Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі



бет12/20
Дата12.03.2022
өлшемі164,02 Kb.
#135283
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
орфография мен орфоэпия аралық

Оқу нұсқаулығын пайдаланыңыз:

Сөйлем ішіндегі түсіп қалған сөздерді табу үлгісін көрсетіңіз. Сөйлемді соңына дейін оқып, түсіп қалған сөзге болжау жасатыңыз.
Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты ертегі, әңгіме, өлеңдер қолдануы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет (сабаққа белсенді қатыстыру) қайталаңыз, бірге айтыңыз.
Ұлттық кейіпкер туралы жинақ жасаңыз. Мысалы, Алдар көсе туралы
Кітап оқуға ыңғайлы орындықтары бар оқу бұрышын жасаңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кітаптарды қолдануға мүмкіндік беріңіз.
Оқушылардың оқылым дағдыларын қолдана білуіне назар аударыңыз.
Оқушыларға қолданылған суреттердегі детальдарға назар аударып, түсіндірме сөздер мен тіркестерді қайталауға тапсырма беріңіз. Бір кейіпкердің түрлі әңгімедегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
2-бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдісінің нұсқаулығын қараңыз. Оқушыларды оқу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Жеңіл кітаптар оқылым дағдысы төмен оқушыларға беріледі. Оқушыларға бірдей сұрақтар қойыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет