Сауат ашу 02. 09. 2013ж Тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы. Мақсаты



бет2/8
Дата25.12.2016
өлшемі3,19 Mb.
#4561
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Мақсаты: 1.Көпшілік орындарда,кітапханада өздерін қалай ұстауды үйрету.

2.Сауатты жаза білуге,буындап дұрыс оқи білуге,өз ой-пікірін еркін

жеткізе алуға машықтандыру.

3.Кітапты көп оқуға,ұғымталдыққа тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау. Дәнді дақылдар,гүлдермен танысу,

”Гүлдер”өлеңін жатқа сұрау.

Өтілген әріптерді пысықтау.Сөздер тізбегін мәнерлеп оқу.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздер жазу:\шағын диктант\.

Қызғалдақ,сарғалдақ,түймедағы,раушангүл,қазтабан-гүлдер.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін көпшілік орындар,оның ішінде кітапхана жайлы сөздермен танысып,

сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Біз қалада тұрамыз.Қалада көпшілік баратын орындар өте көп.Соның ішінде үлкен

кітапхана бар.Ол қаланың ортасында орналасқан.Онда түрлі кітаптар,журналдар,

қажетті мәліметтер сақталған.Кітапханаға барғанда тыныштық сақтау

қажет.Өйткені, оқырмандар өте көп.

2.”Мектеп кітапханасы”мәтінін құру.

3.Сұраққа жауап беру.

4.Тізбек бойынша берілген сөздерді оқу:кітап,журнал,оқырман,кітапханашы.

5.Тақтамен жұмыс:

Сергіту сәті:



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Дәптермен жұмыс.

Жаттығулар орындау. -Қандай көпшілік баратын орындарды білесің? \атап бер\.

Сөз,сөйлем құрастыру.

Сөйлем жазу.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Кітап жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.

9.Бағалау
Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№17


Тақырыбы:Отбасы.Сөйлем.

Мақсаты: 1.Отбасы мүшелерін атай білуге.үй шаруасы,үйдегі істелетін жұмыстар

туралы әңгімелеу.

2.Сөйлем құрай білуге,еркін өз ой-пікірін айта білуге

дағдыландыру.

3.Үлкендерді сыйлауға,әрдайым кішілерге үлгі бола білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі :түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



Көпшілік орындар,оның ішінде кітапхана жайлы әңгімелеу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:



О

О

О

О

О



О

О

О

О

О

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен отбасы жайлы әңгімелесеміз.Және мағыналы сөйлемдер

құрастыруды үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.Сурет бойынша жұмыс жүргізу.

-Жанұяда неше адам бар?

-Жанұя тірегі кім?

-Жанұя мүшелері қандай жұмыстармен айналысады?

-Ал сен үйде қандай щаруалармен айналысасың?

Шығармашылық жұмыс: ”Менің отбасым”тақырыбына әңгіме құрау.

Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.\ Жанұя тақырыбы бойынша сөйлемдер құрастыру.\

а)--------- --------- --------- ----------.

--------- --------- --------- ----------.

--------- --------- --------- ----------.

ә)Әке,шеше,іні,қарындас,әпке,сіңлі,аға,бауыр т.б.туыстық сөздерді қайталау.

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.5 беттегі суреттерді бастыру,бояу.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Отбасы жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау.

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

18-19



Тақырыбы:Аа әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Аа әрпі және дыбысымен таныстыру.

2.Аа дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып,дұрыс айтуға

үйрету,оқушылардың тілдік қорларын байыту,сөйлей білуге,ойын

айта білуге дағдыландыру.

3.Әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:қима суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу: Аа

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен Аа әрпі және дыбысымен танысамыз.

Аа-баспа түрі. Аа-жазба түрі.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:



Аа-дауысты,жуан дыбыс.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Суретпен жұмыс.



Алма,алмұрт, апельсин,анар.\сөздерді буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау\.

Аа-дыбысы барлық буында болады.

Аа-дыбысы сөздің басында,ортасында,аяғында кездеседі.

\алхоры,қауын,қарбыз,ананас,банан\.

Сергіту сәті:Алма,алма,көк алма,

Қызыл,сары,көк алма.

Теріп алып келейік,

Атамызға берейік.



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.\Сызба бойынша дыбыстық талдау жасау.\

а) -алма ә) -анар

б) -алқоры

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.

-бет суреттерін бастыру,бояу.



7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау Ойын ойнау.” Орнын тап”. көкөністер мен жеміс-жидектерді

бөліп,орнына салу.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Аа әрпі кездесетін сөздер ойластыру,сөйлем құрау.Сурет салу. 9.Бағалау.



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

20-21



Тақырыбы: Тт әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Тт дыбысы мен әрпін таныстыру және оны

салыстырып,айтылу,жазылу ерекшеліктеріне көңіл аударту.Тт

дыбысының артикуляциясын меңгерту,балаларға айтып

көрсету.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату,баспа

әріптерді жаздырту,жаттығуларды орындатып қол моторикасын

дамыту.


2.Суреттер бойынша әңгіме құрастырту,сөздік қорын молайту,ой-

өрісін дамыту.

3.Адамгершілікке,үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,салыстыру.

Көрнекілігі:түсті текшелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау.

Аа әрпіне байланысты берілген буын,сөз қатарын оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Аа

2.Диктант жазу:А,а,П,п,Т,т,Н,н,на,па,,ана,апа,ата,ат,нан,пана,апта,атан.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Тт әрпі,дыбысымен танысамыз.

Тт-дыбысына байланысты сөздер жазуды үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Тт-дауыссыз,қатаң дыбыс.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Сурет бойынша әңгіме құру.

- Үстелдің басында кімдер отыр?

- Атасы,немересі.

- Немере атасына не ұсынып жатыр?

- Немересіне Т әрпінен басталатын ат қой.

-Дастарқанға қойылатын тағамдарды ата:\торт,құрт,қант,тоқаш\.

-Атасы немересіне риза.Өйткені ол қандай бала? \әдепті,тәрбиелі,үлгілі\.

2.Буын,сөздерді оқу.

3.Сөздер жазу: шахтёр.

Сергіту сәті:

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.



ТтА-та,а-на,а-та,а-ға,

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Үлгі бойынша тапсырманы жазу.



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Тау жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау.

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№22-23


Тақырыбы:Пп дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.Пп дыбысы және әрпімен таныстыру.

2.Пп дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге

үйрету.Буындарды,сөздерді оқып,мағынасын түсінуге,суреттерді

қарап,әңгіме құрастыра білуге,баспа және жазба әріпті дұрыс жаза

білуге дағдыландыру.

3.Үлкендерді сыйлауға,әрдайым кішіпейіл болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: қима суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Ойын:”Мені тап”адам аттары тізбегі.

1.Таға,торсық,щётка сөздеріне сөйлем құрау.

2.Өлең оқу. Щётка,щётка, щёткалар,

Неше түрлі щётка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.-берілген сөздер тізбегін оқып шығу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

Көркем жазу: Пп

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен Пп әрпі және дыбысымен танысамыз.

Пп-баспа түрі. Пп-жазба түрі.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:



Пп-дауыссыз,қатаң дыбыс.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.



Піл,парта,дәптер,кітап,апа,апта,атпа.

2.Сурет бойынша жұмыс.

Үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.Әрдайым көп оқуға,білімді болуға

жетелеу.Берілген сөздер тізбегін оқу.



Па а-па ат ат-па

Та а-та ат-та апта

Сергіту сәті:Перде менен пернені,Пірімбек білмей шатысты.

Перде терезе жапқыш қой,перне неге қатысты?

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

3.Дәптермен жұмыс жүргізу.Пп П п



7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Піл жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№24-25


Тақырыбы:Нн дыбыстары ,әріптері.

Мақсаты: 1.Пп,Нн дыбыстары,әріптерімен толығырақ танысу.Берілген сөздерді

сауатты оқи білуге,әдемі жазуға үйрету.

2.Оқушылардың тілдік қорларын байыту,сөйлей білуге,ойын айта

білуге дағдыландыру.

3.Үлкендерді сыйлауға,нанның қадірін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Оқулықтағы берілген сөздерді тізбектей

оқыту.Парта,дәптер,кітап-сөздерін буынға бөлу,сөйлем құру.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Пп,Нн

2.Пингвин өлеңін жатқа оқу.

3.Аа,Пп,Тт,апа,ата,ат,апта,атта-сөздерін тақтадан дұрыс көшіруін қадағалау.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Нн әрпі,дыбысымен танысамыз.

Және сөздер тізбегін оқуды жалғастырамыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:



Нн-дауыссыз,үнді дыбыс.

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.На,па,та- буындарын, ана,апа,ата,нан,пана,тана,атан-сөздерін тізбектей оқу.

Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.”Нан”сөзінің тәрбиелік мәнін ашу.

Нан түрлері,оның дастарханға қандай жолмен келетінін әңгімелеу.

Өлең.


Науат жейсің несіне?

Нан ғой ұлы несібе.

Нар сыйладық сол үшін,

Наубайхана иесіне.

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Нн,Н,н- әріптерін әдемі жазу.

3.Жұмбақ шешу. 1. Ас біткеннің анасы,қасиетті –“нан” осы.

Қайсы әріптен басталған,соңғы әрпін де қарашы. \нан\

2.” Күн” мен “түн” сөзі немен аяқталады? \нан\



7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Нан жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау.



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

26



Тақырыбы:Ғғ әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Ғғ дыбысы мен әрпін таныстыру және оны Гг дыбысымен және

әрпімен салыстырып,айтылу,жазылу ерекшеліктеріне көңіл

аударту.Ғғ дыбысының артикуляциясын меңгерту,балаларға айтып

көрсету.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату,баспа әріптерді

жаздырту,жаттығуларды орындатып қол моторикасын дамыту.

2.Суреттер бойынша әңгіме құрастырту,сөздік қорын молайту,ой-

өрісін дамыту.

3.Адамгершілікке,үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,салыстыру.

Көрнекілігі:түсті текшелер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Өткен дыбыстар мен әріптерді қайталау.

Нн әрпіне байланысты берілген буын,сөз қатарын оқу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Нн

2.Диктант жазу:А,а,Пп,Тт,Нн,на,па,та.Ана,апа,ата,ат,нан,пана,апта,атан,тана.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Ғғ әрпі,дыбысымен танысамыз.

Ғғ-дыбысына байланысты сөздер жазуды үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Ғғ-дауыссыз,ұяң дыбыс.

Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Ұқсайды өзі шалғыға,елестет көз алдыңа.

Кәне,ойланып табайық,болды екен бұл қай әріп?\Ғ\

2.Буын,сөздерді оқу.

3.Сөздер жазу:ғарыш,ғарышкер,балға,шалғы,шаңғы.

Өлең.


Ғарыш-ғалам тұрағы,

Ғажап оның құрамы.

Ғимараттың үстінде,

Ғарышкерлер тұрады

Сергіту сәті: Айбат шекті Ата қаз,тас лақтырған балаға:

-Шықтыңыз ба далаға,тиіспеңіз,ға-ға-ға.



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.



ҒғА-та,а-на,а-та,а-ға,Дәптермен жұмыс.Үлгі бойынша тапсырманы жазу.

7.Бекіту кезеңі: Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі.1.Ғарыш жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

27



Тақырыбы: Ғғ әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Ғғ әрпі,дыбысын оқи және жаза білуді пысықтау.

2.Буынға бөліп оқи білуге,сөйлем құрай білуге,тақтамен жұмыс жасай

білуге машықтандыру.

3.Ғарышкерлер ерлігін үлгі ету,батырлыққа,батыл болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:әріптер тізбегі,суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Ғғ

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін Ғғ дыбысы және әрпі жайлы білетіндерімізді пысықтаймыз.с жайлы

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Жаңылтпаш айтқызу.Талғат,балға тап,

Тағы да жаңғақ шақ,

Шақсаң,сақ шақ.

2.Жұмбақтар шешу:1)Қамшы үйірсе шартпа –шұрт,

Ұшқын шашар жарқ та –жұрқ. \найзағай\.

. 2)Алдымда тұрды ақ түбіт,бірақ ұстай алмадым.

Жүгіріп барып аптығып. \сағым\.

3)Сырнайынан төгіп жыр,күнге сәлем беріп тұр. \күнбағыс\.

Берілген сөздер тізбегін оқу,талдау.

Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау. Ойын:”Орнын тап” .

а та а па а на а ға

... ... ... ...

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.

Ғ Ға аға таға

Ғ ата ана апа аға

Балға,шалғы,шаңғы,ағаш-сөздерін буынға бөліп жазу.

7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Ағаш жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау.

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№28


Тақырыбы: Рр әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Рдыбысы және әрпімен таныстыру.Рдыбысы бар сөзгедыбыстық талдау

жасай білуге үйрету,ой-өрісін дамыту және бір-біріне деген қарым-

қатынасын нығайту.Жазбаша тапсырмалар орындау арқылы қолдың ұсақ

моторикасын дамыту,баспа түрде жазуды үйрету.

2.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлай білу

және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту.

3.Белсенді қызығушылығын дамыту,имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Өтілген дыбыстарды қайталау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1.Сөздерді оқу, сөйлем құрау:ата,апа,ана,аға,папа.

2. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен Рр әрпі және дыбысымен танысамыз. “Қарда”бар,”мұзда”жоқ”,

”Жарда”бар,”құзда жоқ”. \Рр\.



Рр-дауыссыз,үнді дыбыс..

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Ғғ,ғарыш,ғарышкер,балға,шалғы,шаңғы-

сөздеріне сөйлем құрау.

2.”Рахмет”,-деу керек десе,-онда бұл сөз қандай дыбыстан басталады?

Р әрпінен басталатын балалардың аттарын,заттардың атын атаңдар.

“Р”-ға тілің келе ме?

Қырларда құр- деші,

Жайылып жүр,-деші.

Біреуі қарауыл,

Қарайлап тұр,-деші,

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р-,деші,-деген өлеңді оқып беріп,соңғы жолын қайталату керек.

Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.\Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.\

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Үлгі бойынша сөздерді жазу.

7.Бекіту кезеңі: Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі1.Радио жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау.

Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы: Рр әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Рдыбысы және әрпімен таныстыру.

2.Сауатты оқи білуге,сөздерді жаза білуге машықтандыру.

3.Еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Өтілген дыбыстарды қайталау.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Рр,Ғғ

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен берілген сөздер тізбегін оқып,сурет бойынша әңгіме құраймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Арпа,парта,Анар,аттар,ара,таға,арна,Панар.

Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

2.Дыбыстық талдау жүргізу.

Сергіту сәті:. “Р”-ға тілің келе ме?

Қырларда құр- деші,

Жайылып жүр,-деші.

Біреуі қарауыл,

Қарайлап тұр,-деші,

Ал енді өзің-ақ

Р-р-р-р-,деші,-деген өлеңді оқып беріп,соңғы жолын қайталату керек



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.

\Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.\

2.Дәптермен жұмыс жүргізу. Үлгі бойынша сөздерді жазу.

3.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.

4.Ойын:”Жалғастыр”Анар,Раушан,Назгүл,Лаура,Айнаш,Шара,Ақмарал,лақ,қала



7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Орман жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.

9.Бағалау


Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

№30


Тақырыбы:Лл әрпі мен дыбысы.

Мақсаты: 1.Лл дыбысы және әрпімен таныстыру,өтілген дыбыстарды қайталай

отырып,Лл дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай

білуге,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

2.Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,

сөздер,сөйлемдер құрату,буын туралы түсінігін кеңейту.

3. Дүниетанымын кеңейтіп,белсенділікке тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.Р дыбысын қайталау. Тізбек бойынша

оқып шығу.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр



Талғат,Анар,Панар,арпа,парта.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен Лл әрпі және дыбысымен танысамыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Ала сиыр,лақ,ала күшік.

\тізбекпен оқу\.ла,ала,алға,тал,Талап,ра,ара,арал,тар,Талғат.

-Ата,нан ал. –Талғат, ... ал. –Анар,- ... ал.

2.Жаңылтпашты тез айтып,үйрену:Шіл пілге таңданыпты,



Піл шілге таңданыпты.

3.Ұйқас өлең: Лағым суға түсті ырғып,лайлады бұлақты.



Лайықсыз іс қылып,ластады құрақты.

4.Жұмбақтар: -Жүгіретін қуанып,бала біткен андыздап,қандай тәтті?\балмұздақ\



-Шабақ аңдып жағада,шарқ ұрады \шағала\.

-Үні ғажап,дүлдүл,бақта сайрап \бұлбұл\.

-Жағасында бұлақ,жайылып жүр \лақ\.

-Уылжыған албырт,дәмі ғажап \алмұрт\.

Лл-дауыссыз,үнді дыбыс .

Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.\Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.\

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Үлгі бойынша сөздерді жазу.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Лақ жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау.



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Лл дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1 Өтілген дыбыстарды қайталай отырып,Лл дыбысы бар сөзге

дыбыстық талдау жасауды,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге

үйрету.

2.Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту,

сөздер,сөйлемдер құрату,буын туралы түсінігін кеңейту.

3. Дүниетанымын кеңейтіп,белсенділікке тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,қайталау.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу:Лл

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен Лл дыбысы және әрпі жайлы әңгімелесеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Сөздерді тізбек бойынша айту.

Талғат, ... ал. –Анар, ...ал. –Талғат, ... арала.

2.Сюжетті сурет бойынша әңгіме құру. -Апа, ... ал. -... ал,апа.

Сергіту сәті

Қимылдатып саусақты

Оңға , солға бұрап көр.

Ұстап көріп моншақты

Әсем бейне құрап көр.

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.Лл,аталар,аналар,ағалар-жазу,дыбыстық талдау жасау.

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.

3.”Жоғалған әріпті тап ”ойыны.А...ар,Пан...р,Тала...,Тал...ат.



7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Лашын жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.

9.Бағалау



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Уу әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.У дыбысы және әрпімен таныстыру.Удыбысы бар сөзге дыбыстық

талдау жасай білуге үйрету.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата

білуге үйрету.Буын туралы түсінігін кеңейту.

2.Оқушылардың саусақтарын жазуға икемдеп,қол жаттықтыру,белсенді

қызығушылығын дамыту,дүниетанымын кеңейту.

3.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр,Лл

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен У дыбысы және әрпімен танысып, дауысты,дауыссыз дыбыстарды

ажырата білуді үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Дана балалармен бірге тоғайға саңырауқұлақ,

жидек теруге барады.Саңырауқұлаққа қызыққан Дана жалғыз қалып қояды.Дана

қорыққанынан айғай салады.

-Дана қалай айғайлады?

-А-уу-у-деп айғайлады.

-Дұрыс.Қане бәріміз де қайталап айтайық: а-аа-уу-у.

-Сөздің басында,соңында қандай дыбыс келеді?

2.-Міне,мынау У дыбысы.У дыбысы басқа дыбыстар сияқты емес,бірде дауысты,бірде дауыссыз дыбыстар қатарына жатады.У әрпінің жартысы қызыл,жартысы көк болатыны сондықтан.Сондықтан дыбыстық талдау жасағанда үнемі сұр текшемен белгілейміз.

Уу-дауысты,жуан дыбыс.

Сергіту сәті:Қуыр,қуыр қуырмаш,тауықтарға бидай шаш.

Әй,әй балақай,жамандықтан қаш.

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.У дыбысының бірде дауысты,бірде дауыссыз болатынын

түсіндіру. Ау,науа,тау,ну,ту,а-уа,на-уа,ау.

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Уу, У, у-жазу.



Зырылдауық-сөзін буынға бөлу,ла,ша,са,ау буындарына сөз құрау.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі.1.Тау жайлы әңгіме құрау.Сурет салу.

9.Бағалау



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы:Уу әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1. 1 Өтілген дыбыстарды қайталай отырып,Лл дыбысы бар сөзге

дыбыстық талдау жасауды,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге

үйрету.

2.Оқушылардың саусақтарын жазуға икемдеп,қол жаттықтыру,белсенді

қызығушылығын дамыту,дүниетанымын кеңейту.

3.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр,Лл

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен У дыбысы және әрпі туралы білімдерімізді толықтырамыз. Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді үйренеміз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Тау ,бау сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрату.

2.-Міне,мынау У дыбысы.У дыбысы басқа дыбыстар сияқты емес,бірде дауысты,бірде дауыссыз дыбыстар қатарына жатады.У әрпінің жартысы қызыл,жартысы көк болатыны сондықтан.Сондықтан дыбыстық талдау жасағанда үнемі сұр текшемен белгілейміз.

Уу-дауысты,жуан дыбыс.

Апа ,ата , ана ,аға ,ара ,ала , ауа сөздеріне талдау жасау

Сергіту сәті.



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.У дыбысының бірде дауысты,бірде дауыссыз болатынын

түсіндіру. Ту тулар тау таулар анау алтау Алатау алау сөздерінің мағынасын түсіндіру

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.Уу, У, у-жазу.



Зырылдауық-сөзін буынға бөлу,ла,ша,са,ау буындарына сөз құрау.

7.Бекіту кезеңі:Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі.

9.Бағалау




Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы:Қайталау.

Мақсаты: 1.Өтілген дыбыс,әріптерді қайталап,пысықтау.

2.Оқушылардың тілдік қорларын байыту,ой-пікірлерін еркін айта білуге

дағдыландыру.

3.Үлкендерді сыйлауға,әрдайым кішіпейіл болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,қайталау.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабаққа әзірліктерін тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.

Сурет бойынша сөйлем құрау.

3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр,Лл,Уу



Ау,тау,арал,парта,аттар,таға-осы сөздерге көптік жалғауын жалғап жаз.

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен өтілген дыбыс,әріптерді қайталап,пысықтаймыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Ойын:”Орнын тап”а...,т...,п...,ғ...,р...,л...,у... .

2.Осы сөздерді дауысты,дауыссызға бөлу .

Сергіту сәті

6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.\Сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.\

а)--------- --------- ---------.

ә)--------- ---------.

б)--------- --------- ---------.

2.Дәптермен жұмыс жүргізу.

Диктант: Аға,таға,апа,нан,аға,ара,ала, ауа,

Тапсырма:осы сөздерді буынға бөлу.



7.Бекіту кезеңі:

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Нан жайлы әңгіме құрау.

Сурет салу.

9.Бағалау




Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Шш әрпі,дыбысы.

Мақсаты: 1.Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Қол

жаттықтыру,дәптеріне Ш әрпінің баспа түрін жазуды үйрету.

2.Оқушыларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретіп,сөздік қорын

дамыту.


3. Әдемі,сауатты жазуға,әрдайым кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі:түсіндіру,әңгімелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге берілген тапсырмаларды пысықтау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

1. Көркем жазу: Аа,Тт,Пп,Нн,Ғғ,Рр,Лл,Уу

4.Мақсатын қою кезеңі:

Бүгін сендермен Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен танысамыз.

5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1.Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.Шш-әрпі,дыбысын таныстыру.

Ш-дауыссыз,қатаң дыбыс.Шш-сурет бойынша әңгіме құрау.

Тізбектеп оқу:шана,шаңғы,күшік,шырша,шортан,шаян,шағала.

а)Осы сөздерді буынға бөлу,талдау,сөйлем құрау.

Сергіту сәті



6.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Жаттығулар орындау.Сөйлемдер құрастыру.

2.Сөздер тізбегін оқу,талдау.

Ар-ша,шаш,шар,ша-ға-ла,ал-ша,ша-шу,шар,а-ла-ша.Алша-ағаш. Арша-ағаш.

3.Дәптермен жұмыс жүргізу.

Үлгі бойынша жазу.

7.Бекіту кезеңі:

ҚорытындылауЖұмбақтар шешу:

1.Еденді жаласа,қалдырмас үгінді.

Аузына таласа,бар қиқым жүгінді.\шаңсорғыш\.

2.Мінсем,төменге зу етемін,

Өрлесем,оны өзім сүйретемін.\шана\.

3.Аяғымда-басы қайқы қос сырық,

Таяғым да,қуады оны жостырып.\шаңғы\.

4.Үлкендігі бір сүйем,үрлегенде дәу бүйен.\шар\.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Шана жайлы әңгіме құрау.Сурет салу. 9.Бағалау



Әліппе Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Сабақтың тақырыбы:.Ш ш дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

-.Өтілген дыбыстарды қайталау..Дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.Буын туралы түсініктерін кеңейту.

-Баланы дыбыстарды дұрыс ажыратуға, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру,ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру.

-Адамгершілікке ,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Көркем жазуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,.

Көрнекілігі: Шш дыбысы бар сөздердің суреттері,слайдтар ,эл.оқулық

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

2.Өтілген әріптерді еске түсіру.

а) А а Тт Рр Лл Нн Пп

б) «Тез ойлан,жауап бер» ойыны . Суреттерді атап,буынға бөлу.

Жаңа сабақ

Өзіндік жұмыс

Тиісті әріптерді қой.

А..а, ар.. , ар..а, о..а,ор..л.

Жұмбақ шешу

Үрлеп алып ойнауға болады,

Жинап алып,байлауға болады.(Шар)

Оқушыларға шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты ататамын. Ш-ш-ш-ар

Шш- дыбысы дауыссыз дыбыс.

Сөздің басында,ортасында, соңында кездеседі

Суреттер бойынша жұмыс жүргізу..



Қолшатыр Моншақ Қысқаш Қылыш


Каталог: uploads -> doc -> 0e7b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e7b -> Тақырыбы: Қарты бар ел, қазыналы ел


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет