«Экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі» бағытында 2-сынып сағаты «Құстар қайтып барады», "Туған жер ештеңе жоқ сенен артық",атты сынып сағаттары ауызша журнал және танымдық экологиялық, қойылымдар,шығармашылық жұмыстар түрінде оздырылды. «Құстар қайтып барады»атты сынып сағатында оқушылар құстар туралы әндер орындап,олардың түрлері мен тіршілік ортасымен танысты.Туған жерлеріне арнап шығармашылық жұмыстар орындады.
«Эстетикалық тәрбие»- 2 сынып сағаты: "Наурызым-берекем,наурызым-мерекем", "Адам бойындағы асыл қасиеттер" атты сынып сағатттары мерекелік кеш және тағылым сағаты түрінде оздырылып,ролдік ойын,жағдаяттар шешу,өнер көрсету сұрақ-жауап әдістері қолданылды.Сынып ата-аналары түгел қатысты.
"Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру" 3сынып сағаты: "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ", «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі",Жұқпалы аураулардың алдын алу»сынып сағаттары ойын сабақ,танымдық спорттық ойындар түрінде өткізілді. " Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ"сынып сағатында оқушыларға тазалық,жеке бас гигиенасы,спорттық маңызы туралы айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |