«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары



бет2/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4372
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Оқу бағдарлама сына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары





(МК) Оқушылармен артикуляциялық жаттығулар орындап, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтау жолдарын көрсетіңіз.

Сөздерді буынға бөліп айтқызыңыз. Сөзде қанша буын барын анықтату, оң қолды иектің астына қойып сөзді дыбыстау, әр буын сайын жақ сүйек қозғалып, қолды төмен қарай жылжытатынын бақылайды немесе қол соғу арқылы сөздегі буын санын анықтай алады.

Алғашқы күннен оқушылардың дыбыстарды анық дыбыстап сөйлеуіне назар аудару керек.

Артикуляциялық жаттығуларды айна көмегімен ұйымдастырыңыз. Дыбыстарды жеке дыбыстау барысында айнаға қарап сөйлеу аппаратының (ауыз қуысы мүшелерінің) қозғалысын бақылайды, қорытынды жасайды. Оқушылар сөз, буын, дауысты және дауыссыз дыбыс ұғымдарын толық меңгергенше жұмысты жалғастырыңыз. Сөздің графикалық сызбасы, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс белгілерін қолдануын ұйымдастырыңыз.



Бөлімде әліппеге дейінгі кезең қамтылады. Осы кезеңде тіл дамыту, буын, сөз, сөйлем құрау, жазуға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолданумен қатар «Сөйлеу қабырғаларына» оқушыларға көмекші болатын тақырыпқа сәйкес суреттер мен көрнекіліктерді қолдануды ұмытпаңыз. Әріптермен танысқанға дейін мынадай жұмыстар жүргізуді ұсынамыз:



  • артикуляциялық жаттығулар;

  • ұйқастар, өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды айтып тіл ұстарту;

  • сұраққа толық сөйлеммен жауап беру;

  • «сөйлем - сөз – буын – дыбыс» ажырата білу және графикалық сызбасын оқу, сызба бойынша буын/сөз/сөйлем құрастыру.



http://kz-en.ru/index/skazki_na_kazakhskom/0-9

Балаларға арналған өлеңдер, санамақтар: www.balakai.kz/



http://kz-en.ru/index/zh_mba_zagadki_na_kazakhskom_jazyke/0-8


1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту


1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану


1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


Кел, танысайық!







(МК,Ұ) Оқушыларға бір-бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқалайды.

- Сенің атың кім?

- Сен неше жастасың?

- Саған қандай ойындар ұнайды?

- Сенің сүйікті ойыншығың/затың?

Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан-жақты сипаттаудан бастаңыз.



(Ұ) Оқушыларды сіз ұстаған зат бойынша көбірек сұрақ қоюға ынталандырыңыз, жетекші сұрақтардың көмегімен мазмұндауға үйрете бастаңыз.

(МК,Ұ) Дыбыстарды анық дұрыс айтуы үшін қолайна қолданып артикуляциялық жаттығуларды орындатыңыз. Сөз құрамындағы дыбыстарды анықтатыңыз, сөздің графикалық сызбасымен жұмыс ұйымдастырыңыз. Сөзді буынға бөлу тәсілін көрсетіңіз.

(Ұ) «Өз есіміңді буынға бөле аласың ба?» ойынын ұйымдастырыңыз.

(Ж,Қ) Берілген суреттердің атауын буынға бөліп, сөздердің буын санына қарай суреттерді топтастырады. Буынға дұрыс бөлуін бағалайды.

(Ұ,Қ) Оқушыларды тұрғызып, ойыншықты қолданып бір-біріне сұрақ қойып, сұрақтарына жауап беруін ұйымдастырыңыз. Толық жауап берген оқушыларды мадақтаңыз.

Тіл дамыту жұмыстарын бірнеше сағат жалғастырыңыз.



(МК,Ө) Оқушыларға дәптерді қолдану, қаламды дұрыс ұстау үлгісін көрсетіңіз. Өздерінің не білетінін көрсетуге мүмкіндік беріңіз. Саусақтарға арналған жаттығулар жасатыңыз (ермексаз қолдануыңызға болады). Жазу бағытын, көлбеу сызық, таяқша, т.б. элементтерді ауада, тақтада жаздырыңыз. Оқушылар өзіне сенімді болуы үшін қарындашпен жазуға да болады. Сөз, сөйлем сызбаларын салуды үйретіңіз.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • Оқушылар ақпараттың бір немесе бірнеше бөлігін есте сақтай алды;

  • Оқушылар жұппен жұмыс істеген кезде бір-біріне кезек беріп сөйлей алады.

Оқушылар үшін пайдалы болатын затты анықтап алыңыз, (мысалы, ойыншықтар, киімдер, мектеп құралдары). Оқушының қызығушылығына сәйкес келетін сөздік қор мен сұрақтар үлгісін көрсетіңіз. «Бұл зат сізге неге ұнайды? Сіз оны қайдан алдыңыз?» т.б.

Өзіңіз оқушылар тарапынан қойылуы мүмкін деген кейбір сұрақтарды алдын ала болжап жазып қойыңыз және оның ішінде қайсысы тақырыпты ашуға көмектесетінін анықтап, сабақ барысын соған сәйкестендіріп құрыңыз. Мысалы: Сіз оны қашаннан бері ұстап жүрсіз? Ол сізге неліктен қымбат? т.б. Мағыналы сұрақ қойған оқушыларды мадақтаңыз. Жақсы қойылған сұрақтарды кейінірек еске салу үшін жазып отырыңыз.

Тақырыпты толығырақ ашу үшін:
әңгімелер, өлең-тақпақтар, шағын ертегілер, жұмбақ және санамақтар айтыңыз. Бірнеше рет қайталап оқушылардың ертегі, өлең және санамақты жаттап, есте сақтап алуына және өздері айтуына мүмкіндік беріңіз.

Интерактивті ойындар ойнату үшін қосымша құралдар қажет болады. Мысалы: қандай да бір фонемадан басталатын заттар, суреттер, т.с.с

Әрқашан оқушылар жаңа ортада екенін назардан шығармаңыз. Оқуға барынша жағымды орта құруға, оқушылардың өзін таныстыруына мүмкіндік жасаңыз. Сыныптағы тәртіп ережелерін оқушылармен ақылдасып құрыңыз. Бұл ережелерді басшылыққа алыңыз.


Қазақ тілінің дыбыстары мен әріптеріне арналған ойын түрлері

http://erketai.kz/category/balalarga/ertegiler-alemi/


http://www.labirint.ru/books/200665/


1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту


1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау



1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау


1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу





Маған ұнайтын өлеңдер







(Ұ) Бірнеше күн бойы оқушылардың сүйікті заттары туралы дауыстап өлеңдер оқыңыз. Мысалы, ойыншықтар, ұнайтын жерлері немесе ойындар туралы. Олардан нені жақсы көретінін және неліктен жақсы көретінін сұраңыз.

(Т) Кейбір өлеңдерді оқушылармен бірге дауыстап оқыңыз. Өлеңнің ерекше ұнаған тұстарын айтқызыңыз. Мысалы: ұйқас, мәтіндегі оқушының күлкісін тудыратын сөздер (мысалы: өтірік өлеңдер т.б) және қызықты суреттер. Бір-бірімен келісе ме, келіспей ме соны біліңіз. Барлығының ой-пікірі бірдей ме? Әлде әркімнің ойы әртүрлі ме?

(Ө,Қ) Оқушылардың өлеңдегі өздеріне ұнаған сөздері мен шумақтары туралы ойларын сұраңыз. Өлеңдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тапқызыңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау::



  • өлең туралы шағын пікір айта алады.

  • өлеңді ұнататын/ұнатпайтынын қарапайым дәлелдер келтіре отырып түсіндіреді.

(Ұ) Өлеңді әндетіп айтыңыз және оны орындауға оқушыларды тартыңыз. Өлеңге іс-қимыл немесе әуен қосыңыз.

Мысалы:


– .

.



  • .




Кабинетте сынып кітапханасы болуы керек, оқушылар ол кітаптарды жұмыс істеуге қажет болған жағдайда сабақ үстінде немесе үзіліс кезінде қолдана алады. Сабақ барысында әртүрлі кітаптарды көрсетіңіз және халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланыңыз, жаттатыңыз, оқушыларға оқып беріңіз.

Тыңдалған шығармалардағы қайталанатын сөздерді немесе ұйқасты тапқызыңыз.

Оқушылармен талқылауға мынадай сұрақтар ұсынылады:


  • Берілген өлең не туралы?

  • Сендерге өлең ұнады ма? Неліктен ұнады?

  • Бұл өлең нені еске түсірді?

  • Мәтіннің қай бөлігінде сенің күлкің келді?

  • Қай сөздер ұқсас болып естіледі?

  • Ең ұнаған өлең қайсы?

  • Бәріміздің ойымыз бір жерден шығып отыр ма, әлде әркімнің ойы әртүрлі ме? т.б.



Бастауыш сыныпқа арналған сергіту сәттері

http://sc0018.kokshetau.akmoedu.kz/


1.6 Тыңдаушының назарын аудару

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау


1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау


1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Менің ұнататын заттарым/ Менің жақсы көретін туыстарым







(Т) Оқушыларды өздерінің ұнататын заттарын бір-біріне көрсетуі әрі түсіндіруі үшін шағын топтар ұйымдастырыңыз. Топпен жұмыс істеу барысында оқушылар бір-біріне өздерінің сүйікті заттарын (ойыншықтарын) көрсетіп, олар туралы айтып береді.

(Ұ) Сынып оқушыларымен бір-біріне қоятын сұрақтарды анықтап алыңыз.

(Ж,Қ) Оқушылар жұптасып, өзара сұрақ қояды, оларға жауап береді. «Менің нағашым», «Мен атамның немересімін» т.б. тақырыбында ойын ойнау арқылы өз ата-әжесін, нағашыларын, өзін (атасы, әжесі, ағасы т.б) мақтау. Жұпта бірі-біріне нағашылары, ата-әжелері туралы сұрақтар қойып, оларға жауап береді. Оқушылардың дұрыс сұрақ қоя білуіне назар аударыңыз. Ол оқушылардың сұрақ қою қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Бұл тапсырманы жұптағы оқушылардың орнын ауыстыра отырып, бірнеше рет қайталатып және әрдайым қойылған сұрақтарды жетілдіріп отыру керек.

(Ұ) Нағашы, немере сөзін буынға бөлу. Сөзден н дыбысын бөліп алып, «Бұл мен» әдісі арқылы қолайнаға қарап дыбыстау арқылы ауыз қуысындағы өзгеріске назар аударту. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • тақырыпқа сай, орынды сұрақтар қоюын;

  • оқушылардың қарапайым сөздерді қатыстырып сөйлем құруын;

  • қарапайым сұрақтарға жауап беруін. бағалаңыз

Оқушыларға өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын немесе сүйікті жерлерінің суреттерін, фотоларын алып келуді тапсырыңыз.

Фото, сурет әкелген оқушылар коллаж немесе суретті кітап құрастырады.

Алдында қойылған сұрақтарды қайта қарап шығыңыз. Мағыналы сұрақтарды жазып алып, постер ретінде қабырғаға іліңіз. Сұрау есімдіктерін пайдаланыңыз. Мысалы: кім? не? неге? қашан?

Мағыналы/қызықты сұрақтар қойған және сұрақтарға нақты жауап берген оқушыларды, сонымен қатар көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларды бақылап, аты-жөндерін белгілеп отырыңыз.

Дыбысты дыбыстату арқылы оқушыларға дыбыстау кезінде ауыз қуысындағы өзгеріс пен кедергілер туралы айтуларына және дыбыстың дауыссыз соның ішінде үнді дауыссыз екеніне оқушылардың өздерінің көздерін жеткізіп айтуларына мүмкіндік беріңіз.


Балаларға арналған ойындар:

www.playhead.net/kz/games/for_boys/


2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
3.8 Каллиграфиялық нормаларды сақтау


1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Мен ақынмын







(МК) Оқушылармен біріге отырып сыныптағы заттар туралы қарапайым өлең жазудың (ауызша) үлгісін көрсетіңіз. Сөздер мен сөз тіркестерін, суреттерді, символдар мен белгілерді, сызбаларды іріктеп алып, оларды қарапайым шумақтар немесе тақпақтар жазу үшін қолданыңыздар.

(Т,Ө) Оқушылар өздеріне ұнайтын затты, өздерінің идеяларын суреттердің, сызбалардың және белгілердің көмегімен жеткізеді. Жаза білетін оқушыларға сөздер мен сөйлемдерді жазуды тапсыруға болады.

(Ұ,К) Оқушылар өз бетімен сызбалар мен суреттерді, белгілерді қолданып, топтық өлең құрастырады. Олардың құрастырған өлеңдерін оқушыларға оқыңыз. Олар бір-бірінің сөздерін ажырата ала ма\өлең мағынасын түсіне ала ма? Олар аяқталған өлең туралы не ойлайды? Өлеңнің қай тұстары ұнайды?

(Ұ,Т) «Бағытталған жазу» әдісін қолдануыңызға болады. Оқушылардың өз бетімен жазған тіркестерін топтық өлең жазу үшін біріктіріңіз. Өлеңдерді сыныпта қайталатыңыз. Олар бір-бірінің заттарын тани ала ма? Жазылған өлеңдер туралы не ойлайды? Қай бөлімдері ұнады?

Оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріп құрастырған өлеңдерін аудиожазбаға жазып алуыңызға болады.




Қарапайым өлеңнің жазылу үлгісін көрсеткенде алдынғы сабақта оқыған өлеңдердің құрылымын жүйе ретінде пайдаланыңыз.

Оқушылардың топпен немесе өз бетінше жұмыс жасауын таңдаңыз. Оқушыларға өз бетінше, мұғалімнің көмегімен және топта жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, берілген тапсырманы бірнеше рет қайталатыңыз. Оқушыларға әртүрлі қағаз, қарындаш және түрлі- түсті борлар беріңіз. Сөздерді белгілеу үшін сызбаны пайдаланыңыз, дыбыс пен әріптің арасындағы байланысты ескеріңіз. Оқушылардың сөздік қорын және сөз, сөйлем сызбасын жазу дағдыларын ары қарай дамыту процесі барысында тіл дамытуға аса мән беріңіз.





www.balalaralemi.kz/

http://www.balakai.kz/

http://erketai.kz/

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау



1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау


1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу



Баспана түрлері







(МК) Сыныпқа үйдің түрлері туралы әр түрлі мәтіндерді дауыстап оқып беріңіз. Әртүрлі тақырыптағы кітаптың құрылымын көрсетіңіз. Қажетті ақпаратты табу үшін кітаптың мазмұны жазылған бетін қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. Әрбір беттегі ақпаратты, тақырыптарды, суреттердің атауларын таптырыңыз, сызбасын қалай оқу керектігінің үлгісін көрсетіңіз; дыбыстық-буындық құрамын анықтатыңыз. Осыны әр сабақ сайын жаңа ақпаратты көрсете отырып қайталаңыз.

(Ж,Т) Баспана түрлері туралы суреттерді оқушыларға таратып беріңіз. Оқи алатын оушыларға сөздерді бірге дауыстап оқытыңыз және суреттегі бейнеге сай сөздерді тауып орналастырынуын тапсырыңыз.

(Ө,Қ) Суреттің атауы жазылған карточкаларды көрсетіңіз. Арасында суретті жазуы жазылмаған карточкаларды қалдырыңыз. Оқушылардың карточкаларды суреттермен және символдармен толықтыруын сұраңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • қарапайым сөздерді, символдарды, сызбаларды түсіну;

  • сюжетті сурет бойыншашағын әңгіме құруын бағалаңыз.

Кітап таңдау барысында тақырыпқа сай мазмұны жазылған бетті, суреттер, диаграммалар болуын ескеріңіз.

Есік, терезе, шатыр, бақша, аула, еден, қабырға, бұрыш, төбе, т.б. секілді қарапайым сөздерді суреттерімен алуға болады. Оқушыларды оқу қабілеттеріне байланысты топқа, жұпқа біріктіріп, жұмысты ұйымдастырыңыз.

Оқи алатын оқушылар болған жағдайда бірнеше әріптен тұратын бейтаныс сөздерді оқуға ынталандырыңыз.

Келесі сабақтарда оқушылар өз үйлерін сипаттайды. Даярлық жұмыстарын жүргізіңіз. Ол үшін оқушылар сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады. Оқушыларға сөйлемді тыңдап, естіген сөйлемдерінің сызбасын дәптерге жазуды тапсырыңыз. Оқушылар сөйлемдердің сызбасын жасаудан суреті және символдары бар карта-сызба жасауға көшеді. Үлгі/сызба бойынша сөйлем құрауға дайындық жүргізу жаттығуларынан кейін 3-4 сөйлемнен тұратын байланыстырылған әңгіме құрастыруға көшеді.




http://bilimkozy.idhost.kz/


1.6 Тыңдаушының назарын аудару

3.4 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау



1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)


1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу


Өз үйімді сипаттаймын

Оқушыларға үйлерінің фотоларын әкелуді немесе суретін салып келуді тапсырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылаған кезде баланың намысына тиетін айырмашылықтарды талқылаудан сақ болыңыз.

Алдыңғы сабақта пайдаланған сұрақтарды көрсетіңіз. Сыныптағы әрбір оқушыны кем дегенде бір сұрақ қоюға талпындырыңыз. Әртүрлі баспананың (адамдардың, жануарлардың, құстардың, жәндіктердің т.б.) сипаттау барысында оқушыларды болжай білуге жетелеңіз. Осы әдісті керісінше ұйымдастыруға болады. (Мысалы: тақырып беріп оның мазмұнын болжау). Мағыналы, көркем сөздер қолданған оқушыларды мадақтаңыз.

Мұғалімдер құрылғыларды сабақта қолданбас бұрын оқушылардың техникамен (диктофон немесе бейнекамерамен) жұмыс істей білетініне көз жеткізу керек. Сонымен қатар сіз жекелеген оқушылардың сипаттау барысын құрылғыға жазып жатқанда өзге оқушылардың тапсырма орындауын бақылап отырыңыз, осы жерде өзге мұғалімдердің көмегі қажет болуы мүмкін (сабақ үстіндегі іс-әрекетті зерттеу).

Оқушылар өздерінің жауаптарын сөздер сызбасын, белгілер мен суреттерді қолдана отырып, дәптерлеріне қалай жазулары керектігін үлгіге түсіріңіз. Сол сияқты қандай да символдың немесе белгінің нені білдіретіндігін түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Оқушылармен бірлесіп әңгіме айтудың

(3-4 сөйлемнен тұратын) суретті-кескінді сызбасын жасаңыз. Әңгіме құрастыруға үйретудің келесі кезеңінде тек дайын сызбалар ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өздері жасаған сызбаларды қолдану бойынша жұмыстар жүргізіледі. Олар әңгімелеп берудің бірізділігін өздері анықтайды, қандай да бір затты, заттың белгісін, іс-әрекетін белгілеу тәсілдерін өздері таңдап, ұсынады. Мұндай жұмыстар ұжыммен немесе топпен жүргізіледі. Сөйтіп символдар, белгілер, суреттер және сызбалардың көмегімен әңгіме құрастыру және жазу қабілеттері дамиды. Әңгіме құрастыру және жазу барысында оқушылар өз сызбаларын сызып, шығармашылықтарын көрсете алады.







(Ұ) Оқушылар үйлерінің фотоларын немесе салынған суреттерін сыныпта көрсетеді және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Оқушыларды алдыңғы сабақта берілген сөздерді қолдана отырып сөйлем құрауға ынталандырыңыз.

(Т) Оқушылардың өз үйлерін бір-біріне сипаттату үшін топқа біріктіріңіз. Олардың сүйікті заттары туралы бір-біріне сұрақ қоятынын ескертіңіз. Сүйікті заттарының сипаттамаларын жетілдіре түсу үшін топтарын ауыстырта отырып, оқушыларға осы жаттығуды бірнеше рет орындатыңыз.

(Ө,Қ) Диктофон немесе бейнекамераны пайдаланып мұғалім оқушылардың үйлерін сипаттау сәтінің соңғы нұсқасын жазып алады.

Тапсырманы күрделендіру: оқушылар сипаттау барысында тіл байлығын көрсете отырып үйлерінің сипаттамасын толық айтып бере алады.

Оқушыларға қолдау көрсету үшін сөз (дыбыстық құрамын) сызбасын жазуда көмек көрсетіңіз.

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • өз үйін сипаттау;

  • салыстыру;

  • сөздерді буынға бөлу және сызбасын салу қабілетін бағалаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет