Саясаттану оқУ-Әдістемелік кешені


Тақырып №4 Билік – саяси феномен ретінде



бет23/75
Дата08.02.2022
өлшемі256,25 Kb.
#118340
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
Байланысты:
Саясаттану о У- дістемелік кешені

Тақырып №4 Билік – саяси феномен ретінде
Сабақтың мақсаты:
Саяси биліктің мемлекет дамуындағы маңыздылығы

Негізгі мәселелері:



  1. Билік ұғымы. Билік тұжырымдары. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.

  2. Саяси биліктің түрлері. Мемлекеттік билік пен саяси биліктің жоғары түрі ретінде.

  3. Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары.



Билік дегеніміз бұл - қоғамның беделінің, ерік-жігерінің, күш көрсетуінің көмегімен бір адамдардың басқа біреулердің ұстанған бағыт-бағдарына немесе қызметіне шешуші дәрежеде ықпал етуі.
Билік — басқа адамдарға жасалатын ықпал арқылы белгілі бір мақсатқа жету; белгілі бір тәсілдерді, атап айтқанда, күш көрсетуді қолдану мүмкіндігі; Басқарушы мен Басқарылушының және іс-әрекетке қатысушы ерекше тұлғалардың арасында өзгеше бір, үлгідегі қатынастар арқылы сипатталады. Бұлар басқа адамдардың іс-әрекеттерін өзгерту мүмкіндігіне, белгілі бір тәсілдерді — күш көрсету тәсілін қолдану мүмкіндігіне негізделелі.
Биліктің нәтижесінде қоғамдық қатынастар мақсатты түрде алдағы нысанаға қарай бағытталады, басқару мен бақылау байланыстарының дұрыс сипатын қалыптастырады, ал адамдардың бірлесе өмір сүруі аса ұйымшыл және тәртіпті болады. Билік ұғымы арқылы саяси институттарды, саяси қозғалыстарды, саясаттың өзін ой елегінен өткізіп, мәнін білуге мүмкіндік туады. Билік әлеуметтік қатынастарды ретке келтіруді әртүрлі: сендіру, ынталандыру, ырықсыз көндіру мен күш көрсету секілді құралдары арқылы жүзеге асырады.
Билік, біріншіден, жалпы адамның конституциялық бостандығын әр кезде, барлық жағдайда қамтамасыз ету үшін; екіншіден, қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін құқықты бекіту үшін; үшіншіден, жасампаздық – шаруашылық қызметін атқару үшін қажет.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілері:
1.Телеологиялықанықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2.Бихевиористіканықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
3.Инструменталистіканықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р.Даль (1915жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4.Структуралистіканықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
5.Конфликтіліканықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шеншудің құралы деп түсіндіреді.
6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.
7.П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірденеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
8.Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.
Билік - түптеп келгенде адамның әртүрлі іс-әрекетінің бағытына, сипатына және таптар мен топтардың, жеке адамның мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық және құқықтық-ұйымдастырушылық механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мүмкіндік. Биліктің мәні басшылық, үстемдік және бағыну қатынастары арқылы көрінеді.
Биліктің бірнеше түрлірі бар, соның ішіндегі маңыздысы саяси билік болып табылады. Себебі ол үлкен әлеуметтік топтар арасындағы саяси қатынастарды көрсетеді. Яғни саяси билік - белгілі бір таптың, топтың саясатта өз еркін жүргізе алу қабілеті. Саяси билік - саясаттанудың негізгі пәні болып табылады, саяси билік дегеніміз белгілі бір таптар мен топтардың мемлекеттік өз органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемдігі.
Саяси биліктің ерекшелігі: 1) ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады; 2) қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер (лидерлер) арқылы жүргізіледі; 3) саяси биліктің ерекшелігі – арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл тенсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті камтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет