Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет69/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020


Асқазанды шаю
Мақсаты: баланың асқазанын улы заттардан тазалау.
Көрсеткіші: баланың улануы.
Кері көрсеткіші: баланың өте ауыр жағдайы, химиялық ерітінділермен улануы.
Керекті құралдар:Асқазан зонды, воронка. Алжапқыш-2. Асқазан шайатын ерітінді 20-220С.

  • Шайынды суға арналған ыдыс.

  • Лоток-2.

  • Дәке салфеткалары

  • Шпатель.

  • Резеңке қолғап

  • Шайынды суға арналған стерильді ыдыс.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию.

  4. Баланы көмекшінің алдына отырғызу және мықтап ұстату, емшек жасындағы баланы жөргектеу.

  5. Балаға көмекшінің қолының үстінен алжапқыш кигізу.

  6. Шайынды суға арналған стерильді ыдысты көмекшінің аяғының қасына қою.

  7. Асқазан зондының ұзындығын өлшеу және белгілеу-құлақ сырғалығынан күрек тістердің тұсына дейін, және одан семсер тәрізді өсіндіге дейін.

  8. Зондтың бітеу жағын сулау.

  9. Баланың аузын шпательдің көмегімен ашу, өздігінен ашпаса кергішті қолдану.

  10. Зондты абайлап , бірақ сенімді қозғалыспен белгіге дейін асқазанға енгізу.

  11. Шпательді алып тастап, зондқа воронканы жалғау.

  12. Воронканы асқазан тұсынан төменірек түсіріп су құю.

  13. Воронканы жоғары көтеріп, судың асқазанға өтуін қадағалау. Су деңгейі воронканың мойнына дейін түсуі керек.

  14. Воронканы тез, бірақ жайлы қимылмен асқазан деңгейінен төмен түсіріп шайынды суды ыдысқа төгу (шыққан судың көлемі енгізілген судың көлемінен кем болмауы керек).

  15. Воронкаға сұйықтық құйып бірнеше рет «таза суға» дейін қайталау.

  16. Воронканы ағытып жылдам қимылмен асқазан зондын салфеткамен ұстап асқазаннан шығару.

  17. Баланың аузын шаю. Баланы анасына беру немесе төсекке жатқызу.

  18. Асқазан шайындысын стерильді ыдысқа жинап, жолдама жазып зертханаға жіберу.

  19. Қолданылған құралдарды, алжапқышты толығымен залалсыздандыру.

  20. Қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу.Қолды жуу және құрғату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет