Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Факультеті: «Механика және математика»
Кафедрасы: «Есептеу ғылымдары және статистика»
Тексерген: Шынгысбаев Лескен
Орындаған: Шалдамбай Жайна
Саясаттың қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттесуі Саясаттану-саясатты танып білу ғылымы, яғни саясат туралы, оның адаммен және қоғаммен байланысы туралы ғылым. Қазіргі таңда саясатта болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты, саясаттану ғылымынан хабардар болу барлық адамдарға қажет. Саясаттану басқа қоғамның ғылымдарымен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу обьектісі ортақ яғни қоғамдық өмір. Халық саясатты ұғынбаса, түсінбесе билік басындағылар қалағанын жасап, халықтың ойымен санаспас еді. Сол себепті біз саясатты біліп, ұғынып жүруіміз керек. Сол үшін қазіргі тағда саясаттану пәнін жоғарғы оқу орындарында оқып, саясатың мағынасын біліп, ішкі құрылысын зерттеп, түсініп жатырмыз. Саясаттану пәнін үйреніп, қоғамдағы жағдайларға деген көз қарасымыз өзгеріп, түсіне бастаймыз. Қоғамдағы болып жатқан жағдайдың бәрі саясатпен тығыз байланысты, сол себептенде күнделікті көріп жүрген теледидарлар мен смартфондарда жаңалықтардың барлығы өте мағызды. Біз оны біліп жүргеніміз дұрыс.
Саясат туралы барлық адамдардың көз қарастары дұрыс болуы үшін, мектеп кезден үйреткен дұрыс деп ойлаймын. Мұғалімдер өз оқушыларына саясат туралы жақсы ойларымен бөлісіп тұрса, балалардың ойлары жақсы жағынан өзгеретін еді.
Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Философия- табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің негізгі себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және тағы сол сияқты ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан философия басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып табылады.
Саясаттану ғылымына жақын ғылымдардың бірі- әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын прцесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға деген әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Негізіне келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адам болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттанудысандық әдіс- тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейте түседі.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді.
Саясаттану құқықтық ғылыммен де тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсететеді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттан басқа да адамгершілік ғылымддармен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу обьектісі бар. Саясаттану қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.