Саясаттану пәнінен дәрістердің тезистері



бет8/16
Дата08.01.2023
өлшемі0,53 Mb.
#165131
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Саясаттану д рістері

Негізгі әдебиеттер: 9 [34-37]
Қосымша әдебиеттер: 1 [27-37], 4 [69-99], 13ч.1 [102-144], 7 [46-68], 8[51-61], 28[61-80]
Бақылау сұрақтары
1. Билiктiң мәнi неде?
2. Саяси билiктiң негiзгi функцияларын атаңыз?
3. “Үстемдiк”дегенiмiз не, және оның негiзгi типтерiн атаңыз?
4. “Легитимдiлiк” және “жариялық”дегенiмiз не?
5. Бюрократияның негiзгi ерекшелiктерiн атаңыз?
5 Дәріс. Қоғамның саяси жүйесі.
Саяси жүйелерді талдамастан бұрын мынандай бір мәселені атап өткіміз келеді. Батыста қалыптасқан саяси ғылымның басты әдістемелік құралдарының бірі ғана емес бірегейі ретінде өткен ғасырдың 50 –ші жылдарынан бастап жүйелік талдау орнығады. Осы әдістің негізін қалаушылар – Д.Истонның, К.Дойчтың, Г. Алмондтың және т.б. зерттеушілердің батагөйліктерінің арқасында – Батыста “саяси жүйе”, “жүйелік талдау” түсініктері іс жүзінде синонимдер ретінде қолданылды. Өкінішке орай бірқатар посткеңестік зерттеушілер әлі күнге американдық зерттеушілердің өткен ғасырдың 50-ші, 60-шы жылдарындағы қырғи-қабақ соғыс саясаты жылдарында тұжырымдаған кескіндемелер мен қисындарды пайдаланып келуде. Ал, жоғарыда аталған зерттеушілердің өздерінің тұжырымдарына соңғы он жылдықта елеулі өзгерістер енгізгендігі бүгінде ғылымға белгілі жәйт. Сондықтан “ жүйелік талдау” қоғамның саяси жүйесін талдаудың бір әдістемелік тәсілі де, ал “саяси жүйе” терең зерттеуді қажет ететін күрделі феномен екендігін назарда ұстағанымыз жөн.
Қоршаған орта
Талаптар шешім

Кіру

Саяси жүйе

Шығу





Қолдау әрекет



Қоршаған орта
Батыс зерттеушілерінің басым көпшілігі саяси жүйе деп кез келген қоғамда орын алатын саяси рөлдер мен функциялардың қарым-қатынастарының жиынтығын түсінеді. Мысалы Дэвид Истон саяси жүйені - қоғамдық қорларға (ресурстарға) қарым-қатынастар кешенінің көмегімен жету және оны орналастыру билігі деп сипаттама береді. Д. Истонның саяси жүйені сипаттаған кескіндік модельіне қараңыз.
Дойч саяси жүйені ақпаратты өндіру мен шығарудың жүйесі деп қарастырды. Ақпарат дегеніміз – бұл оқиғалардың арасындығы құрылымдандырылған қатынас болып табылады. Коммуникациялар – болса, осы құрылымдандырылған қатынастарды жеткізу тетігі болып табылады. Арналар – осы ақпарттың жүру жолдары болады дейді ол.
Әділетін айту керек жүйелік талдаудың жақтаушылыры, мысалы Г.Алмонд саяси жүйені талдау барысында саяси функцияларды атқаратын құрылымдарды бөліп қарастыру керек дейді. Алмондтың айтуы бойынша – саяси жүйе дегеніміз өзара қарым-қатынастағы рөлдер мен рөлдер құрылымы болып табылады.
Г.Алмондтың айтуы бойынша рөлдердің “институттар”, “ұйымдар”, немесе “топтар” секілді түсініктерге қарағанда артықшылығы, оның ашықтығы мен кеңдігінде болып табылады. Рөлдер концепциясы бойынша ресми және бейресми мекемелер, от басы, электорат, тобыр, уақытша немесе тұрақты топтар да саяси жүйенің құрамдас , ықпал етуші бөліктері ретінде қарастырыла алады. Осы тұрғыдан қарастырғанда саяси жүйенің “институционалдандырылған” анатомиялық құрылымы өзінің мәнін жояды. Оның үстіне Истон, Алмонд және басқа да осы тәсілдің жақтаушылары осылайша түсінілетін саяси жүйені бейімделу мен кірігуді (адаптация мен интеграцияны) жүзеге асырушы кез келген ұжымнан табуға болады дейді..
Саяси жүйе - қоғамдағы сан түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін бейнелейді, оларды іске асыруға арналған түрлі элементтер мен механизмдерді біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен өміршеңдікті қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар шешіліп, түрлі топтардың, ұйымдар мен қозғалыстардың, т.б. іс-әрекеттері реттеліп отырады.
Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан қызмет атқару барысында, басқа салалармен байланыс үстінде үнемі қозғалысқа түсіп, өзгеріп отырады. Оның шекарасы, қамтитын аумағы тарихи дәуірге, қоғам сипатына қарай жылжымалы. Сөйтсе де қандай бір саяси жүйені алмайық, оған тән, оның мәндік негізін анықтап, тұрақтылығын баянды ететін құрылымдық бөліктері бар. Жүйелік талдау теориясы бойынша:

  • Жүйе көптеген элементтер мен бөліктерден құралады;

  • Ол бөліктер өзара байланыста болады;

  • Жүйенің шегі бар;

  • Жүйенің қызмет атқаруы үш циклдан тұрады: кіру , өңдеу және шығу.

Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы

  • Саяси институттар (ұйымдар мен мекемелер);

  • Саяси қатынастар;

  • Саяси қағидаттар мен ережелер;

  • Саяси сана мен саяси мәдениет.

Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттар арқылы жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді:

  • Тікелей саяси институттар;

  • Жанама саяси институттар;

  • Саяси емес институттар.

Мемлекет пен саяси партиялар тікелей саяси институттар болып есептеледі. Себебі саяси билікті осылар жүргізеді. Саяси билікті ұстап тұру, жүргізу немесе ол үшін күрес – мемлекет пен саяси партиялардың қызметінің мазмұны.
Жанама саяси институттарға саяси үрдістерге қатысатын, саяси билікке азды-көпті ықпалы бар, бірақ негізінен алғанда түрлі таптар мен топтардың әлеуметтік мүдделерін қорғаумен шұғылданатын бұқаралық ұйымдар, мәселен, кәсіподақтар, жастар одағы, кооперациялар сияқты ұйымдар жатады. Олар билік тұтқасының жүргізіп отырған саясатына өз көзқарасын білдіреді, оның алдына нақты талаптар қояды. Қажет болған жағдайда қысым да жасайды. Билік тұтқасын қуаттағанда оның шешімдерінің жүзеге асуына ат салысады.
Саяси емес құрылымдардың өзіндік ұйымдық негізі, ішкі тәртібі, ұйымдасу және басқару жүйесі бар. Олар саяси билікке қатыспайды. Алайда қоғамдық үрдістер өтпелі кезеңдерді бастан өткергенде, бүкіл халыққа қатысты принципті саяси мәселелер күн тәртібіне қойылғанда, сондай-ақ, демократияландыру қарқын алып, көпшіліктің саяси белсенділігі арта түскен жағдайларда олардың саяси мәнді мәселелерді көтеріп, саяси билікке ықпал жасауға мүмкіндіктері бар. Оларға түрлі ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар, т.б. жатады.
Қоғамның саяси жүйесінің функциялары

  • Саяси жүйе – қоғамның ахуалының, сыр-сипатының, даму қайшылықтарының бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық құрылымдар мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады;

  • Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады, олардың ішіндегі бірінші кезектегі маңыздылары анықталады;

  • Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады (консенсус, тұрақтылық, тұтастық).

  • Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуын және іске асуын қамтамасыз етеді.

Саяси жүйелердің типологиясы

  • Маркстік тәсіл қоғамның формациялық түрде дамуын және әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және коммнистік саяси жүйелерді ажыратады;

  • Биліктің әлеуметтік негізіне қарай әскери және азаматтық, ұлттық-демократиялық және буржуазиялық-джемократиялық саяси жүйелерді бөлуге болады;

  • Саяси жүйелер қоғамдағы саяси режимдердің сипатына қарай демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық жүйелер есебінде қаралады;

  • Саяси жүйелер өзінің ұстаған бағытына, тұрақтылығы мен өзгергіштігіне қарай консервативті және трансформацияланушы жүйелер болып бөлінеді;

  • Дәстүрлі және жаңғырған (модернизацияланған) жүйелер туралы да айтуға болады;

  • Саяси жүйелер ашық және жабық, орталықтандыпрылған және жергілікті билік буындарына дербестік берілген т.б болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Қандайда саяси жүйе болмасын, оның заңдық негізі, яғни конституцияға негізделген болуы керек.
Республика Конституциясында, Қазақстан мемлекетіне мынандай анықтама берілген:

  • Мемлекеттік құрылыс нысаны - унитарлық мемлекет;

  • Мемлекет басқару нысаны – президенттік республика;

  • Мемлекеттік саяси режим – демократиялық режим.

Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып табылады. Оны бүкіл халық сайлайды. Президент - мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы. Ол ішкі және сыртқы саясат тетігін қолында ұстайды, қарулы күштердің бас қолбасшысы. Үкімет құрамын өзі тағайындайды, парламенттен тәуелсіз. Қазақстанның атынан халықаралық қатынастарда өкілдік ететін лауазымды тұлға. Ол халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды. Парламент қабылдаған заңдарды бекітеді, келіспеген жағдайда қайта қарауға жібереді: Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады. Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін тағайындайды, олардың антын қабылдайды. Конституцияға сәйкес заң шығару өкілеттігіне және Парламентті тарату құқығына ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет