Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет35/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар
59530086-2879-4430-a27a-3e94e01e82d3 (1), Силлабус каз, Зертханалық жұмыс Қуанышбек Ақбота.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Саяси элита деп нені айтамыз және не үшін керек?
2. Саяси лидер болу үшін қандай қасиеттер керек?
3. Қоғам дамуындағы саяси элитаның ролі неде?


Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері» Алматы, «Жеті жарғы» 2000
2. «Мәңгі құндылық – ұлттық, халықтық мүдде мен адамгершілікте» Дала мен қала №6, 9 ақпан, 2007. 16 б.
3.Егемен Қазақстан. «Қоғамның саяси өмірінде париялардың ролі артады»(3)
4. «Страна и мир» №1, 1б. 05.01.2007


Тақырып №14 Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Сабақтың мақсаты:
Халықаралық саяси қатынастарды қалыптастыруда идеологияның ролі

Негізгі мәселелері:


1.Дүниежүзілік саясат ұғымы.
Халықаралық қатынастар жүйесі.
2.Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар)
3.Геосаясат.
4.Халықаралық қақтығыстардың себептері.
5.Қ Р сыртқы саясаты.

1.Дүниежүзілік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.


Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді.Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейге жүргізілген саяси, эканомикалық, құқықтық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қаныстарының жиынтығын айтады.
Бұл айырмашылықтар, біріншіден,халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты.Мысалы, сыртқы саясатта жеке мемлекеттер жүргізеді.Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар,әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мкмлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін.Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі,түпті бастамасы, принціптері қаланады.Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясатар арқылы нақтылады және жүзеге асырылады.
Мемлекеттік күштертің арасалмағымен байланысты «теңдігі»немесе «саяси теңдік» деген ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл ұғымдар 17-ғасырда енді.Сол кезде өмір сүрген Фенелон деген француз мемлекет өз көршілерінің күшеюіне жол бермеуі керек деген идеяны алға тартты. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты «белгілі бір шектен шығып» кетсе, барлық басқа мемлекеттердің жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі.Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп – жадатады деді ол. Сондықтан, оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара теңдік пен тепе-тендікті сақтаулары керек.Сонда ғана тұрақтылық қамтамасыз етіледі.Ал орыстың В.Ф.Малиновский (1765-1814) деген ағартушысы «Соғыс пен бейбітшілік туралы ой жүгірту» деген еңбегінде дүние жүзілік әлемде сот пен полицейский жоқ. Сондықтан агрессордың сазайын тартыратын және агрессияның алдын алудың құралы мемлекеттер арасындағы «күш теңдігі» болуы керек дейді.Кейін бұл ұғым сыртқы саясаттың құралы ғана емес, мақсатына айналды.Себебі, мұндай жағдайда мемлекет халықаралық аренада өз тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Соңғы кезде Американың беделді идеялогы З.Бжезинский бұл мәселеге басқаша ой тастады.Ол халықаралық саясаттың жаңа үлгісін ұсынады.Оның ойынша, адам мен қоғамға қазір ғылым мен техниканың дамуы орасан зор әсер етуде.Соның арқасында экономикалық өмір интернационализацияланып,жеке елдердің өзара байланыстылығы өсуге.Әлемдік өндіріс пен айырбас қалыптасуда. Сондықтан жоғарғы жалпыадамзаттық құндылықтар үшін барлық мемлекеттер тең дәрежеде өздерінің егемендігінен бас тартуы керек дейді. Егер экономиялық және т.б. әлемдік (глобальдық) мәселелерді еске алсақ, бұл сөздің де жаны бар сияқты. Бұл идеяның құптаушылары да, қарсыларыда бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет