Саясаттану



Pdf көрінісі
бет5/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Фома Аквинский
ерекше орын 
алады. Басты еңбегі 

“Теологияның жиынтығы”. 
Фома Аквинский: «заң 
-
белгілі мақсатқа сәйкес тиісті тәртіпті
айқындаушы ереже», адам үшін бұл ереже «рахат» деп түсінді. Фома билік 
құдайдан туындайды деп тұжырымдайды. Ал «Құдай жауыздықтың емес, 
қайырымдылықтың көзі, сол себепті билікті құрайтындардың бәрі 
мейірімділіктен туындайды, Құдайдан шығады, ал жамандықтың бәрінің шығу 
тегі адамдардан» деп түсіндіреді Аквинат.Фома монархияны жақтады, оның 
ойынша
,
саяси монархия шіркеуге, папаға емес, заңға сүйенеді. 


7
Келесі құдайшыл ойшыл орта ғасырлық 
Мартин Лютер
(1483-1546). 
Оның еңбектерінде әртүрлі таптардың наразылығы көрініс тапты, олар: серілік 
құрушылар, қала тұрғындары, князьдар мен төменгі дін иелері өкілдері 
арасындағы келіспеушіліктер 
Римдік
-
католик дініне қарама
-
қарсы Лютер адам және оның зайырлы 
өмірі негізінен күнәлі деп қаралмауы тиіс екендігін дәлелдеуге тырысты. Ол 
адам мен құдай арасындағы шіркеу мен дін иелерінің жарастырушылық ролін 
теріске шығарды. Лютер өзінің міндетін алғашқы христиандыққа қайта оралу 
деп есептеді, бірақ бұл жолды тек дін саласында жүргізуді уағыздады. 
Лютердің саяси іліміндегі негізгі тезис 

екі әлемнің болуы. 
Христианшыл Лютердің пікірі бойынша, адам бір мезгілде екі әлемде: рухани
(аспандағы) және нәрселік (жердегі) әлемде өмір сүреді.
Саяси білімдер дамуының ерекше маңызды кезеңі 

Қайта өрлеу дәуірі

Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси 
-
әлеуметтік ғылымдардағы жарқын 
жұлдыздардың біріне италиялық 
Никколо Макиавелли
жатады. Оның саясатқа 
байланысты 
шығармалары: 
“Тақсыр”(«Государь»), 
“Соғыс 
өнері”, 
“Флоренцияның тарихы”.
Макиавелли діни саясатқа қарсы шықты. Шындықтың белгісі 

сенім 
емес, тәжірибе деп білді. «Адамдар мен қоғамның өмірі, тағдыры құдайдан» 
деп күтіп отырмай, саяси ойды, саясатты қоғамдағы мәселелерді шешуге 
бейімдеу керек. Адамдардың өмірін жақсарту үшін «елді басқаруға қабілеті бар 
билік, мемлекет ұйымдастыру керек» 

деп түсініп осы мақсатқа жеткізетін 
әртүрлі әдіс
-
тәсілдерді көрсетті. Макиавелли саяси ғылымның мәнін, қызметін, 
мақсатын айқындауға жол ашты. 
Макиавеллидің шығармаларында саяси ойдың басқа да көптеген 
мәселелері зерттелді. Мысалы, табиғат жағдайының адамдардың мінез
-
құлқына 
әсері, мемлекетті басқару түрлерінің алмасу заңдылықтары туралы бағалы пікір 
айтты.
Макиавелли халық пен меншік иелерінің арасындағы мүдделердің 
қарама
-
қайшылығын көрсетті. «Адамдар табиғатынан жауыздықпен жаралған
саясатпен айналысушы ең алдымен осыны ескеруі қажет» деп есептеді. 
Италиялық ғалым бір орталықтан басқарылатын мемлекетті жақтады. 
Оған мемлекеттің тұтастығын әлсіретіп күйрететіннің бәрі жат, жамандық 
болып көрінді. Алауыздықтың, бақталастықтың себебі болатын дворяндар мен 
шіркеуге қарсы болды. 
Макиавелли мемлекетті негізгі екі түрге: монархия мен республикаға 
бөліп, “Тит Ливидің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар”атты еңбегінде 
республиканы монархиядан жоғары қояды. Ең ұтымдысы 
-
республика: билікте 
халық өкілдері, ақсүйектер мен сайланбалы мемлекет басшысы болуы 
керектігін көрсетті. Макиавеллидің пікірі бойынша республикада еркіндік пен 
теңдікті жеңіл жүзеге асыруға болады. 
Макиавеллидің көптеген ой
-
пікірлерінің ішіндегі саяси білімдер дамуына 
қосқан үлкен үлесі 

саяси мәселелерді діни, жалпы этикалық 
-
философиялық 
көзқарастан ажыратып, бөлек сала ретінде түсіндіріп саяси ғылымды біздің 
қазіргідей түсінуімізге жол ашуы. 


8
Макиавеллиден кейінгі кезеңде саяси ғылымның дамуы тәжірибе мен 
ғылыми көзқарасқа негізделді. Нәтижесінде саяси салаға мыңдаған ғалымдар, 
ойшылдар өздерінің ой
-
пікірлерін, идеяларын, тұжырымдамаларын ұсынды, 
жаңа жағдайларға бейімделген институттар пайда болады. 
Саяси зерттеулердің даму нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
саясаттану өз алдына жеке пән болып қалыптасты. 
1857 жылы АҚШ
-
тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия 
университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер “Тарих және саясаттану” 
кафедрасын ашты. Яғни, саясаттану ғылымы тарихта алғашқы рет академиялық 
пән мәртебесін алды. Осы колледжде 1880 жылы саяси ғылымның жоғары 
мектебі құрылды. 
Саясаттанудың қоғам өміріндегі рөлінің өсуіне байланысты 1880 жылы 
АҚШ
-
та “Саяси ғылымдар” атты журнал шықты. 
1872 жылы АҚШ
-
тағы сияқты Францияда да мемлекеттік аппаратқа 
арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей 
бастады. 
1889 жылы АҚШ
-
та «Саяси және әлеуметтік ғылымдар» академиясы, 
1903 жылы «Америкалық саяси ұйымдар ассоциациясы» құрылды. Қазіргі кезде 
осы ассоциацияның құрамында бірнеше бөлімдері, мыңдаған мүшелері бар. 
ХХ ғасырдың басында саясаттану жеке академиялық пән ретінде толық 
бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық 
қалыптасуына ЮНЕСКО
-
ның басшылығымен 1949 жылы құрылған «Саяси 
ғылымдар халықаралық ассоциациясының» қосқан үлесі жоғары. 
Сөйтіп, саяси ғылым халықаралық статусқа ие болды. Бүгінгі таңда 
Америка, Еуропа, шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында 
саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, 
ал әлемнің ең ірі университеттері саясаттанушы мамандарын дайыдайды. 
Мысалы, АҚШ
-
та саясаттануға мамандандырылған 
30-
ға жуық сала бойынша 
білім беріледі. Көптеген өркениетті елдерде бұл ғылымның қолданбалы түрінің 
қалыптасуы кең өріс алған. 
Бұрынғы Кеңес өкіметі саясаттануға «халыққа қарсы», «буржуазиялық 
ғылым» деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес өкіметі шын мәніндегі 
саяси сауатты мамандар даярлауға мүдделі болмады, себебі мемлекеттің саяси 
билігінің өзі демократиялық (халықтық) емес болатын. 
Қазақстанда саясаттану пәні 1991 жылдан бастап оқу орындары 
бағдарламасына енгізілді. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу 
орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет