Пайда болу сипаты мен ұйым ерекшелігіне байланысты: дәстүр бойынша құрылатын топтар – қоғамдағы орны үлкен емес. Мұндай топтар дәстүрі мықты дамушы индустриалды елдерде кеңінен тараған. Институцияланған топтар – формалды ұйымдар жататын топ. Мысалы саяси партиялар мен әкімшілік ұйымдар кіреді. Ассоциациялы топтар – дамыған мемлекеттерде кеңінен тараған. Олар әлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен айналысады.
Алға қойған мақсаттарына байланысты мүдделі топтар: бірмақсатты- яғни нақты бір мақсатты алға қойып, соған жетуді көздейтін топтар; көпмақсатты – бірнеше мақсат қоя отырып, жан-жақты мәселелерді шешуге қатысады.