Саясаттану сөзі гректің саясат және ілім деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны береді. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтығ ортасында саясатты діни - мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендерге Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар жатады.
Саясаттанудық негізін қалаушы деп – Аристотельді атаймыз. Себебі ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазды. Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы : Фама Аквинский.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы: Никколо Макиавелли болды.
Саясаттанудың қоғамдық ғылымдармен байланысы жайлы айтсам.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.Себебі, олардың бәрінің зерттеу обьектісі - ортақ қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Саясаттану ең алдымен философия тығыз байланысты. Философия – табиғат, қоғам мен таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Саясаттану - қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану экономикалық теориямен құқықтық ғылыммен өзара байланысты. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі – әлеуметтану. Саясаттану зерттейді: Саяси салалардың даму заңдылықтарын, саяси жүйені және процесс пен сананы, саяси ілімдер тарихын, ғаламдық мәселелер, саяси салалардың даму заңдылықтарын зерттейді.