- Теологиялық парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезiнде пайда болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.
- Натуралистiк парадигма саясатты әлеуметтiк сипаты жоқ табиғи себептермен, мәселен географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшелiктермен байланыстыра түсiндiредi.
- Әлеуметтiк парадигма. Ол саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтiк факторлар арқылы түсiндiредi. Мәселен, марксизм саясаттың мәнiн экономикалық қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы тудырады деп тұжырымдады.
- Тиiмдi-сыни парадигма саясаттың табиғатын, оның өз iшiндегi себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi.
Саясаттануды оқып үйренуге деген қажеттіліктер: - Мемлекеттік жүйелердің халықтың көпшілігін саясатқа араластыруға деген талпынысы;
- Азаматтық қоғам қалыптастыруға ұмтылыс, саяси мәдениеті көтеру;
- Демократиялық жағдайда ЖОО студенті саяси өмірден хабардар болуға үйренуі тиіс;
- Қазіргі кезеңде саясаттан тыс, саяси үрдістерді түсінуге талпынбай өмір сүру мүмкін емес.
- Саясаттанудың ғылым ретінде қамтитын мәселерінің ауқымы да өте кең.
Саясаттанудың негізгі мектептері - Американдық саясаттану мектебі (Г.Алмонд, З.Бжезинский, С.Верба, Р.Даль, Д.Истон, С.Липсет, С.Хантингтон және т.б.).
- Ағылшын саясаттану мектебі
- Неміс саясаттану мектебі (Т.Адорно, Х.Арендт, Р.Дарендорф, Э.Фромм)
- Француз саясаттану мектебі (М.Бонгран, П.Бурье, Ф.Буррико, Д.Давид, М.Фуко
Достарыңызбен бөлісу: |