Кейіпкерді сипаттау
(МК) Оқушыларға «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып кейіпкерге қысқаша сипаттама жазу үлгісін көрсетіңіз. Оқушылар дұрыс жазу үшін сөйлем үлгілерін қолданыңыз. Мысалы: Ол ...адам, онда ...бар.
(Ө,ф) Оқушылар талқылаған кейіпкердің суретін салады. Астына кейіпкердің сипаттамасы берілген үлгіге сәйкес сөйлем түрінде жазады.
(Т) «Бағытталған жазу» әдісін қолдана отырып, оқушыларға тиісті сөздер мен дыбыстарды жазуға қолдау көрсетіңіз.
Жазылым дағдысы жоғары оқушыларға жайылма сөйлемдер жазуды ұсыныңыз.
Оқушылардың тыңдарманға түсінікті, әсер ететін сөйлем жазуын бағалаңыз.
2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қараңыз. Әр сөйлемді жазбас бұрын дауыстап оқыңыз, жазып болған соң қайталап оқыңыз. Кейіпкерге дұрыс сипаттама бергенін (сөйлемде дұрыс жазылғанын) тексеріңіз. Сырт көзге түсінікті ме? Тақтада жазылған сөздерге назар аудартыңыз.
Оқушыларға жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсырыңыз. Оқушылар бір сәт кейіпкерді танымаймын деп ойласын. Жазғандары арқылы оны тани алды ма?
1-бөлімдегі «Бағытталған жазу» әдісін қараңыз.
Сыныпта «Жазу бұрышын» жабдықтаңыз. Әртүрлі қағаз, қаламдар қойыңыз. Әртүрлі кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ бейнелерін де қойыңыз. Оқушылардың бос уақыттарында кейіпкерлерді суреттеп жазып, бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндіктері болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |