Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы заңы 2012 жылы 6 қаңтарда енгізілді. Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. 5 тарау және 30 баптан тұрады.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
3-бап. Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары
4-бап. Ұлттық қауіпсіздік түрлері: қоғамдық, әскери, саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық
5-бап. Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделерi
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
2) заңдардың дәлме-дәл әрi бiркелкi орындалуы және құқықтық тәртiпті сақтау;
3) елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;
4) қазақстандық отаншылдық және Қазақстан халқының бiрлiгi;
6-бап. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер
7-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi
8-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi функциялары
9-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi
10-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктері
11-бап. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өкілеттіктері
12-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өкілеттіктері
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілеттіктері
14-бап. Қазақстан Республикасы соттарының өкілеттіктері
15-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлеттiктерi
16-бап. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының өкiлеттiктерi
17-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезiндегiадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерi
18-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегiшаралар
19-бап. Қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
20-бап. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
21-бап. Саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету
22-бап. Экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
23-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
24-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы
26-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегiіс-шараларды қаржыландыру
27-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
28-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
29-бап. Осы Заңның өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі