«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жоспары



бет7/9
Дата25.12.2016
өлшемі1,67 Mb.
#4372
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері

Мұғалімге арналған ескертпелер

(оқыту әдістемесі бойынша)

Оқыту ресурстары







Бұл кезеңде жаңа дыбыс және әріппен таныстыру бойынша 1, 2 бөлімдердегі нұсқаулармен танысыңыз.

Бұл кезеңде оқушылар біртіндеп үш буынды сөздерді оқуға, екі буынды сөздерді тұтас оқуға көшеді.

Орфография, грамматика, пунктуация бойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай оқу мақсаттарын жүйелі жүргізуді ұсынамыз:

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2.1 Оқу түрлерін қолдану

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау


Бұл бөлімде ң, ө, з, ә, ж, п, б, х, һ дыбыстары мен әріптерін өтуіңізге болады

Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтайды, дұрыс жазады.

Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін біледі, оларды қолдана бастайды

Көп мағыналы, қарама-қарсы және мәндес сөздерді қолдана бастайды.



4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз.




1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану



1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу




Саяхатты сипаттау

Бұл бөлімде мұғалім тақырыпқа сай ертегілер, әңгімелер, өлеңдер қолданады. Оқушылар мұғаліммен бірге қосылып әңгімелейді, өлеңдер мен тақпақтарды айтады, оларды бірнеше рет қайталайды.




Жазба жұмысы барысында жіберілген қателері бойынша оқушыларды топтарға бөліп, қатемен жұмысты жүйелі ұйымдастырыңыз. Қате түрлерін талдау жасап, қатемен жұмыс тәсілін белгілеңіз. Сөздерді қатесіз жазуға бағытталған жұмыс түрлерін түрлендіріп, мақсатты жүргізіңіз. «Сөйлеу қабырғаларына» қате жазылған сөздердің дұрыс нұсқасын оқушылармен бірге жазып, іліп қойыңыз. Оқушылар кез келген уақытта қайта оқып, есте сақтауына көмектеседі. Әр оқушыны жазба жұмысын өзі тексеруіне, қатесін табуға бағыттаңыз. Оқушылардың әрбір жетістігін мадақтап отырыңыз.

Ғажайыпстанға саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE

(Ұ) Саяхат туралы әңгіме таңдап алып, оқушыларға оқыңыз, оқушымен бірге кітап суреттеріне тоқталыңыз. Әр беттің мазмұны мен кейіпкердің саяхат барысын талқылаңыз.

(Ұ) Кітап мазмұнына сәйкес оқушылардың рөлдік ойыны.

Оқушылар әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау үшін (олардың мимикаларын салып) стоп-кадр жасайды және басты кейіпкерлерді әр қалада (ауылда) кездестіру жағдаятына сәйкес ойдан құрастырған әңгімелерін бір-біріне айтады.

Кең, ашық алаңға (мектеп дәлізі немесе сыртта) сахналық жабдықтарды (мысалы, саяхатқа қатысты қораптар, төсемдерді) жинаңыз, жолдар мен көлдерді, көпірлерді жасау үшін жіп, арқанды пайдаланыңыз. Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттайтын рөлдерді оқушыларға бөліп беріңіз. Жолаушыны ілтипатпен қарсы алуын ескертіңіз. Мұғалім басты кейіпкерлердің бірін ойнайды, ол әр оқушының жанынан өтіп бара жатып, рөлдеріне сай әңгімеге тартады.


Қызықты оқиғаларға толы әңгімелер жазылған кітап таңдаңыз. Мысалы: «Мараттың саяхаты» атты кітапты немесе ұлттық кейіпкері бар ертегіні таңдай аласыз. Оқушыларға әр беттегі кейіпкерлерді ататыңыз. Олардан шамамен мынадай сұрақтарға жауап алыңыз: Ол қайда деп ойлайсыздар? Ол қалада ма, әлде ауылда ма? Ол қала сыртында ма? Ол жер тыныш па, әлде шулы ма? Егер біз ести алсақ қандай дыбыстарды естіген болар едік? Ол жерде қандай иіс болуы мүмкін? Осы кейіпкер алда кімді кездестіруі мүмкін? Нені көруі мүмкін?

«Стоп -кадрды» қолдану үшін 3- бөлімдегі мұғалім ескертпелерімен танысыңыз.

Қағаз бетіне көлемі шағын біртекті ойыншықтардан эмоцияны бейнелетіңіз немесе суретін салғызыңыз. Сөздік қоры мол, әрі идеясы нақты оқушыны өзгелердің білімін толықтыруы үшін таңдап алып, қабілеті әртүрлі оқушылармен топ құрыңыз.


Аннаның саяхаты Mitsumasa Anno. Бұл кітап туралы қосымша ақпарат алуға болады:
http://www.answers.com/topic/mitsumasa-anno

1


3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау


1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу

1.3.9.2 мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату



Саяхатқа дайындалу







(МК) Оқушыға төлқұжаттың қажеттілігін түсіндіріңіз және ондағы мәліметтерді атаңыз. Мәліметтерді толтыру үлгісін көрсетіңіз.

(Ө, Қ) Оқушыларға өздерінің жеке төлқұжатын жасауды тапсырыңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау::



  • өз аты-жөнін жазуын;

  • мәліметтерді беруде сөздерді сауатты жазуын.

(Т) Топтардан чемоданда не барын болжап айтуларын сұраңыз. Өз чемоданына не салатынын сұраңыз. Содан соң өз чемоданыңыздағы заттарды көрсетіп, олардың саяхатқа не үшін қажет екенін түсіндіріңіз. Есте сақтауға арналған ойын ойнатыңыз.

(Ө) Картон чемоданды беріп, оқушылардан оның ішіне салатын заттардың суретін салуды сұраңыз, тізімін жазып берулерін өтініңіз. Жазу емлесі бойынша жұмыстар жүргізіңіз.

Төлқұжатқа ұқсас кішігірім буклет жасаңыз. Оның ішіне оқушылардың өздері туралы мәліметтерін жазуды сұраңыз: есімі, туған жылы, айы, күні, мекен жайы, мемлекеті.

Мектеп айналасында саяхат жасап мектепке кіру жолындағы тексеру бекетінде (кіру және шығу барысында) төлқұжат көрсетуді сұраңыз.

Оқушының саяхатқа алып шығуына арналған шағын чемодан әзірлеп, ішіне тіс щеткасы, киім, шұлық, маршрут анықтамалығы, тарақ, жұмсақ ойыншық салыңыз.

Есте сақтау ойынына мысалдар:



  • оқушыларды топтастырыңыз да, көп зат ішінен біреуін байқаусыз жасырып, қай заттың жоқ екенін сұраңыз.

  • Сынып ішін аралап жүріп, оқушылардан «Мен саяхатқа шықсам, өзіммен бірге .... алып шығамын» деген құрылымды толықтырып жазуды, қосымша жаңа атауларды қолдануды тапсырыңыз.




3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату




1.3.5.1 тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.2.3.1 мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау




Саяхат туралы әңгіме жазу

(МК) Мәтіндегі иллюстрацияға қайта қараңыз. Әр беттегі әңгімені баяндау үшін сөйлемді қалай жазу керектігін көрсететін «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Осы мәтінде саяхат қалай сипатталғанын тексеру үшін әр сөйлемді қайталап, дауыстап оқып шығыңыз. Оқиғаның басын, ортасын және аяқталуын анықтаңыз. Сөйлемдер өткен шақта жазылып тұрғанына көз жеткізіңіз және өткен шақ пен осы шақтың айырмашылыған түсіндіріңіз. Осы оқу әрекеттерін бірнеше сабақ бойында қайталаңыз.

(Ө,Қ) Оқушылардан сөздерді, сөз тіркестерін карточкаларға жазып, өз суреттеріне жапсыруларын сұраңыз. Осы тапсырманы бірнеше сабақта қайталап орындаңыз.

(Т) Оқушыларға сөздер мен сөйлемдерді дұрыс құруға көмектесу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз.

Дифференциация:

«Қолдану» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма: жай сөйлемдер мен сөз тіркестерін жазуды тапсырыңыз.

Оқу жетістіктерін бағалау:


  • жай сөйлемдерді жазуын;

  • етістіктің шақтарын дұрыс қолдана отырып, бірнеше сөйлемдер жазуын;

  • қоршаған ортаны және оқиғаны сипаттайтын сөздерді таба білуін.

2-бөлімдегі «Бірлесіп жазу» әдісінің нұсқаулығын қараңыз.

Сөздер мен сөз тіркестерін жазуда өткен және өтіп жатқан дыбыстық білімдерін қолдануына назар аударыңыз. Сөйлемдерді осы шақта жазып, әдейі қате жіберіңіз. Осы сөйлемдерді қайталап оқып, орын алған қателерді тапқызыңыз. Қатені түзеңіз. Қалған қателерді оқушылардың өздері түзетуін бақылаңыз.







