Факультативті қайта сақтандыру. Бұл қайта сақтандыруда цедент тәуекелдің бірақ немесе бөлігін қайта сақтандыруға тапсыратындығын өз бетінше шешеді және сақтандырушыны өз бетінше таңдайды. Ол өз тәуекелдерін тапсырған цессионерлерге ешқандай мүдделі емес, өз жағынан цессионер де цедентке мүдделі емес, ол тәуекелді бірақ немесе бөлігімен қабылдап ала алады және де өзінің шарттарын ұсына алады немесе тәуекелді қабылдаудан бас тартуы мүмкін.
Келісілген қайта сақтандыру. Мұнда қайта сақтандырудың тәуекелдерін тапсыруымен қабылдап алуы туралы келісімді аша отырып екі жақ құқықтық қарым-қатынасқа түседі (қайта сақтандыруға қатысудаға ұзақ мерзімді келісім жыл сайын қарастырылып отырады). Әдетте қайта сақтандыруға эксцедентпен ұсынылатынның азғандай үлесін алатын бірнеше компания қайта сақтандырудың келісімінде қатысады (енгізіледі). Өзінің шығармашылық (жұмыс) кезеңінде кез келген тапсыратын компания қайта сақтандыру қорғанысын қажет етеді. Сондықтан да сақтандыру қоржыны оның қайта сақтандыру ұсынысын әртүрлі вариациялармен орындайды, олжылдан жылға және әдетте жылдың аяғында қайта қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |