Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет65/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Нәтижесін бағалау: баланың ауыз қуысының шырышты қабаты таза, күлгін түсті. Тістерінің саны жасына сай. 1 жасқа дейінгі баланың тістерінің санын есептеу формуласы: п-4, п-айы.

1-жұмсақ таңдай;


2-тілшік;
3-жұтқыншақтың артқы қабырғасы;
4-бадамша безі;
5-алдыңғы доғашық;
6-артқы доғашық;


Стоматиттер кезінде ауыз қуысын өңдеу
Мақсаты: баланың ауыз қуысын тазалау, шырышты қабатының ауырсынуын басу.
Көрсеткіші:Әр-түрлі себептерден болатын ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну процессі.
Кері көрсеткіші: тырысу, лоқсу.
Керекті құралдар:

  • Өңдеуге арналған ерітінді (шөп тұнбалары, антисептиктер).

  • Мақта, дәке салфеткалары.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Резеңке қолғап.

  • Шпатель.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе салфетканы орап, үлкен саусақпен бекітіп ұстау.

  5. Сол қолмен абайлап баланың аузын ашу, керек жағдайда шпатель қолдану.

  6. Мақтаны ерітіндіге матырып, баланың ауыз қуысын өңдеу.

  1. Кандидозды (саңырауқұлақты) стоматит.

Өңдеуді күнделікті, қатаң келесі реттілікпен өткізу керек:

  1. 2% ас содасының ерітіндісі (шаю), дәке тампонымен өңдеу.

  2. 20% бураның глицерин ерітіндісі.

  3. Саңырауқұлаққа қарсы дәрілік препараттар нистатин, леворин (ұсақтау және себу).

  1. Катаральды стоматит.

Ауыз қуысын залалсыздандыратын ерітінділермен шаю (фурациллин, шөп тұнбалары және т.б.)

  1. Герпесті және ойық жаралы стоматиттер.

Өңдеуді келесі реттілікті сақтап күнделікті өткізу қажет.

  • Залалсыздандырылған ерітінділермен шаю: 0,5% калий перманганаты, 3% су асқын тотығы, 1:5000 фурациллин ерітіндісі;

  • 1% жасыл бриллиант ерітіндісі;

  • Ауырсыну кезінде новокаин немесе анестезин ерітіндісі;

  1. Қолданылған заттарды, қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу ;

  2. қолды жуу және құрғату.

Ескерту: 1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар қолданылады 0,25% оксалин майы, 5% интерферон майы).
2.Стоматиттер кезінде диета жылы, жұмсақ болуы керек;
3.Ауыз қуысын өңдеу кезінде абай болу қажет, өйткені ол жарақаттанғыш болады.
4.Өңдеуді тәулігіне 5-6 рет қайталаған жөн.
5.Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезінде сауығу кезіне қарағанда төменірек болуы керек.
6.Қолданылған ерітінділердің температурасы 37-380болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет