Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет44/129
Дата08.02.2022
өлшемі6,48 Mb.
#123287
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   129
Байланысты:
алгоритм

Нәтижесін бағалау: бала ауыз, мұрны арқылы бос тыныс алады.


Нәрестенің алғашқы тазалығын өткізу
Мақсаты: Жаңа туған нәрестені алғаш рет өңдеу.
Нәрестеге жылу қорғанышын қамтамасыз ету
Көрсеткіші: нәрестенің дүниеге келуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Стерильді жылы жөргектер 2-3 дана

  • Жылы көрпеше

  • Нәрестеге арналған бас киім, шұлықтар

  • Стерильді анатомиялық қысқыш 2 дана

  • Кіндік қысқышы (бір реттік)

  • Стерильді қайшы

  • Термометр

  • 1% көз тетрациклин майы

  • Сантиметрлік жолақ

  • Биркалар 3 дана

  • Жылытылған нәрестенің киімдері

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Баланы стерильді жылы жөргекке қабылдап алу.

  2. Стерильді жылы жөргекпен құрғатып сүрту(ішін, басын,арқасын).

  3. Баланы анасының кеудесіне салу: тері-теріге қатынасы.

  4. Стерильді жылы жөргекпен қайталап құрғатып сүрту.

  5. Балаға бас киім, шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.

  6. Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу):

  1. 30 минут өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу (36,5-37,50С).

  2. Гонобленореяның алдын-алу шарасын өткізу (алғашқы 1 сағатында): баланың көздерін 1% көз тетрациклин майымен өңдеу, әр көзге жеке мақта шаригі қолданылады.

  3. Баланы анасының төсіне кеміне 2 сағатқа қалдыру.

  4. 2 сағаттан соң баланы жылытқышы және қосымша жылу көзі бар жөргектейтін үстөлдің үстіне алу.

  5. Кіндікті екіншілік өңдеу:

  • Кіндік сақинасынан 0,3см қашықтықта кіндік қысқышын салу;

  • Кіндік қысқышынан 0,3-0,5см қашықтықта кіндік қалдығын стерильді қайшымен кесу.

  1. Баланы дәрігердің тексеруі және антропометрия өткізу.

  2. 3 бирканы тлтыру: босану тарихының№, анасының тегі, баланың туылған күні, мезгілі, жынысы, дене салмағы, бой өлшемі (2-қолдарына, 1-төсегіне).

  3. Баланы киіндіріп анасымен бірге босанудан кейінгі бөлмеге жеткізу.

Ескерту! 1. Босану бөлмесінің температурасы 250С-тан кем болмауы керек.
2. барлық шараларды «Жылу тізбегінің» бөлімдерін сақтаумен өткізу.
3. мед.қызметкерлерінің қолдары хирургиялық әдіспен өңделуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет