«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары



бет6/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4372
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Сауат ашу» пәні. 1-сынып

4-бөлім: Бізді қоршаған әлем

Осыған дейін меңгерілген білім

4 - бөлім бірінші және үшінші бөлімдерде қалыптасқан дағдыларға негізделеді. Оқушылар бейкөркем мәтіндерден ақпарат алуға мүмкіндік беретінін түсінеді. Сонымен қатар, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс оқуға дағдыланады.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде табиғат, ауа райы және маусымдар туралы сөз болады. Сонымен қатар, бұл бөлімнің «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәнімен байланысы бар. Мұғалімдер оқушыларға ұсынылатын тапсырмаларға сәйкес мәтіндер, тақпақтар немесе өлеңдер оқып беріп, оны қайталатуы керек.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» жалғасады. Бөлім табиғат туралы шағын мәтіндерді жазудан басталады. Оқушылар жай сөйлемдерді жаза отырып, тиісті тыныс белгілерді қолданады. Оқушылар оқылым және жазылым бөлімінде ауа райы және жыл мезгілдері туралы оқиды және жазады. Сонымен бірге, бұл бөлім оқушылардың бойында мәтінді оқу дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, сөздік қорларын молайтуға ықпал етеді. Бөлім мектеп маңындағы телімге, баққа, орман мен таулы жерлерге топсеруенге баруды да қамтиды.




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары







Дыбыс пен әріпті оқыту туралы 2-бөлімдегі нұсқаулықты қараңыз.

Сабақ барысында оқушылардың қажеттілігіне қарай ұсынылған оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолданып отырыңыз:



1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Бұл бөлімде е, к, ү, и, й, ғ, г дыбыстары мен әріптерін өтуіңізге болады.

Тұтасс оқу дағдысын қалыптастыруға назар аудару қажет.



Қатемен жұмыс нұсқаулығы

Қате түрлерін талдау жасап, қатемен жұмыс әдіс-тәсілін белгілеңіз. Жазба жұмысы барысында жіберілген қателері бойынша оқушыларды топтарға бөліп, қатемен жұмысты жүйелі ұйымдастырыңыз. Сөздерді қатесіз жазуға бағытталған жұмыс түрлерін түрлендіріп, мақсатты жүргізіңіз. «Сөйлеу қабырғаларына» қате жазылған сөздердің дұрыс нұсқасын оқушылармен бірге жазып, іліп қойыңыз. Оқушылар кез келген уақытта қайта оқып, есте сақтауына көмектеседі. Әр оқушыны жазба жұмысын өзі тексеруіне, қатесін табуға бағыттаңыз. Оқушылардың әрбір жетістігін мадақтап отырыңыз.






2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау


2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту


1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу
1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)


1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Табиғатты танимын







(Ұ) Бізді қоршаған орта мен табиғат әлемі туралы сабақ өтетінін түсіндіріңіз. Таңдаған тақырыбыңыз жайында сурет немесе фильм көрсетіңіз.

(Т) Оқушыларға суреттерге жақсылап қарауға және қоршаған ортаның таныс элементтерді айқындауға мүмкіндік беріңіз. Олардың көрге және барған жерлерін еске түсіруге көмектесіңіз. Егер оқушылардың сұрақтары болса, жауап беріңіз. Көрсетілген суреттер туралы ойлануға және сұрақтар қоюға ынталандырыңыз.

(МК) Оқушыларға берілген сұрақтарға жауап ретінде ақпараттарды қолдануды үйрету үшін, табиғи әлем тақырыбындағы бейкөркем мәтіндерді қолданыңыз.(Т,Қ) Оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап табуға, мәтіннің жанрын анықтауға (ертегі/ертегі емес) жаттығулары үшін оқушылардың оқу деңгейіне сәйкес бейкөркем мәтіннен үзінді іріктеп алыңыз.

«Бағытталған оқу» әдісін қолданыңыз:

  • кітапқа кіріспе;

  • тексеру стратегиясы;

  • өз бетінше оқу,

  • мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.

Оқу жетістіктерін бағалау: ақпараттарды қаншалықты тиімді қолданатынын бағалаңыз.


Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа қатысты әңгіме, өлең, тақпақтарды қолдануы керек. Оқушыларға түсінікті болу үшін оларды бірнеше рет қайталаңыз. Басқа пәнде өтілген тақырыптармен байланыстыруға талпыныңыз. Мысалы, Жаратылыстану, Дүниетану пәні: таулар, ормандар.

Табиғатқа байланысты бейкөркем кітаптар жинағын жасаңыз. Кітап оқуға ыңғайлы орындықтары бар оқу бұрышын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бос уақыттарында кітаптарды қолдануға мүмкіндік беріңіз.

Үлкен қағазға оқушылардың мына сұрақтарға жауаптарын жазыңыз:

Б ( не Білемін)

Б (нені Білгім келеді)

Ү-ге орын қалдырыңыз. (нені Үйрендім)

Оқушылардың бейкөркем мәтін берілген кітаптардың ерекшеліктерін білетіндіктерін (сұрақтарға жауап беруге көмектесетінін) және көркем шығармамен кейбір айырмашылықтарын білетіндіктерін тексеріңіз.

Кейбір сұрақтарға жауап беруге көмектесетін кітаптарды анықтауды тапсырыңыз.

Жауаптарды жылдам табуға арналған тәсілдерді (кітаптың мазмұны, әліпби ретімен берілген анықтамалықтар т.б.) қолдануын мадақтаңыз.

Тапсырманы сыныппен орындағаннан кейін, оқу қабілеттеріне қарай оқушыларды топтарға біріктіріңіз. «Бағытталған оқу» әдісін қайталаңыз.

2-бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдісі туралы нұсқаулықты қараңыз. Оқушылардың оқу деңгейлеріне қарай кітап таңдаңыз.



ББҮ кестесіне қосымша оқушылардың қойған сұрақтарын жазыңыз. Оқылым кезеңдеріне баса назар аударыңыз және мәтінде кездесетін дыбыстар туралы білімдерін қолдануға мүмкіндік беріңіз

(буындап оқу).




Қазақстанның сұлу табиғаты жайлы суреттерді мына сайттан алуға болады:
http://travel.nationalgeographic.com/travel/countries/seven-stans-photos/#/glaciel-lake-northern-inylchek_12276_600x450.jpg


2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

3.4 Оқыған/тыңдаған

материалдардың мазмұнын жазу
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау



1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау




Серуенге шығамыз (таңдау бойынша)







(Ұ) Топпен серуенге шықпас бұрын оқушыларға мәлімет беріңіз. Қайда барады/ кіммен кездеседі т.б. Сапар барысында туындайтын сұрақтар туралы оқушыларды ойландырыңыз. Әр оқушыға жеке немесе жұпта сұрақ беріңіз.

(Ө) Серуен барысында әр оқушыға сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беріңіз. Өздерінің қызығушылығын оятатын қосымша сұрақтар қоюға, жазуға (сурет салуға) оқушыларды ынталандырыңыз.

(Т,Қ) Серуен аяқталған соң оқушыларға жұпта не үйренгендіктері туралы ойларын бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Оқушыларға мүмкіндігінше көбірек жазуға, сурет салуға тапсырма беріңіз. Сыныпты әр топтың пікірін барлығы ести алатындай ұйымдастырыңыз.


Оқушыларды табиғат аясына апарыңыз. Мысалы: орман, тау т.б. Мүмкіндік болса, ол жерде оқушылардың сұрақтарына жауап беретін гидтің болғаны дұрыс. Егер табиғат аясына шығу мүмкін болмаса (сапар туралы оқушыларға мағлұмат беру үшін) оқушыларға табиғат туралы фильм көрсетіңіз. Фильмді оқушыларға бірнеше рет көрсетіңіз. Олар сұрақ дайындауға және оған жауап іздеуге мүмкіндік алады.

Әр оқушының сұрағын анықтап жаздырыңыз. Оқушылардың деңгейлеріне қарай жұптастыруға болады.

Оқушылар мағлұматтарын топтарда бөлісу үшін:


  • Оқушыларды араластырып топтарға біріктіріңіз. Әр топты әріптермен белгілеңіз. «А», «Ә», «Б» тобы т.б. және әр топ мүшесін «1», «2», «3» деп сандармен белгілеңіз.

  • Әр топқа өз арасында не үйренгендіктерін айтуға 10-15 минут уақыт беріңіз. Олар жақсылап тыңдап, көбірек ақпаратты есте сақтауға талпынулары тиіс. Оқушылар көмек ретінде, қысқаша мәлімет жазып алуына немесе сурет салуына болады.

  • Енді топтар мен оқушыларды араластырыңыз. Мысалы, «1», «2», «3» санды оқушылар жаңа топ құрайды. Әр оқушы жаңа топта, алдыңғы топта алған мәліметтерімен толық бөліседі.

Жұмбақтар

http://www.balakai.kz/publ/zh_mba_tar/zhanuarlar_turaly_zh_mba_tar/10-1-0-202

3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.7 Қатені табу және түзету

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу


1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін толықтырып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.8.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)


Табиғат жайлы постержасаймын







(Ұ) Оқушыларды ойындар арқылы сөйлем құрастырып айтуға жаттықтырыңыз. Мысалы: «Сен білесің бе?» т.б. Әр оқушы табиғат аясына шыққанда көргені жайлы немесе оқыған кітаптарынан түсінгендерін айтады.

(МК) Оқушыларға табиғат аясында көргендерін өзгелермен бөлісу үшін керемет постер жасайтындықтарын айтыңыз. Қалай жазу керектігін көрсету үшін 2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Мысалы: «Сен білесің бе?» Сұрақ белгілерін, нүкте, леп белгілерін қолдануды үйретіңіз (көрсетіңіз). Сөйлем құрастыру кезінде оқушылар сөздер, символдар, белгілер мен суреттер қолдана алады.

(Т) «Сен білесің бе?» сұрағына қосымша жауап жазу үшін оқушылар топпен жұмыс істейді. Деңгейі жоғары оқушылар қосымша мәліметтер жаза алады. Қалғандары жай сұраққа жауап жазады.

Оқушыларды қызығушылығын оятатын мәліметтерді жазуға қолдау көрсету үшін «Бірлесіп жазу» нұсқаулығын қолданыңыз. Қажет жерлерге сұрақ белгісін, леп белгісін қоюға үйретіңіз.

(Ұ) Постер жасау үшін әр топтың сөйлемдерін үлкен параққа суреттермен бірге іліп қойыңыз. Постер тақырыбын топ мүшелерімен келісіп таңдаңыз.


Оқушыларды шеңбер бойына отырғызыңыз. Әр оқушы «Сен білесің бе?» деп бастап өзі үйренген мағлұматты айтады. Келесі оқушы, «Жоқ білген жоқпын немесе білемін, бірақ сен мынаны білесің бе ?» деп басқа мәлімет айтады. Оқушылар өз ойларын толығымен бөліседі.

Оқушылар ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанын жаңа мәліметтермен толықтырады.

2- бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісі нұсқаулығын қараңыз. Туристік постерлер үлгілерін оқушыларға көрсетіңіз.

Сұрақтар мен жауаптарды жазыңыз. Алматы алманың отаны екендігін білесің бе? Тянь-Шань орманында әлем бойынша тек алма ағаштарынан тұратын орман бар.

Оқушыларды деңгейлеріне қарай топтарға біріктіріңіз. Көргені немесе оқығандары жайлы ББҮ әдісін қолдануларын ескертіңіз. Жер-су және адам аттарын дұрыс жазуларын қадағалаңыз.

Оқушылар сөйлемдерін шимай параққа жазып, соңғы нұсқасын таза дәптерге жазады.

1-бөлімдегі жазу нұсқаулығын қараңыз.

Постерге табиғат туралы тақырып таңдаңыз. Мысалы, «Біздің ғажайып ормандарымыз», «Керемет әлем» т.б.






1.4 Оқиғаны болжау

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту




1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)




Ауа райы туралы өлең оқимын







(Ұ) Оқушыларға әр түрлі ауа райы туралы өлеңді дауыстап оқыңыз. Қай өлең және неліктен ұнайтынын сұраңыз. Оқушылар сізбен бірге қайталайды. Іс-әрекет немесе музыка қосыңыз.

(Т) «Бағытталған оқу» әдісін қолданыңыз:

  • кітапқа кіріспе;

  • тексеру стратегиясы;

  • өз бетінше оқу;

  • мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.

Кей өлеңдерді топпен/хормен оқыңыз. Оқушылардың кейбір дыбыстарды, сөздерді мәнерлеп оқуына мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардан өлеңнің ұнаған тұстарын (қызықты, күлдіргі) түсіндірулерін тапсырма ретінде беріңіз. Айтылған оймен келісіп, келіспейтіндіктерін сұраңыз. Ойларымыз бір жерден шықты ма? Басқаша ой айтатындар бар ма?



(Ө,Қ) Оқушылардан өлеңнің ұнаған тұстары мен сөздері туралы, қарапайым тілмен түсіндірулерін сұраңыз.

Сынып бөлмесіне кітаптарды оқушылар бос уақыттарында қолдана алатындай етіп іліп қойыңыз.

Оқушыларға қайталанатын сөздерді, ұйқастарды анықтауды тапсырыңыз. Негізгі сұрақтар: Өлең не туралы? Ұнады ма? Неліктен ұнады? Өлеңді оқығанда есіңе не түседі? Қызықты тұстарын айта аласың ба? Бірдей сөздер бар ма? Қай өлең ұнады? Айтылған ойларға қосыласың ба? Әлде өзгеше ойлайсың ба?

Оқушыларды оқу қабілеттеріне қарай топтарға біріктіріңіз. 2 -бөлімдегі «Бағытталған оқу» әдістемесі туралы нұсқаулықты қайталаңыз

Оқушылардың өлеңді дұрыс оқуларына назар аударыңыз (орфоэпия). Жаңадан үйренген дыбыстарды/әріптерді қайталауға мүмкіндік беріңіз.

Оқушылар ұнаған өлеңдерін жазады. Түрлі-түсті қаламмен өлеңнің ұнаған жерлерінің астын сызады. Өлеңнің айналасына ескерту жазуды үйретіңіз. Мысалы: өзге өлеңдермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары.





2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту




1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту



Ауа райын сипаттаймын







(Ұ) Оқушыларға сыныптағы заттарды ауа райы символдарына сәйкестендіріп топтарға біріктіріңіз. Заттардың атын атауға немесе жаңа аттар ойлап табуға ынталандырыңыз.

Сын есімдері бар карточкалар құрастырыңыз. Берілген сын есімдерге байланысты жыл мезгілдерін айтқызыңыз. Мысалы, ыстық, суық т.б.



(Т) Ауа райы туралы фильм немесе суреттер көрсетіңіз. Оқушылар қай жыл мезгілі екенін табулары тиіс. Көргендерін қызықты сөздермен, тіркестермен сипаттай ала ма? Оқушылар суреттің немесе фильмнің ішінде жүрміз деп есептесін. Олар нені естіп, не көріп және нені сезінер еді?

Карточкаларға ауа райын сипаттауға қажетті сын есімдер жазыңыз (ыстық, суық, салқын т.б.). Оқушыларға жаңа сөздерді де қосыңыз. Ауа райына қатысты белгілерді (суреттер де болуы мүмкін) сынып қабырғасына айналдыра іліңіз (жаңбырлы, қарлы, т.б.). Ал сыныптың ортасына әртүрлі заттар қойыңыз (қолшатыр, крем, шарф т.б.). Оқушылар заттарды тиісті суреттермен топтастырулары қажет. Неліктен олай топтастырғандарын оқушылар түсіндіруі керек.

Ауа райы туралы сөздердің жанына заттардың (артефакт) да суретін іліңіз.

Оқушылардың ұсыныстарын да іліп қойыңыз.





3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

3.7 Қатені табу және түзету


1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)


1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету


Ауа райы туралы өлең жазамын







(МК) Оқушылардың көмегімен «Бірлесіп жазу» әдісін қолдана отырып шуақты күн туралы өлең жазуды көрсетіңіз. Лексиканы қолдануды үйретіңіз. Сөздер мен сөз тіркестерін біріктіріп, қарапайым өлең нұсқасын жазыңыз.

(Ө,Қ) Берілген құрылымға сәйкес оқушыларға кез келген ауа райы туралы өлең/тақпақ жазуды тапсырыңыз. Дұрыс айтып, дұрыс ұйқастырғандарды мақтап отырыңыз. Сөздердің емлесіне назар аударыңыз, оқушылардың орфография бойынша зеректігін дамытуға назар аударыңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • сөздерді түсінікті , дұрыс, анық, қатесіз жазуын;

  • оқушылардың ауа райын сипаттау үшін тіркестерді қолдана алуын;

  • сипаттау үшін сөздерді тиімді қолдана алу қабілетін бағалаңыз.

(Т) Оқушылар жазған өлеңдерінің қателерін түзетуге, қызықты етіп жазуға, сипаттауларында нақты детальдарды қолдануларына көмектесу үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз.

Басқа да ауа райының түрлеріне арнап өлең жазуға рұқсат беріңіз. Жазылған өлеңдерді тақтаға іліңіз және оқушыларға дауыстап оқуға мүмкіндік беріңіз.



2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдістемеісінің нұсқаулығына қараңыз. Басқа ауа райына да қолдануға болатын қарапайым өлең құрылымын дайындаңыз. Кез келген ауа райы туралы өлеңді көшіріп жазыңыз немесе өзіңіз құрастырыңыз.

Бүгін _______, біз шынымен _________

Мен _______ сеземін.

Мен _________ көремін.

Айналамның бәрі ___________

Ауа райы шынымен ________

Бұл _______ (мезгіл).

Таңдалған сөздерге (әрбір қатарға, ұйқасына) назар аударыңыз.

Қызықты ма?

Ауа райын дұрыс (жағымды) суреттей ме?

Өлең әрқашан ұйқаса бермейді, сондықтан еркін стильде жазылуы мүмкін.

1-бөлімдегі «Бағытталған жазу» әдістемесінің нұсқаулығын қараңыз.








«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

5-бөлім: Саяхат

Осыған дейін меңгерілген білім

5-бөлімоқушылардың алдыңғы екі тоқсанда алған білімдері мен дағдыларына сүйенеді.. Оқушылар көркем және бейкөркем мәтін үлгілерімен таныс болуы керек, жанрын (ертегі, өлең) ажырата білуі және өлеңді мәнерлеп оқи білуі керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлім «Демалыс пен саяхат» тақырыбын қамтиды. Алғашқы географиялық білім ретінде картамен жұмыс жасау ұсынылады. Бөлімде жекелеген дыбыстарды жиі қайталатып, оқыту керек. Сол сияқты жазу емлесін үйрене бастайды. Мұғалім тапсырмаларға сәйкес келетін әңгімелер мен өлеңдерді айтады және оқушылардың өзімен бірге қайталауына мүмкіндік береді.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» жалғасады. Бөлім таңқаларлық саяхат туралы қиялдан туған әңгімелер құрастырып, сол бойынша көріністер қояды. Оқушылар арманындағы саяхат туралы айту үшін драманы пайдаланады, мереке туралы хаттар мен постерлерді жазып, оқиды, ұнатқан жерлерінде болып, оларды суретке түсіру жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет