1 жасқа дейінгі баланың пульсын иық артериясында анықтаңыз.
1 жастан асқан балалардың пульсын ұйқы артериясында анықтаңыз.
Гипертермия Гипертермия-қорғаныш-компенсаторлық реакция, ағзаның ауруға деген имундық жауабы:
Қанның бактериоцидтік қасиеті артады.
Лейкоциттердің белсенділігі артады.
Эндогенді интерферонның бөлінуі артады.
Қызба өзінің қорғаныш қызметін белгілі бір деңгейде ғана орындайды. Температураның одан әрі жоғарылауы тыныс алу және қан айналымына салмақ түсіреді (әрбір 10С-қа көтерілгенде тыныс алу 4 дем алысқа артады, жүрек соғу жиілігі 10 соғуға артады), бұл қанға оттегінің түсуін арттырады, бірақ организмнің оттегіге қажеттілігін қанағаттандыра алмай гипоксия дамиды. Бұл кезде бірінші кезекте ОЖЖ қызметі бұзылып құрысып-тырысулар дамиды. Бұл жағдай 39-400С-та байқалады.