3.3 Жоспар құру

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу




1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу


Туристік маршрутты жарнамалау (маршрут)







Оқушылардан кітаптағы кейіпкерлердің бірі сіздің қалаңызға/ауылыңызға қонаққа келгенін елестетулерін сұраңыз. Ол сіздің қалаңызға қалай жететінін, не істейтінін талқылаңыз.

(Ұ) Оқушыларға журналдардан, туристік кітапшалардан, постерлерден жарнама үлгісін көрсетіңіз. Постерлердегі мәтіндерді, журнал және буклеттердің ерекшеліктеріне назар аудартыңыз. Туристерді тарту мақсатында қолданылатынын түсіндіріңіз.

Туристерді тарту үшін қолданылатын арнайы шаралармен таныстырыңыз.



(Т) Оқушыларға туристік плакаттар, буклеттер, постерлер, жарнамалық кітапшалар таратып беріңіз. Оқушыларға ұнатқан жерін таңдауға уақыт беріңіз.

Әр топ алдында айтылған туристік орындардың ерекшеліктерін тауып, сыныппен өз идеяларын бөлісулерін сұраңыз.



(Б) Қонақтар барғысы келетіндей өз қалаңыздың/ауылыңыздың көрікті жерлерін суретке түсіріп алыңыз.

Аталған саяхат кітапшалары мен жарнамалардан, постерлерден көрме ұйымдастырыңыз. Сынып ішінде арнайы орынды туристік агенттік ретінде дайындаңыз. Оқушылардың саяхат туралы рөлдік ойыны үшін қажетті заттарды әзірлеңіз.




Егер біз қандайда бір әңгіменің басты кейіпкерін қаламызға/ауылымызға шақырған болсақ, оған не айтар едік? Оны сіздің қалаңыздың/ауылыңыздың қай жері қызықтырар еді? Ол сіздің қалаңызға/ауылыңызға қалай жетер еді? Ол қалай (жаяу немесе көлікпен) барар еді? Ол сенің қалаңда/ауылыңда қанша уақытқа қалады деп ойлайсың? Оның көргісі келеді (қызығушылығын тудырады) деген жерлердің тізімін құраңыз.

Саған қаланың/ауылдың қай жері ұнайды? Неге? Ол жер сені несімен қызықтырады? Көрсетілетін үлгілер көрнекі, тартымды, түрлі-түсті болып келетін суреттерден, көзге түсетін атаулардан, шаралар, тізімдерінен, жол картасынан тұруы керек. Мысалы: «Астанаға келсең, керемет әсер аласың!»

Оқылым қабілеті әртүрлі оқушыларды араластыра отырып топқа біріктіріңіз. Оларды жоғарыда көрсетілгендей мысалдар айтып, жетелеңіз.

Оқушылар сынып ішін бейне камераға түсіре алады. Ал қалған оқушылар саяхатшыларға ұнайтын жерлер мен заттарды ұсынып, оларды сол жерде демалуға шақыратын жарнама жасауға тапсырма беріңіз.

Оқушылар ұсынған жерлерді Саяхатшы суретке түсіреді. Сыныпқа келген соң барлығы жиналып, суреттерді қайта қарап шығады. Олардың қайсысы постерге орналастыру үшін жарамды екенін (қою боялған, суреттері қызықты) анықтайды.


Kazakh National anthem, with photographs of Kazakh traditions can be found on http://www.youtube.com/watch?v=12tGtMA4tqk
visitkazakhstan.kz/kk/page/video


3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру

3.7 Қатені табу және түзету



1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету




Жарнама постерлері мен кітапшалар дайындау






(МК) Оқушыларға жергілікті жерді жарнамалау үшін «Бірлесіп жазу» әдісін қолдану арқылы постер дайындатыңыз. Бірлесіп жазуды жүзеге асыру үшін үлгі жоспар дайындаңыз. Постерге адамдарды сол жерге саяхат жасауға тартатындай сөздер жазуын қадағалаңыз. Соңында леп белгісі қойылатындай сөйлем үлгілерін көрсетіңіз. Постерге мекенжай мен байланыс нөмірлерін жазғызыңыз.

(Ө) Әр оқушыдан жергілікті жерді жарнамалайтын постер дайындауын сұраңыз.

Дифференциация:

«Қолдану» дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырма: әр суреттерді сипаттап, олардың тұсына тақырыпшалар мен қосымша детальдарды жазуларын өтініңіз. Ал, жазылым дағдысы төмен оқушыларға плакатта жазылатын дайын жарнама сөздерін жаздыртыңыз.

(Т) Оқушылардың сенімін тудыратын жарнама сөздерін таңдауына жетекшілік етіңіз. Қажетті жерге леп белгісін қоюды түсіндіріңіз. «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз.


«Бірлесіп жазу» әдісін қолдану үшін

2-бөлімді қараңыз. Оқушылардың айтқан ұрандарын жазып алыңыз. Мысалы, «Ақтауға келсең, өкінбейсің!», «Ақтаудың таңғажайып табиғатын тамашала!»т.б.

Сөздерді оқу барысында дыбыс туралы білімдерін қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. Әр сөзді жазбас бұрын бірнеше рет дауыстап айтыңыз. Қай сөйлем қаншалықты жағымды естілетінін сұраңыз. Қандай сөйлем сенім тудыра алады? Таңдауын түсіндіріп берулерін сұраңыз.

Таза бетке қалай көшіру керектігін көрсетіңіз.

Оқушылармен бірлесе отырып плакатқа жапсыратын фотосуреттерді таңдаңыз, әр фотоға тақырып жазуды үйретіңіз. Оқушылар плакат пен парақтардағы мәліметтерді өз плакаттарын безендіруде (қызықты орындардың тізімдерін, жол жүру картасын) пайдаланады. Оқушыларға өз ұрандары мен тақырыптарын жазып дайындауы үшін таза парақтар үлестіріңіз.

Оқушылардан ұрандары мен тақырыптарын сынып алдында дауыстап оқуларын, ал өзгелердің оларды жазып алып отыруын өтініңіз. Сөйтіп ең үздігін таңдайтындарыңызды айтыңыз.

Туристік плакаттардың тұсына оқушылардың дайындаған постерлерін іліңіз.

«Бірлесіп жазу» әдісі туралы 1-бөлімдегі нұсқауды қараңыз.



3.6 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.7 Қатені табу және түзету

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау




1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу

1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген

атауларды) анықтау

1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету

1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану


Хат жазу

(МК) Cіздің қалаңызда/ауылыңызда болған кейіпкердің атынан өзі ұнатқан қаланың/ауылдың көрікті жері туралы бірігіп хат жазғызыңыз. Өз мәтінінің өткен шақта жазылу үлгісін көрсетіңіз.

(Ө) Жергілікті жерге байланысты кейіпкердің атынан өз хаттарын жазып берулерін сұраңыз.

(Ө) Өткен сабақтардан алған білімдерін пайдаланып, оқушылардың өздігінен хат жазуына мүмкіндік беріңіз.

(Т) Мәтін құру барысында оқушылардың өз сезімдерін жеткізу үшін сөздерді дұрыс таңдап, «Бағытталған жазу» әдісі арқылы өткен шақты қолданып жазғызыңыз.

Өткен сабақтардағы жазылым дағдыларын еске түсіріңіз.

Жазылымнан бұрын сөйлемдерді бірнеше рет оқыңыз. Өткен шақты қайталатыңыз. Сөйлемдердің кейбірін осы шақта жазып, оқушыларға қателерін тапқызыңыз. «Бағытталған жазуды» қолдану үшін қосымша тапсырмалар:



Жазылым орнына түрлі-түсті қаламдарды, қағаздарды және пайдаланылмаған хаттар мен плакаттарды дайындаңыз. Оқушыларға сол жерге барып, бірнеше хат толтыруды сұраңыз және хаттарды бір-біріне оқытыңыз.





«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

6-бөлім алдыңғы бөлімдерде қамтылған дағдыларға сүйенеді. Оқушылар сөздерді дұрыс айтып, сөйлем құрастыра алады.

Мәнмәтін

Бұл бөлімде оқушылар ауыз әдебиетін, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар мен мерекелер туралы оқиды. Бұл бөлім гуманитарлық ғылымдармен (тарихпен) байланысты. Қалыпты, ерекше дыбыс түрлері осы бөлімде үйретіледі. Мұғалім бөлім тақырыбына сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдерді оқиды және оқушыларға өзімен бірге қайталап оқуға мүмкіндік береді.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде «Әліппе кезеңі» жалғасады. Оқушылар ауыз әдебиетінің шағын жанрларымен, ұлттық ойындардың түрлерімен танысады және ұлттық ойындардың шағын жинағын құрастырады. Диаграмма сызып, ұлттық кейіпкерлерге сипаттама жазады. Жазылым дағдыларын дамытады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет