Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі


Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау



бет13/20
Дата12.03.2022
өлшемі164,02 Kb.
#135283
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
орфография мен орфоэпия аралық

Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау
(Т) Оқушылар бірге оқыған кітаптағы суреттерді жинақтайды.
(Т) Әр шығармадағы бас кейіпкерлерді талқылатыңыз. Кейіпкердің мінезін, киген киімдерінің түр-түсін сипаттайтын бөлімдерді тапқызыңыз. Оқушылар әңгімені қайта қарап шығады. Оқушыларға кейіпкерді, оның іс-әрекетін, оқиғаларын сипаттайтын сөздерді табуға тапсырма беріңіз.
(Т) Оқушыларға үлкен параққа бас кейіпкердің мінездемесін жазуды тапсырыңыз. Әр сөздің қасына шығармадан нақты сол туралы тіркес немесе сөз жазылады. Мысалы, кейіпкер қалай суреттелген?
(Ж,Қ) «Сипаттау» ойынын ойнатыңыз. Оқушы өз кейіпкерін жанындағы досына сипаттайды. Ол түсінгенге дейін қандай дәлелдер немесе неше дәлел қолданды?
Оқу жетістіктерін бағалау:

Суреттерді (иллюстрацияларды) басты оқиғаларды тізбектеу үшін қайта құрастырыңыз. Оқушылар оны рет-ретімен дұрыс орналастырулары керек. Еске түсіру үшін кітапқа тағы бір қарап шығуды тапсырыңыз.
Оқушыларды кітап оқи алу деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Тапсырманы олар бірге оқыған кітаптан беріңіз. Шығармадағы кейіпкерді сипаттаудың екі жолы бар екенін түсіндіріңіз. Олар кім? Олар қандай адамдар?
Қандай кейіпкер? Оны қалай білеміз? Шығарманың қай жерінде ол туралы айтылады? Оларды біз қалай сипаттай аламыз? Мысалы: сыпайы, еңбекқор.
Сыныпта жасаған диаграмманы көрсетуге мүмкіндік беріңіз
Оқушылар деңгейлеріне қарай жұптарға бөлінеді. Бір-біріне теріс қарап отырады. Біреуі кейіпкердің суретін көрсетпей, оны ауызша сипаттайды. Екіншісі кейіпкерді табуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет