Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері


Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді



бет8/11
Дата06.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#81211
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Sauat ashu 1241 distemesini 1187 1171 ylymi negizderi

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

  • Оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;
  • қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;
  • Әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;
  • Оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
  • Тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту; кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
  • Қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;
  • Сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;
  • Сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;
  • Танымдық қызығушылығы мен туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
  • Қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
  • Алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет