«Бағытталған оқуды» пайдаланыңыз:
Кітаптарды оқымас бұрын, оқушылар олардың мұқабасына қарап салыстырады. Айырмашылықтары бар ма? Ұқсастықтары ше? Бейкөркем кітаптардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз (ақпарат беру, болған оқиға туралы мағлұмат беру, бір заттың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, нұсқау беру). Бұл кітаптардың үлгілерін ашып көрсетіңіз. Оқушылар қандай айырмашылықтар табады? Жазулары немесе суреттерінде айырмашылықтар бар ма?
Оқушылардан спорт туралы ақпарат алғысы келсе, қандай кітаптар оқуы керектігін сұраңыз. Ал сапарға шығуды жоспарлау үшін ше? Ойын туралы сұрақтарға жауап беру үшін ше? Атақты адамдардың өмірі туралы мәлімет табу үшін ше?
Қарапайым нұсқау кітаптарының жинағын құрастырыңыз. Онда суреттер мен диаграммалардың, сізге қажетті заттар тізімінің, белгіленген нұсқаулардың бар екендігіне көз жеткізіңіз. Сыныпта кітаптарды оқушылар бос уақыттарында қолдана алатындай етіп оқу бұрышын жасап қойыңыз.
Оқушыларды оқу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Жеңілдеу кітаптар деңгейі төмен оқушыларға беріледі. Оқушылар бұл кітаптарды көркем шығармалармен салыстырады. Мысалы: қандай айырмашылықтары бар? Ұқсастықтары бар ма? Оқушылар басқа қандай айырмашылықтарын көрсете алады (суреттер, жазба т.б.).
Жылдам жауап беру үшін кітаптың мазмұнын қолданғандарды мақтаңыз.
Дыбыс, әріп туралы оқушылардың бұрынғы білімдерін қайталап, оқылым дағдыларына баса назар аударып отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |