Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет20/41
Дата29.10.2022
өлшемі191,88 Kb.
#155545
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.Ішкі функциямен салыстырғанда олар,әдетте,басымдық таныта алмайды;керісінше,ақыр соңында біріншісінен туындайды,оладың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар:а)мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;ә)өзін-өзі билеу,егемендігін сақтау,басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату,олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету; б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына,өтімділігіне,тиімдлігіне жағдай жасау,басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.
Сайып келгенде,мемлекеттің ең басты міндеті-қоғамның тұрақтылығын орнатып,қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.Ол әр-түрлі топтарға,жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе, солармен қатар сондай-ақ халықтың кейбір басқа топтарына тиімді немесе тәртіпті бекітуден тұрады.Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп,қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы-үстемдік етуші тапқа ма,билік жүргізетін топқа ма немесе сондай-ақ халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтың жауабы бұл мемлекеттің қандай екендігіне:прогрессивті ме немесе реакцияшыл ма,демократиялық па немесе халыққа қарсы ма,содан мағлұмат береді.Платонның.Аристотельдің,Гегельдің пікірлері бойынша,мемлекет адамгершілікті бекітіп,қалыптастыру үшін қажет.Кейінірек бұл түсінікке басқа әлеуметтік құндылықтар келіп қосылды.Мысалы,Г.Гроций мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп санады,Т.Гоббс-жалпы қауіпсіздік десе,Жан-Жак Руссо-жалпы еркіндік деді.Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат тұрмыс теориясы,мемлекеттің мақсаты халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды,азаматтардың өмірін,денсаулығын және абыройын болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен қамтамасыз етуі деп біледі.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты проблемаларын теория жүзінде байыптап түсініп,бүкіл бұған дейінгі тәжірибесін зерттеп,оны шешудің қазіргі заманғы әдістерін жасауда творчествалықпен пайдалану қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет