Саясаттану ғылым ретінде


САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ



бет10/32
Дата15.11.2022
өлшемі72,21 Kb.
#158379
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå

САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Сайлау - бұл азаматтардың еркі арқылы басқарушы элитаны өзгерту құралы. Олар мемлекеттегі саяси күштердің сәйкестігін ашуға мүмкіндік береді және элитаға бақылау жасаудың бір түрі болып табылады
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Мажоритарлық сайлау жүйесі. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.
Пропорционалды сайлау жүйесі.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:

  1. дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

  2. қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет