6.Тақ
тамен жұмыс:
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру.
Мақал:Оқу, инемен құдық қазғандай.\мағынасын түсіну\.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Күнделік жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
19.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Құстың ұясы.Бір қазан сүт.
Мақсаты: 1.Құстарды маңызы,олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Құстарға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. ”Оқуға шақыру”өлеңін жатқа сұрау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ .
4.
Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін құстың ұясы мәтінімен және бір қазан сүт өлеңімен танысамыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
-Балалар қандай құстарды білесіңдер?
-Құстар қалай тіршілік етеді?
-Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
2.”Құстың ұясы”мәтінін оқу,талдау.
3 .Сұраққа жауап беру.
-Балалардың ісі дұрыс па?
-Құстарға қандай қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?
”Бір қазан сүт”мәтінін оқу,талдау.
Сұраққа жауап беру.
- Өлеңде айтылған құстарды атаңдар?
-Олар не істеді?
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс: Құстың сурктін салу.
Сергіту сәті:\құстар қимылын музыка ырғағымен көрсету\.
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Сөз,сөйлем құрастыру.
Құстар:жапалақ,қарға,сауысқан,қырғауыл.
Құстар біздің –досымыз.Құстарды қорғау қажет.Қызыл кітапқа енген құстарды
атуға болмайды.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Жапалақ жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау
20.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы: Күншіл үйрек.Бақа.
Мақсаты: 1.Қызғаншақтық жаман әдет екенін түсіндіру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,ертегідегі негізгі
ойды таба білуге машықтандыру.
3.Дос,бауырмал бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
”Бір қазан сүт”өлеңінің мазмұнын сұрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін күншіл үйрек ертегісімен,бақа өлеңімен танысамыз,оларға қатысты
сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
-Балалар күншіл адам,қызғаншақтық,көре алмау-деген сөздерді білесіңдер ме?
-Мысал келтіріп көріңдерші.
2. Бүгін ”Күншіл үйрек”мәтінін оқып,талдаймыз.
3.Сұраққа жауап беру.
-Әңгіме неге күншіл үйрек деп аталған?
-Аққу қандай құс?
-Түлкі қандай аң?
-Үйрек қандай құс?
-“Біреуге ор қазсаң,өзің түсесің”-деген мақалдың мақалдың мағынасн түсіндің бе?
Ертегіні рөлге бөліп оқу,ойнау.
”Бақа”өлеңін оқу,қимылмен көрсету.
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс: \өздік жұмысы\. Жаман әдеттер:
Жақсы әдеттер:
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс. Сөз,сөйлем құрастыру.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Бақа жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау
23.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Қожаның аты.
Мақсаты: 1.Аңыз жайлы түсінік беру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Аңқау болмауға,адал болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Ертегі мазмұнын әңгімелету.
”Бақа”өлеңін жатқа сұрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін Қожаның аты-деген әңгімемен танысамыз,сөздік жұмысын жүргіземіз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
Аңыз-ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі.
Аңыз кейіпкерлері болады.Мысалы:Қожанасыр,Алдар Көсе.
2.”Қожаның аты”мәтінін оқу,талдау.
3.Сұраққа жауап беру.
-Бұл әңгіме кім туралы?
-Аңыз- деген не?
-Қожанасыр жайлы тағы қандай аңыз-әңгіме білесіңдер?
-Әңгімені толық оқы,мазмұнын әңгімеле.
-Қожанасыр өз атын қалай тапты?
- Қожанасырға сипаттама бер.
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:Қожанасыр,Алдар Көсе.
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Қожанасыр жайлы әңгіме оқу,мазмұнын айтуға дайындалу.Сурет салу.
9.Бағалау
24.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Кім неден күшті?
Мақсаты: 1.Ертегімен танысу,сөздер тізбегін оқи білуге,мәтінді оқып,мазмұнын
айта білуге үйрету.
2.Мәтін бойынша сұрақ қоя білуге,өз ой-пікірін еркін жеткізе алуға
машықтандыру.
3.Мықты,ержүрек болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
”Бақа”өлеңін жатқа сұрау.
Темір телпек көп киіп,басым содан жалпақ.
Көрінгенге көп қарап,көзім содан тостақ.
Су ішіндекөп жүзіп,бұтым содан талтақ.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:1.Сөздер жазу.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін Кім неден күшті? ертегісімен танысып,сөздерге дыбыстық,талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу. 2.”Кім неден күшті?”мәтінін оқу,талдау
3.Сұраққа жауап беру. 4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу.
Құмырсқа жауабы:Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды
көтергендіктен күшті болдым.
5.Тақтамен жұмыс:Мұз,күн,бұлт,жусан,қошақан,қасқыр,мерген,тышқан,құмырсқа.
Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.Жаттығулар орындау.
2.Ертегіні рөлге бөліп оқу:
Мұз: Мен күшті болсам,күн көзінен ерімес едім!
Күн: Мен күшті болсам,бетімді бұлт басар ма еді?.
Бұлт: Мен күшті болсам,жауа-жауа жусан басын көгерпес едім!
Жусан: Мен күшті болсам,қошақан жер ме еді?
Қошақан: Мен күшті болсам,құйрығымды қасқыр тартар ма еді?
Қасқыр: Мен күшті болсам,мерген атар ма еді?
Мерген: Мен күшті болсам,мылтығымның басын тышқан қияр ма еді?
Тышқан:Мен күшті болсам,ала жаздай жинаған дәнімді құмырсқа тасып кетер ме еді? Құмырсқа: Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым. - деген екен.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезең 1.Құмырсқа жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.9.Бағалау
24.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы: Бақа мен балық
Мақсаты: 1.Бақа мен балық ертегісімен таныстыру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Үлкенді тыңдауға,сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырманы пысықтау.”Кім неден күшті”ертегісінің мазмұнын сұрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\ .
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін «Бақа мен балық» ертегісімен танысып, сөздерге дыбыстық талдау
жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.”Бақа мен балық”ертегісінін оқу,талдау .
3.Бақа мен балықтың әңгімесі
4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу
5.Ертегіні рөлге бөліп оқыңдар.
5.Тақтамен жұмыс: Бақа мен балықтың сұрақ-жауаптарын жазу.
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Балық жайлы әңгіме құрау. Сурет салу.
9.Бағалау
25.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. Мақал-мәтелдер
Мақсаты: 1.Оқушылардың жұмбақтарды,ойлана отырып шеше
білуге,жаңылтпаштарды дұрыс оқи білуге үйрету. Мақал-мәтелдер
туралы түсінік беру
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
”Бақа мен балық”ертегісінің мазмұнын сұрау,рөлге бөліп ойнау.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөйлемдер жазу:\шағын диктант\
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін жұмбақтар, жаңылтпаштар-мен танысып, сөздерге дыбыстық талдау
жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.Жұмбақтарды оқу,талдау.шешу:бор,қарындаш,кітап,алфавит,өшіргіш.
3. Жаңылтпаштарды оқу,талдау.
1.Айта-айта жақ талды, қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,айта-айта-айта жатталды.
2.Оқуға салақтар,тек кітап парақтар.
Сабақта алақтар,далада далақтар.
4.Тізбек бойынша берілген жаңылтпаштарды оқу. Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
Мақалдар- ауыз әдебиетінің бір түрі.Оның тақырыбы әртүрлі болып келеді.
Мақалдар оқу,талдау:
1.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.
2.Күш білімде.
3.Оқу-білім бұлағы,білім -өмір шырағы.
4.Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.
5.Тақтамен жұмыс:
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
Жаттығулар орындау.
Жұмбақтарды жазу,оқу.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Жұмбақ. құру. Сурет салу.
9.Бағалау
25.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Мақал-мәтелдер.
Мақсаты: 1.Мақал-мәтелдер туралы түсінік беру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Үлкеннің ақылын тыңдап,жақсы адам болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. Жаңылтпаш жатқа сұрау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін мақалдармен танысып, талдау жасаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Мақалдар- ауыз әдебиетінің бір түрі.Оның
тақырыбы әртүрлі болып келеді.
2.Мақалдар оқу,талдау:
1.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.
2.Күш білімде.
3.Оқу-білім бұлағы,білім -өмір шырағы.
4.Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.
5.Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар.
6.Ғылым таппай мақтанба,орын таппай баптанба.
7.Талаптыға нұр жауар.
8.Өнерлі өрге жүзеді.
9.Еңбек түбі-береке.
- Әр мақалдың не туралы айтылғанына мән бер.
- Мақал-мәтелдерді түсініп оқыңдар.
3.Сұраққа жауап беру.-Үлкендерден қандай мақалдар естідің?
-Оның мағынасы не туралы?
4.Тізбек бойынша берілген мақалдарды оқу.
5.Тақтамен жұмыс: 3-мақал жазу.
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1. Дәптермен жұмыс.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.3 мақал жаттау.Сурет салу.9.Бағалау
26.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Ата, бата.
Мақсаты: 1.Бата жайлы түсінік беру.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Үлкендерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
Мақал-мәтелдерді жатқа сұрау,мазмұнын айтқызу.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Сөздер жазу:\шағын диктант\.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін Ата, бата өлеңін оқып, өткен тақырыптарды қайталаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
2.”Ата,бата” өлеңін оқу,талдау.
Сұраққа жауап беру.
-Бата деген –жақсы тілек. Сен үлкендерден бата алып көрдің бе?
-Өзің қандай бата білесің?
-Батаны кім айтады?
-Өлеңде Марияшқа атасы қандай бата берді?
3.Тізбек бойынша берілген өлеңді оқу.
5.Тақтамен жұмыс:
Өлеңдегі атасының Марияшқа берген батасын көшіріп жаз,жаттап ал .
Сергіту сәті:
6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Сонымен біз үлкен кітапты оқып-үйренуді аяқтадық..
-Қане, өткен тақырыптарды бір қайталап еске түсірелік.
(оқулықтың тарауларынан сұрақтарға жауап беріп,тапсырмалар орындау) Жаттығулар орындау.
Сөздерді жазу,оқу,сөйлем құрастыру.
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Қайталау.
9.Бағалау
27.12.2013ж
Сауат ашу
Тақырыбы:Қайталау.
Мақсаты: 1.Өткен дыбыстарды,олардың айтылуын,жазылуын,оқылуын пысықтау.
2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін
жеткізе алуға машықтандыру.
3.Әдемі,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: түсіндіру,әңгімелеу.
Әдісі: қайталау,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі:суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.
Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.
3.Білімді тексеру кезеңі:
1.Алдымен өткен дыбыстарды қайталайық,олардың жазба,баспа түрлерін еске түсірелік.
Аа, Әә , Бб, Вв, Гг, Ғғ, Дд, Ее, Жж, Зз, Ии, Йй, Кк, Ққ, Лл, Мм, Нн, Ңң, Оо, Өө, Пп, Рр, Сс, Тт, Уу, Ұұ, Үү, Шш, Ыы, Іі, Юю, Яя.
4.Мақсатын қою кезеңі:
Бүгін қайталау сабағы,өткен дыбыс, әріпке қатысты сөздермен танысып, сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз,тапсырмалар орындаймыз.
5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.
Сыныптағы балаларды үш топқа бөлу:
1-топ. 2-топ. 3-топ.
Тапсырма: 1. йукенгш, лродзыа, псмитбж
Қай буында кездеседі,мысал ойластырыңдар.
Тапсырма: 2. мектеп парта оқушы
Сөздерімен сөйлемдер ойластырыңдар.
Тапсырма: 3.Сурет бойынша мәтін құраңдар.
Тапсырма: 4“Туған күн”тақырыбына сурет салыңдар.
Тапсырма: 5.Мен дыбысты айтамын,
ал сендер сол дыбыстан басталатын сөздерді жазыңдар: ә, к, ғ.
Тапсырма: 6. Сұраққа жауап беру.
Тапсырма: 7. Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу. Сергіту сәті:
7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі1.Көбелек жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.
9.Бағалау.