- Саясаттану обьектiсi – қоғамдағы саяси қатынастар.
- Қоғамның саяси қатынасы өзiне билiктiң әрекет ету процесi мен дамуын, бұқараның билiкке қатысуын, сонымен бiрге саяси ықпал ету обьектiсi - экономикалық, әлеуметтiк және рухани мүдделердi қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет обьектiсiнiң барлық саласы.
- Саясаттанудың зерттеу пәнi – саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi.
- Американ саясаттанушысы Г. Лассуэлл (1902-1978 ж.ж.) «бiз саясат саласындағы ғылым туралы айтқанда, бiз билiк туралы ғылымды айтамыз» – деп жазды.
Саясаттанудың негізгі категориялары - Саяси /саясилық/ және саясат
- Билiк
- Саяси жүйе
- Азаматтық қоғам
- Мемлекет
- Саяси партия
- Саяси мәдениет
- Саяси режім
САЯСАТТАНУ ҰҒЫМЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ - Саясаттану ұғымы гректің «Politik» және «Logos» деген сөздерінен шыққан:
- 1. «Politik» - мемлекеттiк, немесе қоғамдық iстер, мемлекеттiк iстi басқару өнері деген мағынаны;
- 2. «Logos» - iлiм, ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Саясаттану анықтамасы - Саясаттану дегенiмiз қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштерi, оны ұйымдастыру жолдары, тәсiлдерi, қағидалары, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым.
- Саясаттану– саясат және саяси билiк, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстер туралы логикалық тұрғыдан негiзделген бiртұтас iлiмдердiң жиынтығы.
Саясаттанудың қызметтері - Танымдық
- Бағалау
- Саяси әлеуметтендіру
- Реттеушілік, басқару
- Саяси өмірді жетілдіру
- Болжау
Достарыңызбен бөлісу: |