Негізгі әдебиеттер:25 [39-42], 26 [35-37]
Қосымша әдебиеттер: 1 [101-113],10 ч.2[30-75], 4 [191-224], 5 [172-204], 25 [ст.19,20,22 ]
Бақылау сұрақтары 1. Саяси сананың қандай деңгейлерiн бiлесiң?
2. Саяси мәдениеттiң негiзгi белгiлерiн атаңыз?
3. Саяси мәдениетттiң қандай типтерi мен деңгейлерiн бiлесiң?
4. Идеология дегенiмiз не және ол қашан пайдаболған?
5. Саяси әлеуметтену дегенiмiз не?
11 Дәріс. Саяси дау –жанжалдар
Бастауларынан алыстаған сайын өнер ғылымға, ал ғылым көркем дүниеге айнала бастайды, тамырынан айрылған олар ерте ме, кеш пе, асқар шың басында әйтеуір бір кездеседі, - дейді Г. Флобер. Басқару - көне дүниенің өнері, жаңа заманның ғылымы. Басқару саласындағы мамандардың барлығы дерлік , басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және этникалық жүйелердің құрамдас бөлігі екендігін және оның өзінің қағидаттары мен концепцияларына және әдістеріне негізделіп мықты ғылыми-әдістемелік іргетасқа сүйенетіндігін айтады.
Кез келген ғылым табиғат пен қоғам туралы түпсіз терең тұңғыйық ілімнің сан-алуан деректері мен жаңалықтарына сүйене отырып , осынау табиғи һәм қоғамдық ортада адамның өмірі мен тіршілігіне септігін тигізетін құбылыстардың ішкі - сыртқы заңдылықтарын ашып, оны белігілі бір қажетке жарату жолындағы ұдайы да толассыз жүргізілетін әрекеттердің жүйеленіп, сындарланған жиынтығы болып табылады. Кез келген тың құбылыстың өз заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері болады, ол кейде өте қарапайым болуы мүмкін, ғылым осынау қарапайымдылықты, ұзаққа созылған зерттеулерден соң ғана аша алуы мүмкін, кейде ондаған жылдар бойы ол өзінің сырын ашатын ғалымды күтіп жатуы да ғажап емес. Саяси басқару теориясы өзіне ғана тән, зерттеу объектісіне ие – ол басқару үрдісінің заңдылықтары мен осы заңдылықтар барысында адамдар арасында туындайтын қарым – қатынастарды қарастырады, зерттеуге қажетті әдістемелік тәсілдерді, объектіге ықпал етудің күрделі кешінін қалыптастырады, зерттеліп отырған құбылыстардың алдын алудың, барысы мен салдарларын болжау секілді сан – алуан функцияларды жүзеге асырады. т.т.
Адамзаттың практикалық қызметі тек қана қоғамдық өндіріске қатысудан тұрмайды, ол өмірдің барлық салаларын қамтиды, қоғамның материалдық және рухани мәдениетін дамытады.
Адамзаттың қызметінің барлық саласында ғылым мен өнер бір – бірін жоққа шығармайды, олар бір – бірін толықтырып отырады.
Кез келген саяси қайраткер адамдармен тіл табысудың өнерін меңгерген, сұхбаттың, сендірудің хас шебері болумен қатар, өмірдің барлық салалары бойынша өткір де теңдесіз ақылдың және салмақты эрудицияның иесі болуы шарт. Кез келген саяси қайраткер ең әуелі адамдармен жұмыс істейді, сондықтан да ол “адами инженерияның” қыр-сырларын бүге-шегесіне дейін білуі, кең көлемде гуманитарлық және адами білімдерді меңгеруі қажет. Альберт Эйнштейн ғылым мен өнердің тығыз байланыстылығы туралы тезисті қолдаумен өтті; Нильс Бор өнердің әдістерінің жаратылыстануды зерттеудің тәсілдерін байытатынын нақты мысалдармен дәлелдеді; ал Луций Сенека адамның ділін басқарудың өнері болуға тиіс ғылым — «психагогиканы» қалыптастыруға тырысты.
Әрбір адамның өмірлік мол тәжірибесі сұхбаттасу нәтижесінде беделді тұлғаның қарсыласына яки топқа ықпал ете алатындығының алуан түрлі мысалдарын келтіре алады. Ақылды ана, тіптен жоғары білімді болмаса да , от басылық кикілжіңді өте беделді де әділ түрде шеше алады; алыстағы ауылдар мен таудағы қыстақтардың тағдыры дана қарттардың сенімді қолында; талантты актер немесе тәжірибелі шешен өзінің өнерімен тыңдаушыларының жүрегін әп-сәтте жаулап алары хаһ.
Осы орайда 1812 жылғы орыс – француз соғысының қатысушысы әйгілі неміс соғыс теоретигі Карл фон Клаузевиц ғылымды – білім деп, ал өнерді – орындау қабілеттілігі деп атайды.