Сауат ашу Мектепке даярлық тобының күнтізбелік – тақырыптық жоспары



Дата27.12.2016
өлшемі353,83 Kb.
#5457
Сауат ашу

Мектепке даярлық тобының күнтізбелік – тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

Қолданылатын көрнекілік

Сағат саны

1

Балабақша (әңгіме құрастыру)

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді және сол арқылы әңгіме құрастыруды үйрету. Балабақшада балаларды өзара сыйластық, достық қарым – қатынасқа үйрету.

Ойын, оқу іс – әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастыру және сабақ барысында кішіпейіл болуға тәрбиелеу.



Балабақшаның іші, топ алаңдарының суреттері, слайдтар.

1

2

Күз кереметі (әңгіме құрастыру)

Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. «Күз кереметі» атты сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды үйрету.

Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы мағлұмат беру.



Күз мезгілі бейнеленген және көкөніс пен жемістердің суреттері, слайдтар.

1

3

Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.

Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары мен үй құстары туралы білімдерін кеңейту және сабақ барысында сұрақтарға жауап бергізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Ауылдың көрінісі бейнеленген суреттер, үй жануарлары мен үй құстарының суреттері.

1

4

Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жабайы аңдардың суреттері.

1

5

Сөйлеммен танысайық.

Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөніндегі мағлұмат беру.

Ойыншықтар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер

1

6

Сөзбен танысайық. Сөздер мен дыбыстар.

Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құрастынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

Ойыншықтар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

1

7

Буынға бөлейік.

Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға айтылған сөздерді жолақша (ақ қатты) қағазбен және сөздердің ұзынды, қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету. Есту қабілеттерін жетілдіру. Танып – білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойыншықтар, түстері әртүрлі, мөлшерлері бірдей екі машина, аю, қуыршақ, текше.

1

8

Дыбыс және әріппен танысайық.

Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту. Балаларды үй жануарларын сүюге, қамқорлық жасауға үйрету.

Сюжеттеу суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

1

9

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Балаларға дауысты дыбыс ерекшелігін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

1

10

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру.Ой – өрісін дамыту. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру.

Дидактикалық материалдар, еңбек құралдарының суреттері, қима әріптер, тірек сызба, суреттер.

1

11

А а дыбысы және әрпі

Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. А дыбысымен таныстыру.

Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларға а дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы олардың сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.



А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

1

12

Т т дыбысы және әрпі.

Т дыбысы және әрпімен таныстыру, бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыруды және сөдерді буынға бөлуді үйрету. Әдемі жазуға баулу және білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

1

13

П п дыбысы және әрпі

П дыбысы және әрпімен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыра білу дағдыларын дамыту.Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға баулу. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.

Парта, піл суреттері, кеспе әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.

1

14

Н н дыбысы және әрпі.

Н дыбысы және әрпімен таныстыру. Сұрақтарға бірден жауап бергізу арқылы ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Әліппе, сурет, кеспе әріптер, қима буындар: ла, ну, на, нау.

1

15

Ғ ғ дыбысы және әрпі

Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балаларға ғ дыбысына мысалдар келтірткізу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін білімдерін бекіту.

Кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

1

16

Р р дыбысы мен әрпі

Өткен әріптер еске түсіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Р дыбысы және әрпімен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыра білу дағдыларын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.

Шар, ара суреттері, кеспе әріптер, буындар, текшелер, иттің суреті.

1

17

Л л дыбысы және әрпі

Л дыбысы және әрпімен таныстыру. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер.

1

18

У у дыбысы және әрпі

У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу.

Әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.

1

19

Ш ш дыбысы және әрпі

Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Әріптер, буындар, текшелер.

1

20

Й й дыбысы және әрпі

Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысы кездесетін сөз құрату. Балалардың ой – өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Кеспе әріптер, суреттер.

1

21

О о дыбысы және әрпі.

О дыбысы және әрпімен таныстыру. Құрамында о дыбысы бар сөздерді талдау; о дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту, о дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту, сол сөздерді қатыстыртып, бірнеше сөйлем құрату. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба кесте.

1

22

Қ қ дыбысы және әрпі

Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті ойын арқылы балаларды ата – бабамыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.

Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба кесте.

1

23

Д д дыбысы және әрпі

Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөз ойлап, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырту арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.

Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба кесте.

1

24

М м дыбысы және әрпі

М дыбысы және әрпімен таныстыру, оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Дұрыс оқуға төселдіру. Достыққа тәрбиелеу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар

1

25

Б б дыбысы мен әрпі

Б дыбысы және әрпімен таныстыру. Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Кеспе әріптер, касса, сүреттер, текшелер

1

26

С с дыбысы және әрпі

Өткен дыбысты қайталата отырып, алған білімдерін бекіту. С дыбысы және әрпімен таныстыру; сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, «жұмбақтар» кітапшасы, с дыбысының баспа және

жазба түрі.



1

27

Ы ы дыбысы және әрпі

Жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың ойлауын, тілін дамыту. Тазалыққа, еңбекке баулу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

28

Ж ж дыбысы және әрпі

Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

29

Ұ ұ дыбысы және әрпі.

Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

30

Ң дыбысы және әрпі

Құрамында ң, н дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйрету. Ң дыбысы және әрпімен таныстыру. Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

31

Е е дыбысы және әрпі

Құрамында е дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйрету. Е дыбысы және әрпімен таныстыру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

32

К к дыбысы және әрпі

Құрамында к дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйреу. К дыбысы және әрпімен таныстыру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

33

І і дыбысы және әрпі

Құрамында і дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, і дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

34

Ә ә дыбысы және әрпі

Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру және осы сөздерді қатыстыртып, сөйлемдер құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

35

И и дыбысы және әрпі

И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. И дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру және осы сөздерді қатыстыртып, сөйлемдер құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балаларды таза, ұқыпты жүрүге тәрбиелеу. Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

36

З з дыбысы мен әрпі

З дыбысы және оның таңбасымен таныстыру. Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөлдіру және сурет арқылы заттың атату арқылы ойлау қабілеттерін арттыру мақсаты көзделеді.

Кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер

1

37

Ө ө дыбысы мен әрпі

Ө дыбысы және әрпімен таныстыру. Бір сызықтың бойына ө әрпін жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау. Ауызша сөйлеу тілдерін дамыту.

Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте

1

38

Ү ү дыбысы мен әрпі

Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте

1

39

Г г дыбысы мен әрпі

Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Г дыбысы сөздің қай буынында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату барсында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Мақсатты ойын арқылы білімдерін тиянақтау.

Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте

1

40

Я дыбысы және әрпі. Ю дыбысы және әрпі.

Балаларға я, ю дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Я, ю дыбыстарының қосарлы дауысты дыбыстар екенін мысалдар келтірту арқылы түсіндіру. Әртүрлі ойын ойнату, сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлануын дамыту. Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Кеспе әріптер, текшелер, суреттер, сөзжұмбақ

1

41

Х дыбысы және әрпі. Һ дыбысы және әрпі.

Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлемсөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту.

Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

1

42

В дыбысы және әрпі. Ф дыбысы және әрпі.

В,Ф дыбыстары және әріптерімен таныстыру. В,Ф дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Сюжеттік – рөлді ойын арқылы балалардың ой – өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

1

43

Ё дыбысы және әрпі. Э э дыбысы және әрпі.

Ё және э дыбыстары мен әріптерімен таныстырып, балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

1

44

Щ щ дыбысы мен әрпі

Щ дыбысы және әрпімен таныстыру. Щ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту ( буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту).

Кеспе әріптер, касса, монтер, елка, шахтер суреттері, әртүрлі текшелер.

1

45

Ц ц дыбысы мен әрпі. Ч ч дыбысы мен әрпі.

Ц, ч дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Ц, ч дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып, сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Аналогия бойынша қарым – қатынас орнату және ауыстыру қабілетін дамыту. Жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Кеспе әріптер, суреттер.

1

46

Жіңішкелік белгісі (ь). Айыру белгісі (ъ)

Балаларды жіңішкелік белгісі (ь) және (ъ) айыру белгісімен таныстыру, таныту. Осы белгілер арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Айыру белгісі (ъ) бар сөздерді оқыту арқылы балалардың білімі мен ой – өрісін, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, таза әдемі жазуға дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Кеспе әріптер, суреттер.

1

47

Буындардан сөз құра. Сурет бойыншаәңгіме құрастыру.

Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге баулу. Отансүйгіштікке, достық қарым –қатынасқа тәрбиелеу.

Суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреті.

1

48

«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны

Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау. «Жоғалған буын» ойынын ойната отырып, сөздер ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құруға және сөздерді дұрыс буынға бөлуді үйрету. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Әліпби, кеспе әріп кассасы.

1

1 технологиялық карта



Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Балабақша

Мақсаты: 1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету.Сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінің дамыту.

3. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар.

Сөздік жұмысы: байтағым, баулып.

Билингвальді компонент: балабақша-детский сад, қос қабатты-двухэтажный, жарық- светлый.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

  1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Жоғарыда шаңырақ ілінген. Балалар қолдарына түрлі түсті таспаларды алып, өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.

  • Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!

  • Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толсын!

  • Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толы болсын»




Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

  1. «Кім боламын?» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «болашақта» кім боласын?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

  1. Тыныштық сәтін өткізу.

Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көз алдарына балабақшаның, ойын алаңың елестетеді. Аулада өсірп тұрған гүлдердің иісін иіскейді. Көздерін ашып, алған әсрлерін баяндайды.

  1. Дәптердің 4-5 беттегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

  1. Н. Әлімқұловтың «Балабақшам – байлығым» немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін оқу. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер немесе слайдтар көрсетуге болады.

  2. Сергіту сәтін өткізу.

Бала, бала, баламыз,бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

(қимылмен көрсету)


  1. Дәптермен жұмыс.(4-5 беттер бойынша)

а) Педагог үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді. 5-беттегі үзік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу. Педагог балалардың жұмысын тексеріп, қалай сызу, штрихтау керектігін әр балаға көрсетіп жүреді.


Ойынға белсене қатынасу

Мұғалімнің айтқанын

орындау

Дәптермен жұмыс жасау

Мұғалімнің

айтқанын орындау

Бірге айту,

қимылмен

көрсету
Дәптерде

штрихтау


жұмысын жүргізу

Рефлексивтікүзетушілік

Оқу іс-әрекеті барысында алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.


Сұрақтарға

жауап беру



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: балабақша жайлы түсінік алу.

Нені игереді: дәптерге штрихтау жұмысын жүргізе алу.

Нені біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.

2 технологиялық карта



Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Күз кереметі

Мақсаты: 1. Күз мезгілінің ерекшелігі туралы сөйлем, әңгіме құрастыру. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінің дамыту.



3. Күз мезгіліндегі адам еңбегін балаларға таныстыру арқылы, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің, көкөністердің суреттері, слайдтар.

Сөздік жұмысы: бау, бақша.

Билингвальді компонент: жемістер – фрукты, көкөністер- овощи, бақ – сад, бақша- огород.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

Кел,балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Қадірлі боп жүрейік!


Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Жұмбактар шешу:

Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Бакшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)

Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

3.Сөздік жұмысын жүргізу.

Бақ - әртүрлі ағаш ( алма ағашы, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша - көкөністер (қауын қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.

4. «Дәміне карай ажырат» дидактикалық ойыны.

Ойыннын шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін табады.

5. а) 6-7-беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» такырыптарына әңгіме құрастыру. Педагог балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:

  • Суретте кыс мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

  • Бақта не өседі? (Алма, алмұрт, шие, т.б.).

  • Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады?

(Жемістер).

ә) Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу, оларды бояу. (б-бет).

6.«Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны.

Суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себеттің суреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызық арқылы себетке сызып көрсетеді.

7.Дәптердің 7- бетіндегі көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. “Бірдей шелекті боя” тапсырмасын орындату.

8.Сергіту сәтін өткізу.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ең далам,

Дариядай шалқып жүр.




Жұмбақтар-дың жауабын табу.
Мұғалімді мұқият тыңдау

Ойынға қатысып отыру


Суреттер бойынша әңгіме құрастыру,

сұрақтарға жауап беру


Дәптермен жұмыс жасау


Ойынға белсене қатынасу

Дәптермен жұмыс жасау

Қимылмен көрсету


Рефлексивтікүзетушілік

Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы сабақтың тақырыптары пысықталады.

    1. Күздің қандай кереметін сездіңдер?

    2. Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі?

    3. Суреттен жемістерді атаңдар.

    4. Көкөністер қайда өседі?


Сұрақтарға жауап беру

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: күз мезгілі жайлы түсінік алу

Нені игереді: дәптерге штрихтау жұмысын жүргізе алу.

Нені біледі: күз мезгілін сипаттау, әңгіме құрастыра білу.

3 технологиялық карта



Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.(Әңгіме құрастыру)

Мақсаты: 1. Ауыл туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

3. Үй құстары мен жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарлары мен үй құстарының суреттері, слайдтар.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.

Билингвальді компонент: қармақ- удочка, табиғат – природа, күркетауық- индюк, үй жануарлары- домашние животные.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.


Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог балаларға сұрақтар қояды.

- Бүгін ауа райы қандай?

- Айналада қандай өзгерістер бар?

- Жылдың қай мезгілі?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

3. Тыныштық сәтін өткізу.

Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан құстың сайрағанын, судың сылдырын, жапырақтардың шуылын және т.б. дыбыстарды тыңдайды және көздерін жұмып, табиғат аясын көз алдарына елестетеді.

4. Н. Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа да ауыл туралы әңгімені оқып беру. Әңгіменің мазмұнын ашуға қойылған сұрақтар:



  • Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

  • Бейбарыс кімнің қасында болды?

  • Атасымен бірге не істеді?

  • Шолпан кімнің қасында болды?

  • Әжесі екеуі не істеді?

  • Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

  • Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

  • Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен?

  • Шолпан қайда кетті?

  • Бейбарыс ше?

5.Сергіту сәтін өткізу.

Атамның алтын күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.
6.Дәптермен жұмыс.

а) 8-9-беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, цйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, тцйе, бота.

ә) Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтық балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу (8-9-беттер).

7. «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардыћ суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жа­нуарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.


Сұрақтарға жауап беру.

Мұғалімнің айтқанын орындау, мұқият тыңдау.

Әңгімені мұқият тыңдау, әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.

Қимылмен көрсету,бір-ге айту.

Дәптермен жұмыс жасау.

Ойынға белсене қатынасу.





Рефлексивтікүзетушілік

8.Сұрақ-жауап, көрнекі және түсіндіру әдістері арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау.

- Балалар сендер де ауылға ата-әжелеріне қонаққа барасыңдар ма?

- Ауыл сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Үй құстарына қандай қамқорлық жасау керек?

-Үй жануарлары мен құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар?


Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ауыл, ауылдың тыныс-тіршілігі туралы, үй жануарлары мен үй құстары жайлы түсінік алу.

Нені игереді: үй жануарлары мен үй құстарына қамқорлық жасау.

Нені біледі: ауыл жайлы әңгіме құрастыру, суреттермен жұмыс жасай білу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет