|
Нәтижені бағалау: гигиеналық ваннаны жүргізу мерзімдері
|
бет | 53/129 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 6,48 Mb. | | #123287 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: алгоритмНәтижені бағалау: гигиеналық ваннаны жүргізу мерзімдері:
6 айға дейін күнделікті,
6 айдан 1,5 жасқа дейін-күнара,
3 жасқа дейін- аптасына 2 рет,
3 жастан кейін- аптасына 1 рет.
Керек жағдайда қажеттілігіне байланы сты.
Кіндік жарасын өңдеу
Мақсаты: омфалиттің алдын алуы.
Көрсеткіші: «ашық кіндік» жарасы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Жөргектейтін үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүртіп, жөргекті төсеу.
Баланы жөргектейтін үстелге жатқызу.
Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.
Кіндік жарасына пипеткамен 1-2 тамшы қайнаған су тамызу.
Жібіген қабыршықтарды іштен сыртқа қарай стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау.
Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.
Жөргектейтін стөлден жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу.
Жұмыс үстелін дез.ерітіндімен сүрту.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту! №741 бұйрыққа сәйкес дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|