«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: - Графикалық сызба арқылы «оқу»;
- Кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
- Мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
- «Көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;
- Мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу.
«Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: - Ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
- Сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
- Мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;
- Мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
- Сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
- Есте сақтау арқылы жазу;
- Байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
- Өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.
Үй тапсырмасы: 1) Сауат ашу әдістемесінің мәселелері , ғылыми негіздері. 2) "Сауат ашу" пәнінің бағдарламасын талдау . 3) Сауат ашу пәнінде қолданылатын оқыту стратегиялары ,әдістері. 4) "САУАТ АШУ" ПӘНІ ОҚУЛЫҒЫМЕН ТАНЫСУ.1-сынып.1,2 бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |