«Сақталу заңдары» бөлімі
Тақырып: «Дене импульсі және күш импульсі. Импульстің сақталу заңдары»
Оқу мақсаттары:
Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивті қозғалыс негізінде оқушылардың физикалық түсініктерін дамыту. Формулалармен таныстыру, практикалық есептер шығарудағы машығын тереңдету.
Бағалау критерийі: Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу және түсіну, қолдану
тапсырма. Сұрақтарға жауап бер:
1-топ
1. Дене импульсі дегеніміз не?
2. Дене импульсінің формуласы кандай?
3."Импульс"ұғымын енгізген француз ғалымы
2-топ
4.Күш импульсі дегеніміз не?
5.Тұйық жүйе дегеніміз не
6.Импульстің сақталу заңының формуласы
3-топ
1.Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
2. Дене импульсі мен күш импульсінің арасында қандай байланыс бар?
3. Күш импульсінің формуласы қандай?
Дескриптор Білім алушы
2 - тапсырма
Массасы 2 кг денеге Ғ=1,5 кН күш 3 секунд бойы әсер етеді. Дененің бастапқы жылдамдығын 5 м/с деп есептеп, күш әсер еткеннен кейінгі дененің импульсін табыңыз.
Қайық жағадан 10 м қашықтықта тұр. Оның ішіндегі адамның ескектері жоқ. Тек қана қолында 500 г-дық тасы бар. Соның көмегімен ол адам жағаға жете ала ма? Жете алатын болса қанша уақытта? ( адам максималды тас лақтыру мүмкіндігі 4 м/с және қайықтың адаммен бірге массасы 100 кг, судың кедергі күшін ескермейміз)
Дескриптор Білім алушы
Достарыңызбен бөлісу: |