Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет34/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар
59530086-2879-4430-a27a-3e94e01e82d3 (1), Силлабус каз, Зертханалық жұмыс Қуанышбек Ақбота.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Идеология деген не? Оның ерекше белгілері қандай?
2. Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы неде?
3. Саяси мәдениеттің қандай типтерін білесіз?


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №13 Саяси элита және саяси көшбасшы


Сабақтың мақсаты:
Элита мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыратын саяси мәселелерге тоқталу
Негізгі мәселелері:
1. Саяси элита ұғымы, қалыптасу түрлері.
2. Саяси элита функциясы саясаттың феномені ретінде.
3. Саяси көшбасшы ұғымы, типологиясы.
4.Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшы институты және саяси элита.
Платон, Аристотель, Конфуций ілімдерінен бастап қазіргі заманға дейінгі элитарлық тұжырымдамаларға талдау жасаған. Оларды қоғамның әрбір тарихи кезеңдерінде әр ғалым өз қырынан атаған: бірі «жаңа тап», «интеллектуалды тап», «интеллигенция» десе, келесі бірі – «ақ жиделілер», «интеллектуалдар», «технократтар», «менеджерлер» деген.
«Жаңа тап» ұғымын алғаш рет М. Бакунин өз еңбектерінде қолданғанымен, «жаңа орта» таптарды зерттеудегі негізгі ынта неміс зерттеушілері Э. Ледерер, Я. Маршак, Х. Спейер есімдерімен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, бұл тараушада элитаны кәсіби-біліктілік белгілері бойынша анықтауда үлкен еңбек атқарған ғалымдар К. Маннгейм, Дж. Бёрнхейм, Р. Дарендорф, Т, Боттомор, Э. Гидденс, Э. Гоулднер, П. Дракер, Дж. Голдторп, Ф. Махлуи, М.Янг және басқаларының көзқарастары қарастырылған. Бұлардың ойынша қоғамның саяси, экономикалық салаларының қарқынды дамуы интеллигенцияны, интеллектуалдарды, менеджерлерді алдыңғы қатарға шығарады.
Қазақ даласында «интеллектуал», «интеллигенция» ұғымдарының баламасы ретінде «зиялы», «зиялылық» түсініктері кең қолданылған. Және бұл ұғымдарға балама «сапалық» өлшемдердің болғандығын тарих ғылымының докторы Х. Әбжановтің еңбектеріне сүйене отырып, жауапты қазақ этногенезінің қойнауынан іздейді.
Одан әрі, бұл үрдіс қазақ хандығы тұсында өз жалғасын тапты. Елі мен жері үшін қиын-қыстау заманда жанын құрбан ететін кез-келген ұлттың бетке ұстар ұлдары болады. «Қазақ қоғамында да халқымыздың тағдырын кілт басқа арнаға бұрған, елдігімізді сақтауға өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар аз болмаған»– деп ел ұлдарының ерлігін профессор Ә. Нысанбаев жақсы суреттейді.
Профессор С.Б. Дорженов «қазақ арасында зиялылар деген қасиетті ұғымның пайда болу кезеңі, оның ұлттық сөз қорына енуі XX ғасырдың басы...» - деп топшылайды. Бұл Ресей империясының отаршылдық саясатымен тұспа-тұс келеді. Біртіндеп «Қоғамдық санада ол «оқығандар» - «образованные» және «зиялы» - «интеллектуал»» деген атпен орнықты.
Интеллектуалды элитаға кімдер жататындығын анықтауда зерттеуші кейбір отандық және ресейлік ғалымдардың интеллектуалды элитаға қатысты жасаған тұжырымдамалары мен жүйелеу әдістеріне сүйенеді. Мәселен, ресейлік ғалым Б.М. Фирсовтың «Воспроизводство научной элиты» атты зерттеуіндегі ғылыми элитаның топтастырылуына. Және Қазақстандық жас зерттеуші А.Жұрқобаеваның ғалымдарды топтастыруына өзіндік толықтырулар енгізеді.
Интеллектуалды элита – ғылымда және ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыста жоғары жетістіктерге қол жеткізген шағын зерттеушілердің тобы деген тұжырымды дәлелдеуде, оларды анықтауда қолданылатын тәртіптер мен талаптарға тоқталады. Осы орайда ресей зерттеушісі С.А. Кугельдің элиталық белгісі ретінде зерттеушінің нақтылы ғылымға қосқан үлесін алуға болатындығын және беделді басылымдарда басылуын, патенттерінің санын, цитат-индекс бойынша рейтингісін, ғылыми марапаттары мен сыйларын, ғылыми кеңестерге мүшелік етуін өлшеу қажеттілігін, оқу орнының беделдігін , ғылыми зерттеуінің өзектілігі мен нәтижелілігін ескеру керектігі негізделеді.
Сонымен қатар, интеллектуалды элитаның құрылымын анықтауда батыс зерттеушісі Сьюзанн Келлер енгізген «стратегиялық элита» тұжырымдамасыда негізге алынады. С. Келлер бұл ұғым арқылы «шешімдері мен іс-әрекеттері қоғамның басым бөлігі үшін шешуші болып табылатын» кәсіби саясаткерлерді атаған. Кәсіби саясаткер деп сәйкесінше білімі мен біліктілігі бар, саясатты мамандық тұтқан адамдарды айтуға болады. Және де, ресейдің белгілі элитологы О. Крыштановскаяның стратегиялық элита: «стратегиялық жоспарлау мен жобалауды өздеріне алған формальды емес субэлиталық топтар» деген тұжырымдамасына сүйене отырып, бұл топқа саясаттанушылар мен аналитиктерді де жатқызуға болатындығы айтылады.
Келтірілген тұжырымдамаларды саралай келе, автор интеллектуалды элитаның құрылымын үшке бөледі. Бірінші топқа - бұрын интеллигенция, зиялы қауым деп аталып келген топ өкілдерінің белгілі бір салаларда үлкен жетістіктерге жеткен ғалымдар, өнер, мәдениет, қоғам қайраткерлері мен ғылым қызыметкерлерінің көрнекті бөлігі жатады. Екінші топқа – стратегиялық элитаны, яғни саяси тәжірбие мен теорияны ұштастыра білген кәсіби саясаткерлер жатады. Үшінші топқа – білікті аналитиктер мен саясаттанушыларды, эксперттерді, білді кеңесшілерді жатқызамыз. Біздің ойымызша интеллектуалды элита осы үш топтан құралады.
Тараушаны қорыта келе автор «интеллигенция» мен «зиялы қауым» ұғымдарының арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ деген пікірге келеді. Бұл ұғымдар әр елдің өзіндік игі жақсыларын бейнелеуде қолданылады және ішкі, сыртқы мән-мағыналарындағы сәйкессіздіктер әр елдің мәдени-тарихи орталарына байланысты. Біздің ойымызша бүгінгі таңда интеллигенция, зиялы қауым ұғымдары әлеуметтік көрсеткіш ретінде ұқсас ұғымдар. Себебі, кеңестік сарында қолданылғаннан кейін «зиялы қауым» түсінігінде де таптық-топтық мағына естіледі. Және де, белгілі бір нақты шекарасы жоқ аморфты әлеуметтік топты көрсетеді. Интеллигенция, зиялы қауым ішкі әлеуметтік мүдделер мен құндылықтар негізінде топтаспаған, бірікпеген топ. Сонымен қатар, біздің пікірімізше, «интеллигенция», «зиялы қауым» ұғымдары сапалықтан гөрі сандық өлшемге жақын жалпылама атау. Ал, интеллектуалды элита ұғымын қолдану арқылы сапалық белгісін көрсетеміз. Саяси, әлеуметтік-қоғамдық және т.б. салаларда үлкен жетістіктерге жеткен адамдарды белгілейтін, топтастыратын түсінік. Басқаша айтқанда интеллектуалдылықты да, зиялылықты да бір өзіне біріктірген екі ұғымның гибриді интеллектуалды элита.
Р.Әбсаттаров “Саяси мәде­ниет”, “Саяси элита және саяси көшбас­шылық” тақырыптарында өзі тілге тиек етіп отырған мәсе­лелерді түп тамырын тереңінен толғап, олардың дәл қазіргі Қазақстан жағдайындағы тұрпына талдау жасайды. Осы тұста, әсіресе, “Саяси элиталардың қа­лып­тасу, ауысу процестері және олардыңфункциялары” деп ата­латын мәселелер қарастырылған кезде автордың ғылыми саралау әдістерімен қоса оның азаматтық позициясы айқын аңғарылып отырады. Біріншіден, бұл күндері тәуелсіз Қазақстанның саясат­керлері мен саясаттанушыларының жаза толқынын әзірлеп шығару елеулі міндет болып отырғаны сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде еліміздің саясат өнерімен айналы­сатын жастарды дайындайтын жоғары және арнаулы оқу орын­дары үшін бұл ауадай қажет деп есептейміз.
Екіншіден, көптеген партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың жергілікті буындарының қызмет­керлері өздерінің кәсіптік білімін жетілдіру мақсатында осы үзбей пайдаланса артыпты етпейді. Үшіншіден, Қазір бүкіл ел клемінде ана тілімізді мәрте­бесін өсіру жолында мтылыс жріп жатанымен ол біратар жерлерде трлі кедергілерге тап болып отыраны жасырын емес. Осы трыдан келгенде профессор Раушанбек Әбсаттаровты “Саясаттану және оны пробле­малары” деп аталатын ора­лыны қазақ тілінде жазылып, мемлекеттік тіл бағдарламасын орындау жолындағы нақты бір лшынысты мысалына айналып отырғандыы қуантады. Сонымен қатар осы ЖОО-ны студенттері мен магистрлеріне, аспиранттар мен оқытушыларына, сондай-ақ саясаттанудың пробле­маларына қызығушылық таныта­тындардың барлығына да саяси мәселелерді дұрыс түсінуіне барын­ша жәрдемін тигізеді деп сенеміз.
Қазақстандағы саяси партиялардың еліміздің өркендеп дамуында орны ерекше. Елбасымыздың елу дамыған елдердің қатарына кіру стратегиясына саяси партиялардың берер үлесінің маңыздылығы өте қарқынды. Қазіргі Қазақстандағы көппартиялық саяси партиялардың атқаратын жұмыстары билік үшін күреске ұмтылу болмау керек. Өйткені тәуелсіздігіміз енді 15 жылдық жас ғұмырына аяқ басқан кезде билікке таласу жөнсіздік деп ойлаймын. Өйткені 3 ғасырға жуық Ресей бодандығында болған еліміз қайта қателіктерге бой алдыруы, ішкі саясатымыздың тұрақсыздығына алып келеді. Өйткені буыны қатып, белі бекімеген жас мемлекетіміздің бүгінгі ғана өміріне қарамай, ертеңгі болашағына қарауымыз керек. Ондай жолсыздықтарға жол бермеуіміз үшін өткен тарих беттерін ашып, еліміздің болашағының бағытын дұрыс зерделеп алуымыз қажет. Қазақстан демократиялық бағытты таңдаған тәуелсіз мемлекет, сондықтан еліміздің 3 мыңжылдыққа тәуелсіздікті арқалап өтуі жас ұрпаққа жаңаша дұрыс бағыттағы Отандық идеологияны қалыптастырады. Билік басындағы мемлекеттік қызметкерлер, ұлт зиялылары қазіргі таңдағы әлемдік бәсекелестікте дұрыс шаралар қабылдап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа бәсекелестікке қабілетті болу жолдарының үлгісін, нәтижесін көрсетуі және бағдарлауы қажет. Биылғы жыл еліміздегі саяси партиялардың ірілену жылы болды. Қазақстандағы саяси партиялардың жүйесі көппартиялық болғанымен, саяси бағытына қарай бірігуі өте маңызды. Қазақстандағы саяси партиялардың даму қарқынына келетін болсақ 1990 жылдардан бері Қазақстандағы саяси партиялардың даму сатысы жүзеге асып келеді. Қазіргі уақытпен салыстырғанда сол кезде саяси партиялар құрылу кезеңін бастан кешіп жатты.
Қазірдің өзінде саяси саяси партиялардың қызметтері төмен. Оған әрине әр түрлі жағдайлар себепші. Осыған мәселеге байланысты еліміздегі саясаттанушылардың пікіріне келетін саясаттанушы Нұрлан Сейдіннің айтуы бойынша, алғаш еліміз тәуелсіздік алған жылдары, демократиялық заңдылықтарды орындау үшін көптеген партия қолдан жасалған. Әрине тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің артта қалған КОКП-ның, яғни КСРО-лық идеологияның халық бойында қалыптасқан тоңдары әлі ери қоймаған еді. Сонымен қатар сол кезде кейбір партиялардың халықтан қолдауы бар, бірақ жеткіліксіз болды. Бәрімізге белгілі саяси партиялардың құрылуы жоғарыдан немесе төменнен жүреді. Ал, біздегі партиялардың басым бөлігі жоғарыдан құрылды. «Ауыл партиясының» төрағасы Ғ.Қалиев пікірі бойынша саяси партиялардың беделінің төмендеуіне қоғамымызда объективті және субъективті себептер бар. Мәселен, біздің халық 70 жыл бойы сеніп үйреніп қалған. Осы санадағы түсінікті өзгертіп, жаңаша көзқарас қалыптастыру оңайға соқпай отыр. Сонымен қатар қаржы мәселесімен қатар саяси партиялардың толыққанды жұмысының төмен болуын жатқызады.
Қазақстандағы саяси партиялардың белсенділігінің төмен болуына әр түрлі факторларды келтіруге болады:
-Партияның ұстанып отырған идеологиясы
-Партия элоктаратының санына
-Қаржы мәселесі
-Партияның құрылу жүйесіне
-Партияның саяси реформасы
-Саяси партиялардың ролі мен функциясы
-Саяси бәсеке күресі
Осы жоғарыда келтірілеген факторларға байланысты партиялардың даму процессі айқындалады.
«Отан» партиясы 1999 жылдан құрылғаннан бері өзінің қызметін елдегі саяси партиялардың алғы шебінде халыққа қызмет етіп келеді. Еліміз құрылғаннан бірінші онжылдыққа дейін талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Еліміз Азиядағы қаржы дағдарысын басыннан кешті. Қазақстан мырышқа , қорғасынға, алюминийге әлемдік бағалардың құлдырауынан көптеген кедергілерге тап болды. Сол кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындарына банкроттық қатер төнді. Сыртқы шептердегі ахуал да айтарлықтай қауіпті болып тұрды. Орталық Азия мемлекеттерінің аумақтық тұтастығы халықаралық лаңкесшілердің онтүстіктен болған тікелей шабуылдарынан сынға түсті. Көптеген адамдар опат болып, ертеңгі күнге аландаушылықпен қарады. Сол уақыттарда жалақы мен зейнетақыны төлеудегі ұзақ мерзімді кідірістер қоғамда елеулі әлеуметтік шиеленіс туғызғаның халқымыз басынан өткерді. Елімізде сол кезде партиялардың қатары көбейді. Барлығы еліміз үшін әртүрлі бағытта сол тығырықтан шығудың жолдарын және сол уақыттағы қоғамды мазалаған мәселелерді шешуге өздерінше қарады. Сол кезде «Отан» партиясы құрылған күннен бастап елімізді тұрақтандырушы, біріктіруші партиялардың бірден бір серкесі болды. «Отан» партиясы отандық өндірісшілерді қорғау, салық саласында және т.б. бағыттағы қызметтердегі ахуалдарды шешуге кірісті. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы партияның ұзақ мерзімді бағдарламасына айналды. Қазіргі танда еліміздің даму деңгейі, яғни әлеуметтік экономикалық жағдайы өсіп келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі қысқарды. Ішкі жалпы өніміміз бұрынғыға қарағанда едеуір көбейді. Жылдан жылға халықтың жалақысы өсіп отыр. Әрине осының бәріне демесекте, айтарлықтай көлемді орынды мұнда саяси партиялар алады.
«Отан» партиясы ауылды түлету бағдарламасына да айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі күні ол Қазақстанның әрбір ауылдық ауданында өзінің бастуыш ұйымдары бар бірден-бір саяси партия. Елдегі саяси партиялар өздерінің құрылуы жүйесіне қарай әртүрлі бағытта жұмыс істегенде «Отан» партиясы көп ұлтты Қазақстан халқының партиясына айнала алды.
Еліміздегі «Азаматтық» партияны айтар болсақ оның да елге қосқан үлестері жетерлік. Дегенмен де, билік құрлымы мен қатынастары жүйесінде саяси партиялар институтының өзіндік орны бар екендігін көпшілігіміз мойындағандай болдық . Содан болса керек, қоғамымыздағы көзқарастары мен мүдделері сәйкес келетін азаматтар ортақ саяси ұйым құрып, мақсаттарын жүзеге асыруға бел шеше кірісіп жатты. Осындай мақстатта ортақ мүддені арқау еткен біраз азаматтар бас қосып еліміздің өндірісшілерін, қарапайым жұмысшылары мен мамандарын бір тудың астына біріктірген Қазақстан Азаматтық партиясының тұсауы кесілді.
Азат Перуашов партияның төрағасы міндетін атқарды. 1999 жылы өткен сайлауда Азаматтық партия салықты, оның ішінде қосымша құн салығын азайтуды талап еткен жалғыз партия болды. 2000 жылы Азаматтық партия мемлекеттік қызметті реформалауға атсалысып, министрліктер мен ведомстволар онды-солды жұмсап отырған қаржыны 860 млн. теңгеге қысқартуға қол жеткізген. Бұл ақша әлеуметтік бағдарламаларға, атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру және зейнетақымен қамтамасыз ету салаларына жұмсады. Осылай тізіп айта берсек партияның партияның Қазақстан Республикасының заңына және т.б. көптеген елдік мүдде мақсатында атқарған істері жетерлік.
Қазақстандағы беделді саяси партиялардың бірі «Ақ жол» партиясы. Партия 2002 жылы құрылып, еліміздің дамуына өзпайдасын тигізіп жатқан бірден-бір партия. Ә. Байменовтың мына сөздеріне қысқаша тоқталсақ:
- «Біз біреулер сияқты бәрін қара қылып көрсетуге қарсымыз, базбіреулер секілді барлығын тамаша, жақсы деп көрсетуге қарсымыз. Қазақстанның жетістіктерін көрмеу-соқырлық, ал елдің кемшіліктерін көрмеу – жаны ашымағандық».
Партия бүгінге дейін жиырмадан астам заң жобасын, әртүрлі бағдарламалар ұсынды. Оның біразын Президент әкімшілігі де, үкімет те саралап, кейбір іс жоспарларын пайдаланып отыр. Мысалы, Азаматтық қызмет жайлы заң жобасын әзірлеп, оған мұғалімдер, мәдениет және білім қайраткерлерінің мәртебесін бекітуді ұсынған. Сонымен қатар ардагерлер туралы заң және бәсекеге қабілеттіліктің факторларын анықтауға өз үлесін қосып жатыр.
Біз Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңінің табалдырығында тұрмыз, деп айтты елбасы Н.Ә.Назарбаев. Алайда жаңа міндеттер туралы айтпастан бұрын біз партиялық процестер дамуының қисының айқын түсініп алуымыз керек.
Бірінші қателік қуатты, қазіргі бар саяси жүйеге қолдау білдіретін партиялардың болуы – демократия жоқтығы деген белгіге саяды. Мұндай жағдайда еліміздегі саяси даму бағытының дұрыс бағытта дамып, еліміздің дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және Қазақстан 2030 стратегиясының жұмыстары қоғамымыздың дамуында дұрыс нәтижелерге жетуде партияларымыз бір бағытта жұмыс істесе оны теріс түсініп әртүрлі теріс пікірге ұштастырсақ орынсыз дабыл қағу болмақ. Осыған орай еліміздің аз ғана уақытта көш ілгері қалуын түзеу мақсатында, әлемдік дамыған елдер қатарына кіру, талпыну өте маңызды. Еліміздегі оппозицияның жұмысы мен биліктік партиялар арасындағы елеулі сұрақтарды ағын ақ деп, қарасын қара деп ашық демократиялы түрде алға бірлесе, бір мүддені қолдай баруымыз қажет. Егерде оппозиция мен билік арасында елімізді демократиялы дұрыс бағытпен алға қарай қадам бассақ нұр үстіне нұр болар еді. Қос партиялық немесе демократиялық елдерде ондаған жылдар бойы бір партия жемісті елді басқарған. Екінші жаһандық соғыс аяқталғаннан кейін 1993 жылға дейін Жапонияны іс жүзінде жарты ғасыр бойы бір партия басқарған. Өркендеп отырған Сингапур мен Малайзияда ондаған жылдар сайлауларда бір партия жеңіп отырған.
Екіншіден биылғы жылғы саяси партиялардың іріленуіне еліміздегі саясаткерлер, қарапайым халық арасында да әртүрлі көзқарас болды. Біреулері Отан партиясы саяси алаңды жаулап жатыр дап, ал енді бірі бұрынғы КОКП-ны қайтадан әкелді деп шулап жатты.
Бұл, бiрiншiден, Қазақстанда әлi де болса саяси болжамдар айтуға келгенде орашолақтығымызды, әлi де сарапшылар институтының қалыптаса қоймағанын көрсетсе керек. Екiншiден, әлi де болса партиялар арасындағы пiкiрталас тиiстi деңгейге көтерiле қоймаған. Үшiншiден, саяси сарапшылар арасында да пiкiр қайшылығы қандай нәтиже бередi, деген жалтақтық басым.
Еліміздегі саяси партиялардың іріленуі өзімнің жеке пікірім бойынша дұрыс деп есептеймін. Себебі еліміздің дамуына үлесін қосқан болашақты ойлайтын партиялардың бір арнаға тоғысуы бір мақсат – ол Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу. Ұлттық мүддені іске асыратын бағдарламалардың бағытын дұрыс арнасымен жүргізу. Бұл жерде барлық болып жатқан істерді дұрыс түсіну. Атап айтар болсақ елдегі саяси партиялар санының азайуы демократиядан бас тарту деген емес, қайта сапалы біртұтас көп функционалды партия құру.
Үшінші бір жансақ пікір ол демократиялық елдерде радикалдық оппозиция елеулі ықпалға ие болып отыр дегенді алға тартады. Демократиялы елдер саяси тарихының бүкіл тәжірибесі соңғы жарты ғасырда таңғаларлық бір сипатты танытып отыр. Бұл елдер халқының басым көпшілігі партияларды қазіргі бар саяси жүйелерді қиратудың құралы ретінде емес, қайта сол жүйені жетілдіру құралы ретінде қарастырады.
Төртінші, біздің бірнеше саяси байыпты партиялар құруға бағдарлануымыз бір ғана нәрсені – нақты бәсекелестікті дамытуды білдіреді. Тіркеуден бір немесе екі партия өтеді деген қаншама түңілушілік болжамдар болды. Енді қазі сол түңілме болжамдар қайда? Қазірдің өзінде елімізде тіркеуден өте алмадым деген партиялар құрылып партия саның толықтыруда.
Бесінші жаңсақ ұғым тек көп партиялық саяси жүйе, соның ішіндегі парламенттегі көп партиялық өкілдік қана барлық бәледен дәру болады дегенге саяды. Осы заманғы дүниеде, әрі салғанда, тоталитарлық емес сипаттағы партиялық өкілдіктің әбден тексерілген үш жүйесі бар Бұл барлық денгейде басымдық танытатын бір партиясы бар көп партиялық жүйелер, бұл іс жүзінде кез келген үшінші партияның елеулі ролін жоққа шығаратын қос партиялық жүйелер, бұл, ақырында, ерекше ролді партиялар блогы атқаратын көп партиялық жүйелер.
Қазақстанда, кейбір саясатшылар ұсынатындай, көптеген партиялар қатысатын парламенттік республика құру біздің еліміз үшін қатерлі болар еді. Тұрлаусыз каолициялар, парламентті немесе үкіметті ұдайы таратулар – мұндайға тек қуатты, орныққан экономика ғана шыдас береді, бірақ біздің жас қалыптасу үстіндегі мемлекетіміз емес.
Алтыншыдан, демократиялық елдердің саяси өмірінде либералдардың тұрақты үстемдігі туралы тезис. Іс жүзінде біз бірқатар демократиялы елдерде бүгінде билік басында консерваторлар екенің көріп отырмыз, кейбір жерлерде социал-демократтар, ал тағы бір жерлерде либералдық саяси теорияны жақтаушылар үстемдік етуде. Бұдан 15-20жыл бұрын батыс әлеміндегі жаңа оңшылдардың салтанат құрғанын білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет