Топтық жұмыс.1-тапсырма:Фонетикалық талдау жасау І-топІІ-топ Т-дауыссыз,қатаң Ж-дауыссыз,ұяң А-дауысты,жуан,ашық,езулік Ү-дауысты,жіңішке,қысаң,еріндік У-дауыссыз,үнді З-дауыссыз,ұяң Ы-дауысты,жуан,қысаң,езулік І-дауысты, жіңішке,қысаң,езулік, Қ-дауыссыз,қатаң М-дауыссыз,үнді ІІІ-топБ-дауыссыз,ұяң, Е-дауысты,жіңішке,ашық,езулік, С-дауыссыз,қатаң І-дауысты,жіңішке,қысаң,езулік К-дауыссыз,қатаң Сергіту сәті: «Алтыбақан» сөзінен қанша сөз құрастыруға болады. Алты,бақа,бақ,тақ,ал,тал,қан,ала,банан,балта,талқан,лақ,тақта,тана,ана,ық,табан, нан,қалта,қына. Сөздік. Голова- камень-Месяц- масло-Гласный- согласный-Глаза- слова- Лето- мало-Мед- возьми-
2-тасырма: Ү ш топқа 3 түрлі тапсырма беремін.І-топ: Әріптерді әліпби ретімен жаз.ІІ-топ: Жоғалған әріптерді қой. Б...г...н мұғал...м үлк...н қ...ғ...з әк...ліп,іл...п қ...йды.Қағаз бет...нд...гі ...ріптер үлкен-үлкен ет...п жаз...лған.Астын... «әл...пби» дег...н с...з жазылғ...н.ІІІ-топ«Кім жылдам?»Жуан буынды сөздер:Жіңішке буынды сөздер:Бүгін,бес,біз,есеп,тақта ,домбыра,сызғыш,жақсы,пән,ұнайды,сабақ,парта.
Қорытынды:___«Сандар_сөйлейді»'>Қорытынды:
«Сандар сөйлейді»
Жауаптары:
Қазақ тіліне тән 9 дыбыс бар 12-дауысты дыбыс бар
1940 жылы орыс әліпбиіне көшті
Қазақ тілінде 42 әріп бар
1929 жылы араб әліпбиінен латынға көшті
Қазақ тілінде 2 таңба бар
26 –дауыссыз дыбыс бар
1912 жылы А.Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің негізін қалады
Қазақ тілінде 40 әріп бар
Топты бағалау:
қ/с
Оқушы-ң
аты-жөні
Ой
қоз-
ғау
Үй
тапсыр-
масы
Мағы-
наны
тану
Серг.
сәті
сөздік
Топ.
тапсыр-
малар
Сандар
сөйлей
Қорыт
ұпай
Баға
лау
1
2
3
4
- 5 -4 - 3
Оқушыларды бағалау:
Үй тапсырмасы: 238-жаттығу Орыс,қырғыз,өзбек халықтарының әліпбиінде неше әріп бар екенін анықтаңдар
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
«Жолғабас негізгі орта мектебі»МКМ
Сабақтың тақырыбы:
Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
Мұғалім:Сарыбаева .К
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға шылауды түсіндіре отырып,жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы теориялық білімдерін жинақтау,қорытындылау. 2. Тәрбиелік: оқушыларды Отанды сүюге ,адамгершілікке,еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сабақтың типі: аралас Сабақтың түрі: ашық сабақ Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу. Сабақтың көрнекілігі:тақырып жазылған плакат,тірек -сызбалар,бағалау парағы Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3.Сабақтың ұстанымдарымен таныстыру. 4. Уақытында бастау 5. ІІ- топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Ой қозғау- «тест» екі топ алмасып бірін-бірі тексереді
1 .Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
А) 7
Ә) 9
Б) 5
В) 3
2. Зат есім дегеніміз не?
А) Заттың атын білдіреді
Ә) Заттың санын білдіреді
Б)Заттың түсін білдіреді
В) Заттың сапасын білдеді
3. Бөлшектік сан есімді табыңдар.
А) төртеу
Ә) оннан бір
Б) жиырмаларда
В)тоғыз
4.Орынбасар сөзді атаңдар:
А) үстеу
Ә)шылау
Б)еліктеу
В)есімдік
5.Еліктеуішті тап:
А ) ақ-қара
Ә) сылдыр-сылдыр
Б) үлкен-кіші
В) биік-аласа
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық 1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу 2. Сабақ мақсатын түсіндіру
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Балалар,біз өткен тақырыпта еліктеу сөздерді өткен болатынбыз. Еліктеу дегеніміз не еді? Айналадағы әртүрлі құбылыстардың дыбыстарына,қимыл –әрекеттеріне еліктеуден туған сөздерді айтамыз. Мысалы: былқ,сылдыр,гу, жалт т.б.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Шылау сөздер.Шылаудың толық мағынасы жоқ ,бірақ сөз бен сөзді ,сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздерді шылау дейміз.
Мысалы:Күн сайын өмір туралы толғанысын тебірене жеткізді.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Мұндағы: сайын,туралы,үшін деген сөздердің толық мағынасы жоқ,бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп,белгілі бір қызмет атқарып тұр.
Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай
септеулік,жалғаулық және демеулік шылау болып 3-ке бөлінеді.
септеулік
жалғаулық
демеулік
Үшін,сайын, туралы,арқылы, жайлы,сияқты, тәрізді,дейін т.б.
Мен,бен ,пен,яки, немесе,және,әрі, біресе,бірақ,әлде, сонда да т.б. Ма,ме,ба,бе,ғана,тек,-ақ,-мыс,қой, ғой,түгел,-ау,да, де,та,те,ше т.б.
.
Балалар сөз таптарын атап шығайықшы...
1.Зат есім-кім?не?-адам,кітап.
2.Сын есім-қандай?қай?-қызыл,таза.
3.Сан есім-қанша ?неше?-бір,екі.
4.Есімдік-жіктеу,сілтеу-мен,сен,ол.
5.Етістік-не істеді?не қылды?қайтті?
6.үстеу-мекенін,мезгілін-ертең,биыл.
7.Еліктеу сөздер-әр түрлі дыбыстың пайда болуы-тарс-тұрс.
8.Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар:
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем мүшесі бола алмайды
3)Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.
4) Шылаулар түрленбейді
Оқулықпен жұмыс:
345-346- жаттығу.
Мәтіннен шылауды табыңдар.
Үшін,мен,пе,-ды,әсіресе,бен,әрі,біресе.
Сергіту сәті:
-Балалар,шаршаған сияқтысыңдар.Олай болса, «Елім менің» әнінің қайырмасын бәріміз қосылып орындап көрейік.Әннің сөзі тақтада жазулы тұр.
«Елім менің»
Ұрпақ үшін,ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!
Тапсырма.
Өлең шумағындағы шылауларды табыңдар.(үшін,мен) Ән не туралы екен?Отан
Олай болса екі топ отан туралы мақал – мәтел айтамыз соның ішінен шылауды табыңдар.
Кеспе қағаз
І -топ
1.шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?.
2.берілген сөйлемнен шылауды тап?
Мен де ұшқыш болғым келеді.
ІІ -топ
1.шылаудың неше түрі бар?
2.мақалдан шылауды тап.Отан үшін отқа түс күймейсін
Сабақты бекіту:
-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Тіл мен жағың не үшін керек?
-Ақиқатты айту үшін.
-Ал аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін-депті Қадыр Мырзалиев атамыз.
Ал шылау не үшін қажет?...Сөз бен сөзді,сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін керек екен.
Сабақты қорыту:
-Иә балалар ,туған жерге жету үшін екі аяғың аяғың қалай керек болса,қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуынашлау сынды сөз табының қосар үлесі зор. Міне,балалар,жүйелі ойлау, ой-өріс кеңістігімізді кеңеюіне шылаулар да үлкен ықпал етеді.