Сыни – диалектикалық - саясаттың даму көздері болып табылатын қайшылықтарды, ондағы өзгерістерді сыни талдау негізінде анықтауды талап ететін әдіс.
Саясаттанудың парадигмасы
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
Теолигиялық – ол саясатты, билікті Құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік – саяси құрылыс.
Натуралистік – ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен географиялық ортамен және биологиялық пен психологиялық ерек. түсіндіріледі.
Әлеуметтік - саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эститикалық тағы басқа көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
Тиімді – сыни – ол саясаттың табиғатын анық өз іліміндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.
Б.э. дейінгі (І-ІІ мың жылдықты) ежелгі Египеттіктердің қытайлықтардың, үнділердің, гректердің, римдіктердің әлеуметтік саяси түсініктері діни-аңызға негізделген сипатта болды. Олардағы өкімет билігі, басқару тәртіптері көбінесе құдаймен байланыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |