Нәтижені бағалау: баладағы цианоз белгілері басылады.
Ескерту:
оттегіні ылғалдандырып беру керек
оттегіні 30-45мин береді
30-45 минут сайын катетерді қозғалтыңыз(шырышты қабаттың күйігінің және құрғауының алдын алу үшін)
Аяққа қыша ваннасын жүргізу Мақсаты: балаға рефлекторлы терапия жүргізу.
Көрсеткіші: балада тыныс жолы ауруларының болуы.
Кері көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы.
Әзірлеңіз:
39-40С0 суды
құрғақ қышаны
шелекті
сүлгіні
көрпені
Іс-әрекет алгоритмі:
Қыша ерітіндісін дайындаңыз 10л суға 100гр қыша(алғашында 1л суға дайындайды).
Суды сүзіңіз.
Баланы орындыққа отырғызып,аяғын қыша ерітіндісі бар суға салып көрпемен жауып отырғызыңыз.
Баланы төсекке жылылап жауып жатқызыңыз,суйықтық ішкізіңіз.
Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою Мақсаты: балаға рефлекторлы терапия жүргізу.
Көрсеткіші: балада тыныс жолы ауруларының болуы.
Кері көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы, баланың терісінде бөртпелердің болуы.
Керекті құралдар:
Стерильды майы бар лоток.
Суы бар лоток 40-450С.
Қыша қағазы.
Жұқа және қалың жөргектер.
Қолданылған заттарға арналған лоток
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.
Баланы беліне дейін шешіндіріп тері қабатын тексеру.
Жұқа жөргекті жылы өсімдік майына салу.
Сығып алып тегіс жерге жайып салу..
Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып суға 5-10 секундқа салу.
Қыша қағаздарын қышасын төмен қаратып жөргектің үстіне салу: оң жағына 2-4, сол жағына 1-2, ортасында омыртқа үшін бос орын қалдыру.
Жөргектің жоғарға және төменгі жақтарын үстіне қарай бүктеу.
Жөргектің астыңғы жағын жоғары аудару.
Баланы жөргекке омыртқа тұсы бос жерге орналасатындай етіп жөргектің үстіне жатқызу.
Жөргекті балаға орау, жүрек тұсы қыша қағазынан бос болу керек.
Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу.
Қыша қағазын баланың терісі қызарғанша ұстау.
Қыша қағазын шешу, қолданылған заттарға арналған лотокқа салу.
Баланы жылылап орап 1 сағатқа төсекке жатқызу.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.