Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс– (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.
Субъект -іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады.
Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауының заңдылығымен шешімдерін растауы.
Саяси тәртіпдеп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады.
Қоғамның саяси жүйесі - билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы.
Азаматтық қоғам - саяси биліктен тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
Азаматтық еркіндіктер – адамның қоғамдағы құқықтары мен бостандықтарының жиынтығы. Бұған бірлесу еркіндігі, ар-ождан бостандығы, сөз бостандығы және т.б. кіреді. Азаматтық еркіндіктер идеясы АҚШ-та пайда болды және ол Адам құқықтары туралы халықаралық Биллде өзінің дамуын тапты.
Азаматтық қоғам туралы заңдар – бірлестіктер еркіндігін қорғайтын, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдарын құру тәртібі мен қызметін реттейтін нормативті актілер жиынтығы.
Азаматтық қоғам институттары - азаматтық қоғамды қолдайтын әрі оны орнатуға алғышарттар жасайтын құрылымдар (саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, бұқаралық ақпарат құралдары) мен мәдени және білім беру мекемелерін қамтитытын инфрақұрылым.