Саясаттану ғылым ретінде


Қозғалыс түсінігінің тағы бір мағынасы



бет9/32
Дата15.11.2022
өлшемі72,21 Kb.
#158379
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå

Қозғалыс түсінігінің тағы бір мағынасы — көптеген қозғалыстар ұйым түрінде құрылады. Бұл жағдайда қоғамдық қозғалыстар деп өз мақсаттарына қол жеткізу үшін күрес жүргізетін нақты қоғамдық ұйымдарды айтады. Мұндай қозғалыстар мемлекеттік органдарда тіркеледі, саяси күрес жүргізеді, тұрғындарды өз қатарына саяси партиялар тәрізді тартады. Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі:
— Бұқаралық сипат. Қозғалыстар құрамы тым әртүрлі және көптеген таптар мен әлеуметтік топтарды қамтуы мүмкін.
— Нақты ұйымдасу құрылымының жоқтығы. Қозғалыстарда нақты белгіленетін мүшелік болмайды. Олардың құрамына жеке азаматтар да, сонымен қатар ұйымдар да кіре алады.
— Бір немесе бірнеше мақсаттар төңірегіне бірігу. Қозғалыстар өз мүшелерінен барлық мәселелер бойынша идеологиялық жақындықты талап етпейді. Әдетте, азаматтарды нақты мақсат біріктіреді, ал ол мақсатқа қол жеткізу сол қозғалыстың ыдырауына немесе оның жаңа ұрандармен қайта қүрылуына алып келуі мүмкін. Мәселен, 80 жылдардың аяқ кезінде ұлттық тәуелсіздік идеясы бұрынғы КСРО республикаларының көптеген азаматтарын біріктірді. Осының негізінде Латвия, Эстония, Грузия, Әзірбайжан, Белоруссия, Молдавия елдерінде халық фронттары, ал Украинада «Рух», Литвада «Саодис», Арменияда армяндық жалпыұлттық қозғалыстар пайда болды. КСРО қүрамындағы республикалардың осыдан кейін көп өтпей-ақ өз тәуелсіздіктеріне қол жеткізуі, өз кезегінде, сол идея негізінде құрылған саяси партиялар мен басқа да ұйымдардың ыдырауларына алып келді. Ал, өздерін сақтап қалған қозғалыстар өз мақсаттары мен міндеттерін өзгерте отырып өздерінің бұрынғы бұқаралық сипатынан айырылды. Оларды тіпті жаңа ұйымдар деп те айтуға болады.
Жоғарыда аталған барлық нақты ұйымдар («Невада-Семей», «Азат» және т.б.), өздерін тек осы мағынада қозғалыстар деп атайды. Олардың партиялардан ерекшелігі — олар парламенттік орындар үшін және үкіметті жасақтау құқығы үшін күресуді өздерінің алға қойған мақсаттарына қол жеткізудегі басты әдісі деп санамайды. Сондықтан, олар бұқаралық шаралар ұйымдастыру жолымен мемлекетке, жергілікті билік органдарына ықпал етеді, олардың қандай партияларға жататындығына қарамастан депутаттарды өз жағына тартып жұмыстар жүргізеді. Солай болса да, бірқатар қозғалыстар сайлау кампанияларына қатысады және онда біршама жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Мұндай ұйымдардың көпшілігі өздерінің саясатқа араласпайтындықтарын жариялай отырып, өздеріне жақын партиялар мен одақтарға қолдау білдіру жолымен саяси күреске жанама түрде қатысады.
Қазіргі күнде Қазақстанның саяси өмірінде әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар — партиялар, кәсіподақтар, әйелдер, жастар, діни ұйымдары, клубтар, одақтар, ассоциациялар, құқық қорғаумен айналысатын бірлестіктер және тағы басқа да көптеген ұйымдар әрекет етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет