріптердің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазу құралдарына бейімделген жазба түрі бар. Әліпбидегі әріптердің бас әріптері және кіші әріптері бар.Қазақ жазуында бас әріппен жазу латын әліпбиіне көшкеннен бастап пайда болды.Бас әріпті қолдану кісі аттары мен жер – су атауларын, газет – журнал, кітап аттарын басқа сөздерден тез ажыратуға, сөйлем мағынасын тез түсінуге және қысқарған сөздерді (АҚШ, ҚазҰУ) белгілеуге өте қолайлы болды.
Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныптарда өткендеріңді еске түсіріңдерші. 





Оқулықпен жұмыс:

237-жаттығу.

Мына сөздерді әліпби тәртібімен жазыңдар. Алтыбасар, абырой,асық,әлеумет,әңгіме,әшекей,бағбан,бояу,газдандыру,ғарыш, ділмар, дүрбі,көлбақа,қауіп,құқық,қайнаға,мінбе,оттық,өткіз,патша,риза,ұю,үйіл,фельетон,хан,цыған,чекист,шөп,шаш,ыза,ықтимал,ірімшік,ілтипат,іңкәр,эмблема,эфир,юбилей,январь





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет