«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары



бет4/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4372
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Назар аударыңыз:

Оқылым дағдысын қалыптастыру үш кезеңнен тұрады:

1-кезең: мәтіннің түрімен танысу және оқу (оқушылар көптеген мәтін түрлерін оқып үйренеді, оның ішінде фильм мәтіндері де бар)

2-кезең: жазу үшін идеялар жинақтау (драма, рөлдік ойын, өнер, сұрақ қою және жауап беру, болжау)

3-кезең: жоспарлау, оқу және өңдеу. («Бірлесіп жазу» әдісі арқылы (екінші бөлімді қараңыз) ойды жинақтау процесін түсіндіру және оқуды, оқушылардың ойларын жүйелеуді көрсету. «Бағытталған жазу» әдісі арқылы топта жоспарлау, жобалау, өңдеу және оқу).

Жазылым дағдысы осы ретпен үйретілуі керек. Оқылым тапсырмалары осы процесті қамтуы керек.

Мұғалім сабақты жүргізеді және жекелеген оқушыларды тыңдап та үлгереді.

Бағытталған оқу әдісі:


  • сөздерді тану дағдысын қалыптастыруды;

  • әріптерді дыбыстау, қалай оқылатынын меңгеруді;

  • жаңа сөздерді оқу және таныс сөздерді меңгеруде дыбыстық білім мен дағдыларды қолдануды;

  • оқиғаны анықтау, болашақта не болатыны туралы болжауды қамтиды.


http://www.teachfind.com/teachers-tv/guided-reading-fiction-and-non-fiction


1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

3.3 Жоспар құру


1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою



Мен - оқушымын (мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау)







(Т) Мұғалім немесе оқи алатын оқушылар оқыған әңгімедегі оқиғалардың ретін талқылаңыз. Оқушыларға кітаптағы иллюстрацияларды ретпен орналастыруды сұраңыз. «Ретін қалай анықтадың?» - деген сұрақ қойыңыз?

(Т/Ж, Қ) Мектептегі оқиғаларды көрініс ретінде қойған кезде оқушыларға көмек ретінде суреттер, қуыршақтар немесе ойыншықтар беріңіз. Оларға басты оқиғаларды ретпен қоюға пайдалы болатын сөз тіркестерін ұсыныңыз (Мысалы: оқиғаның басы немесе шағын диалог).

Оқу жетістіктерін бағалау:



  • басты оқиғалардың ретін еске түсіре отырып, әңгіменің мазмұнын айтып беруін.

Оқушыларға әңгімедегі басты оқиғалардың ретін анықтауға көмек беру үшін сұрақтар қойыңыз. Мысалы, Басында не болды? Содан кейін ше? Соңында не болды? т.б.

Оқушылардан мәтіндегі оқиғаларды безендіруді сұраңыз.

Оқушыларды оқу қабілетіне байланысты топқа немесе жұпқа біріктіріңіз, әңгімелерді (күрделілігі бойынша) таратыңыз.

Қажет болған жағдайда және мүмкіндігінше әңгіменің егжей-тегжейін еске түсіру үшін: мысалы, «бір күні», «кенет», «келесі күні» сөздерін қолдану кезінде басқа мұғалімдер мен ересектерді көмекке шақырыңыз.

Оқу қабілеттеріне сәйкес таныс сөздері бар мәтінді оқуға тапсырыңыз. Қуыршақтар мен ойыншықтарды сынып бөлмесінде оқушыларға қолы жететін жерге қойыңыз, сонда оқушылар кез келген уақытта оларды алып, оқиғаны мазмұндауға дайындала алады.





3.4 Оқыған/тыңдаған материалдардың мазмұнын жазу

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту




1.3.4.1 мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Мен - оқушымын (мектеп туралы әңгіме жазу)







(К) «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану арқылы таныс әңгіменің қысқаша мазмұнын үш сөйлемді қолданып жазу үлгісін көрсетіңіз. Әңгіме жазу кезінде сызбалар, символдары мен белгілері бар карта-сызбалар қолданылады.

(Т) Оқушыларды топқа біріктіріңіз.

1-топ: Оқушылар өздері оқыған оқиғаның ретін білдіретін үш немесе одан да көп сурет салады. Сол суретті әңгіменің жоспары ретінде қолдана отырып, олар мұғаліммен бірге бірнеше буын құрастырып жазулары керек.

2-топ: оқушылардың сөздерді дұрыс жазуына көмектесу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз.

3-топ: жай сөйлемдер жазғызып, тапсырманы күрделендіріңіз.



(Ө, Қ) Оқу жетістіктерін бағалау:

оқушыларға алдыңғы сабақта алған білімдерін қолдану арқылы өздігінен әңгіме құрастыруға мүмкіндік беріңіз:



  • оқушылардың сөздердегі өздеріне таныс әріптерді дұрыс жазуын;

  • әңгімедегі басты оқиғаларды баяндау үшін ауызша сөйлемдер құру, тірек сызбалар мен суреттерді қолдануын бағалаңыз




«Бірлесіп жазу» әдісінің кезеңдері:

  1. Мұғалімнің көрсетуі: мұғалім оқушылардағы жетілдіруді қажет ететін жазылым дағдысына көңіл бөледі. Мұғалім осы кезде жазушының ойында не болып жатқанын дауыстап айта отырып, оқушыларға сөз тіркесі/сөйлемді дұрыс құру үлгісін көрсетеді. Сөйлемнің түсінікті болуына назар аудартады. Тақтаға сөз тіркесі/сөйлемді жазады.

  2. Мұғалім «хатшы»: оқушылардың келесі сөйлем туралы ойларын тыңдайды, мағыналы сөйлем немесе сөз тіркестерін дұрыс құру дағдыларын бекітеді. Оқушылар көмегімен сөз тіркесі/сөйлем құрып, тақтаға жазады.

  3. Қолдау көрсету арқылы жазу: мұғалім оқушылардан келесі сөйлем не туралы болатынын ойланып, өз бетімен немесе жұпта планшетке сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем жазуын сұрайды. Жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді. Бұл мұғалімді құнды бағалау ақпаратымен қамтамасыз етеді. Оқушылардың өз бетімен жазылым тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын екендігін тексереді.

Жазылым үлгісіне назар аударып, дыбыстар мен әріптерді байланыстыру үшін алдыңғы сабақтағы дыбыстық білімдерді пайдаланады. Өз жол маршрутыңыздың басынан бастаңыз. Сахналауда қолданған сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланыңыз. Жол туралы сөздер/сөз тіркестерін құрастыру үшін бос карточкаларды пайдаланып сәйкес суреттерге дұрыс ретпен бекітіңіз. Мысалы: бірінші есіктен кіреміз. Сырт киімді киім ілгішке қоямыз. Сыныпқа кіреміз. Достарымызбен амандасамыз.

Мінез-құлық мәдениеті мен әдептілік туралы әңгімелесіңіз.

Жазылым үлгісін таңдаңыз. Дыбыстар мен әріптерді бүгінгі және алдыңғы сабақтағы фонетикалық білімдерімен байланыстырыңыз.

Әрбір сөйлемді сызба және суреттер, шартты белгілер арқылы жазбас бұрын бір рет дауыстап айтып, жазып болған соң қайтадан дауыстап оқыңыз. Оқушылардың есіне сөйлем туралы ережені салыңыз және сөйлем қай сөзден басталып, қай сөзден

аяқталатынын сұраңыз. 2







«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

3-бөлім: «Менің отбасым және достарым»

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлімде 1-тоқсанда алған білімдеріне сүйенеді. Оқушылар кейбір әңгімелерді, әр алуан мәтіннен ақпарат алуға болатынын білуі керек, сол сияқты тұтас сөздерді, жиі кездесетін сөздерді, үш буынды сөздерді буынға бөліп оқи білуі керек.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде оқушылар отбасы және достық туралы тақырып қарастырылады. Бұл бөлімді оқыту барысында оқушылар жаңа дыбыстар және жаңа әріптермен танысулары керек, бейтаныс және күрделі сөздерді буынға бөліп оқу дағдыларын дамытыңыз. Мұғалімдер тапсырмаларға қатысты әңгімелер, өлеңдер немесе санамақтар іріктеп алып, оқушыларды жұмыстың осы түріне тартуы керек. Сөйтіп, сыныпта отбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Қысқаша жоспар

Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» жалғасады. Бөлім күнделікті өмір туралы ғылыми-көпшілік (көркемдік емес) мәтінді оқудан басталады. Онда оқушылар оқып шыққанан кейін тақырып қойып, бірнеше сөйлем (баяндай әңгімесін) құрастырулары керек. «Менің отбасым» тақырыбында бейкөркем мәтін жазудан басталады. Оқушылар сөйлемдер құрастырып жазады және тақырып қояды. Бөлім достық туралы әңгімелерді оқу, жазумен жалғасады. Оқушыларға мәтінді оқу және сөйлемдер жазудағы жаңа дағдыларын дамытуға және қолдануға мүмкіндік туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет