Саясат ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері, парадигмалары


А.Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері. “Қара сөздерінің” ұлттық тәрбиелік мәні



бет8/8
Дата19.02.2022
өлшемі36,08 Kb.
#132519
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
саясаттану 2 сем 2 апта

А.Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері. “Қара сөздерінің” ұлттық тәрбиелік мәні.
Абайдың қоғамдық көзқарасы – шынайы қоғамдық құбылысты сынау және оны өзгертуден құрылған. Абай қазақ үстем таптарының ұлттық намыскорлық дәстүрінен айырылып, патшалық Ресейге ұлт мүддесін саудалаған арсыздық әрекетін қатаң шенеумен қатар, патшалық үкіметтің отарлық үстемдігінің қазақ халқына тигізген зардабын жеріне жете әшкерелеп мінейді. Абай: «Біздің ата - бабамыздың бізден артығы намысқор келді екен. Бұларда арлық, намысқорлық, табандылықтан келді екен. Бұлардан айырылдық», [1, 270 б.] - дейді. Сондықтан ол қазақ үстем таптарының арсыз әрекетін:
«Қара қарға сықылды шуласар жұрт:
Кім көп берсе, мен соған серт беремін деп»
[1, 16- 17] деген сөзбен түйіндейді.
Абай патша өкіметінің қазақ хандық жүйесін жойып, жоғары жіктерден аға сұлтандар сайлау арқылы жүргізген отарлық саясатының қазақ қоғамына тудырған зардаптарын әшкерелейді. Ол:
«Орыс айтты өзіңе ерік беремін деп,
кімді сүйіп сайласаң бек көрем деп.
Бұзылмаса оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісіңді жек көрем деп»
[ 1, 16-17].
Абай патша өкіметінің отарлық басқару жүйесінің қазақ қоғамында атқарып отырған кері рөлін тереңдей әшкерелеп: «Үш жыл болыс сайланды. Әуелгі жыл сені біз сайламадық па? деп елдің бұлданғанымен күні кетті. Екінші жыл кандидаттармен аңдысып күні өтті. Үшінші жылы тағы да болыс болып қалуға мүмкін болар ма екен деп қапалақтап күн өтті. Енді несі қалды. Осы қазақ халқы осындай жылдан- жылға төмендеп, бұзықшылыққа тартып бара жатыр. Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ. Өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ.
Осылар бір- біріне достық ойлай ма? Кедей көп болса ақысы кем болар еді. Малдан айырылғандар көп болса қыстау көп болар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелі ішімізден қастық сағындық, әрі берден соң сыртымызға шықты. Жауластық, дауластық, болысқа таластық.
Ал болыс болғандар өздері қулық, арамдықпен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді. Өздері арам қуларды қадірлейді» [1, 327 б. ]. Абайдың бұл сынынан оның сол дәуірдегі қоғамды сынау идеясын, сондай-ақ қалың халық бұқарасының түбірлі мүддесіне дәріптеген саяси сипаты ашық ой-пікірін аңғарамыз.
Абай қоғамды әшкерелеп сынаумен қатар, сол қоғамды өзгерту жөнінде бір қатар дәріптемелерін де алға қойған. Ол патшалық Ресейдің отаршылдары мақсатты түрде қазақ жоғары жіктері арасынан бақ, мәнсап таласын қоздыру арқылы, өздерінің отарлық үстемдігін бекімдеуді көздеген мақсатын жете түсінген. Сондытан ол: «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің «жеті жарғысын» білмек керек, егер бұлар үйлеспесе, оның орнына татымды толық билік шығарып, болыстардың жаманшылығы, асқаны түссе, әйтпесе түспес», [1, 322 б.] - деген ұсынысын алға қойды. Әрине, Абай ұсынып отырған қазақ феодал заң-жарлықтары арқылы сол қоғамның күрделі мәселелерін түбегейлі шешу қиын еді. Бірақ бұл идеяның сол кездегі бақ, мансап талас күресін бәсеңдетіп, халықты береке-бірлікке келтіріп, орыстың отарлық саясатының қазақтар арасындағы қырқысын тежеп, өндіргіш күшті дамытуға белсенді рөл ойнағаны сөзсіз.
Абайда да «Оқу-ағарту бәріне жеткізеді» деген көзқарас болған. Ол білім, тәрбие, ақыл арқылы қара түнек заманды өзгертпек болады. Бірақ ол өзінің ағарту тәжірибесінен бұл идеясының жүзеге аспайтындығына көз жеткізген. Абай сол қоғамның дағдылы күштері мен әртүрлі адамдардың психологиясына терең талдау жасағаннан кейін мынадай қортындыға келген:

«Біреуі болыс, біреуі би, олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Ұлтымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақылылығымызды білдіріп аламыз ба немесе халқымызды бүліндіріп аламыз ба немесе өзімізді шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба деген ниеттің бәрі басында. Байлар өздеріне жоқты малмен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда. Адамдық, ақыл, ғылым ешнәрсе малдан қымбат демейді. Енді ұры - залым, сұм, сұрқия өздері де тыңдамайды. Онша-мұнша қой жүнді, қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналардан алып тұрғанда, білім-ғылымды не қылады. Және де білім- ғылымның керегі жоқтай, бізді не қылсаң, ана сөзді ұғарларға айт дейді. Оның өзгемен ісі жоқ» [1, 322 б.]. Шындығында, дәл осылай болғандықтан Абайдың ағарту, ақыл-тәрбие арқылы заманды өзгертпек болған әрекетінен өзі ойлағандай нәтиже шықпайды. Сондықтан ол:


«Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тілімді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым - тап шыным»
[2, 149 б.] - деген болатын.
Сонымен ол өзінің қоғамды өзгерту әрекетіне тоқталғанда:
«Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор түтіп.
Түзетпек ем заманды,
өзімді тым-ақ зор санап,
көнбеді ешкім сөзіме
Әдетінде қасарысып», [2, 99- 101 б.] - деген қортынға келеді. Бұлар Абайдың сол замандағы адамдарды өзгерту әрекетінің нақтылы қортындысы болып табылады. Бірақ Абай оқу-ағартудың рөлін жоққа шығармайды. Ол сынап отырған «надандар», «тіл алмастар» жалпы халық бұқарасын қамтымайды, олар тек қоғамдағы кейбір тоғышарлар мен жалқаулардың құбылысы ғана.
Абайда қоғамдық жағдайды негіз еткен білім беру теориясы бар. Бұл да оның идеясының жауһары болып табылады.

Абай барлық адамдардың дүниетануға уағыздайды. Ол: «Дүниенің көрінген, әм көрмеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», [1, 327 б.] - деп санайды. Бұл Абайдың тәжірибе барысында білім алу, дүниетану көзқарасы. Абай естілік (талант) мәселесіне төмендегідей дұрыс анықтама берген: «Адам ата-анадан туғанда есті тумайды. Естіп, көріп, ұстап, танып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танудағы сондайдан білгені, көргені көп болған кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» [49]. Нақтылап айтқанда, Абай естілердің, таланттылардың білімдері тәжірибеден келеді деп қарайды. Сондай- ақ Абай меңзеп отырған есті, талантты адамдар - ақиқат пен жалғанды парықтай алатын, дән мен қауызды айыратын талғампаз кісілер.


Абай: «Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Сынап, орынсыз, орындысын қарап табады. Бұндай естіп білу харақетке түскен адамды ақылды дейміз», [1, 534 б.] - деп атап көрсетеді. Бұдан Абайдың білім көзқарасының тәжірибені негіз еткенін байқаймыз. Абай сезімдік танымды ақлиялық танымға көтеруді, сондай-ақ әр қандай іске кез келгенде ақылмен талдау жасауды, түйсікпен іс көруді, үлкендердің, байлардың сөзіне сене салмауді баса дәріптейді.
«Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз
ақсақал айтты, бай айтты,
кім болса мейлі, сол айтты,
ақылменен жеңсеңіз»,
- [1, 342 б.] дейді Абай. Бұдан Абайдың мәселені дербес ойлауды жақтайтындығын, көзсіздік пен сенгіштікке қарсы екенін аңғарамыз.

Абай диалектикалық көзқараспен дүниеге қараған. Ол дүние үздіксіз дамып өзгеріп отырады деп санайды. Ол: «Дүние бір қалыпта тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бір қалыпта тұрмақты берген жоқ, енді көңіл қайдан бір қалыпты тұра алсын», [1, 344 б.] - дей келіп, «мен егер закұн қуаты қолымда бар кісі болсам: адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», [1, 368 б.] - дейді. Демек, Абай қоғамның үздіксіз дамып отыратынын, адамдардың танымы соған ілесе тереңдей түседі деп санайды. Сол негізде ол халық бұқарасы күндердің бірінде сол қара түнек теңсіз қоғамды өзгертеді деп сенген. Сондықтан Абай халық бұқарасын өмірдегі мехнатқа мойымауын, болашаққа сенім байлауын талап еткен. Ол: «Жамандықты кім көрмейді. Үміт үзбек қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандықта қайдан баяндап қалады дейсің, қары қалың қыстың соңынан көгі қалың төлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді», [1, 368 б.] - деп болашаққа зор үмітпен қарайды. В.Ленин: «Белгілі бір мемлекет ішінде еркіндік қаншалықты аз болған сайын әшкере таптық күрестің бейнесі де соншалық әлсіз болады», - деген [3]. Абай өмір сүрген дәуірде таптық күрес немесе ұлт-азаттық күрес бейнесінің әлсіз болғаны – отарланған Қазақстанда еркіндіктің жоқтығының табиғи көрінісі еді. Алайда Абай қоғамның дамуы тұрғысынан халқының болашағына шексіз сенген және зор үміт артқан.



Қорытынды : Біз жоғарыдағы пайымдаудан Абайың әлеуметтік идеясында, қара түнек қоғамды жеріне жеткізе әшкерелеу, сындау, өзгерту және бүкіл адамзат үшін қызмет істеу сынды үлкен идеялық жүйенің жатқандығын анық байқаймыз.
Абай алға қойған бірқатар қоғамдық дәріптемелер негізінен қоғамның дамуына үйлеседі. Абайдың ағарту көзқарасындағы шетелдің залалынан қашық болу, ұлттық дербестікті сақтау, өз ұлтын дүниежүзіндегі дамыған ұлттардың қатарына қосу үшін шетелдің ғылым-техникасын үйрену идеясы; ақиқатты ашу, мәселені шешу сынды үйрену идеясын қалыптастыру көзқарасы; бұқаралық ғылыми талқы арқылы ғылым-техниканы дамыту идеясы; ахылақ көзқарасындағы байлықты ата-анадан артық көруді сынау идеясы; жақсы адамдармен салыстырып алға басу идеясы мен өзара жауапты болу идеясы; ұрпақты болу көзқарасы, патриархалдық дәстүрлі ұрпақты болу көқарасын сынау және адамдар сапасын жоғарылату идеясы; еңбек көзқарасындағы: халық бұқарасы - адамзат үшін еңбек ету идеясы мен халық тұрмысын үздіксіз жақсарту идеясының бәрі де тәжірибелік маңызы зор, мәңгілік құнын жоймайтын ой-пікірлер.
Абай феодал ақсүйек отбасынан шыққанымен, ол қалың халық бұқарасының мүддесін көздеді, еңбекші халыққа жан ашыр болды, қарапайым шаруалардың түбірлі мүддесіне өкілдік етіп, патшалық Ресейдің отаршылдарымен, өз ұлтының қанаушыларымен және барлық дағдылы сұрқия күштермен қарама-қарсы күрес жүргізді. Абайдың жүргізген қоғамдық қызметі мен оның идеялық жүйесі негізделгенде, оны еңбекші халықтың, жалпы адамзаттың ойшылы деуге әбден болады.
Әрине, Абайдың идеясында да әлем ойшылдарында болатын кейбір біржақтылықтар байқалады. Англияның қияли комунизмшілі Роберт Овен сияқты, Абайда да білім тәрбие мен ағарту бәрін шешеді деген көзқарас болған. Білім беру, тәрбие, үгіт-насихат арқылы қоғамды өзгертпек болды. Ол қоғамдық қанауды немесе кісі ақысын қымқыруды жек көрді және оған қарсы болды. Бірақ оны таптық қатынастармен байланыстырмады, таптық күресті көтермеді, зорлықты қимыл - төнкерістік тәсілмен сол қоғамдық жүйені өзгертуді дәріптемеді.
Абай бір кемелді қоғамдық идеяны алға қойды, бірақ ол сол қоғамды өзгерткен соң қандай жүйедегі қоғам құру мәселесін жүйелі қарастырған жоқ. Бұны оның сол дәуірдің тарихи шектемеге ұшырауының көрінісі деп түсінген жөн. Алайда Абай өмірсүрген ХІХ ғасырдың соңғы жартысы мен ХХ ғасырдың басы Қазақстанда патшалық Ресейдің дамыған, отарлық билігінің шарықтаған кезі еді. Бірақ қазақтың әлеуметтік өндіргіш күші дамымады, елдің сана-сезім деңгейі көтерілмеді. Сондықтан озық идея өкілдерінің ой-пікірлерін жалпы халық түсініп қабылдай алмайтұғын. Сондықтан Абай сол дәуірде қоғамды өзгертудің бірден-бір әдісі болып саналған қарулы төңкеріс тәсілін қолдануды дәріптемеді. Бұның өзі Абай ұл гуманист екендігін, сондай-ақ оның идеясының орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой ойымен тоғысып жатқандығын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет