Саяси элита дегеніміз не? Ол не үшін керек?


Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі



бет2/3
Дата03.04.2022
өлшемі19,85 Kb.
#137707
1   2   3
Байланысты:
43Ш Бейсембек Орынтай

Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі

Халықтың өзін-өзі басқаруы, элитаның билік аясын шектеу- демократиялық теорияның нормативтік қағидасы. Бірақ, оны асыра дәріптеп, саяси билікті үзілді-кесілді теріске шығаратын болсақ, онда осынау ой-пікірдің өзін өрескелдікке ұластырып алуымыз мүмкін. Мемлекеттік билік әкімшілігі болуының өзі салыстырмалы түрде оны дербестікке, өзіне тән мүдделерді орнықтыруға жетелейді. Алайда, осы әкімшіліктің билік құруы мен ықпал етуі деңгейіндегі мәселенің бәрі оның халықтық немесе қоғамдық артықшылықтарды иеленген азшылық тобының мүддесін қорғай ма, әлде осы әкімшілік қоғамнан жоғары ма дегенге сайып отыр. Демек, біз элитаның болуы – демекратия үшін айқын да әлеуетті қауіп төндіретіндігі туралы қағиданы теріске шығармайтын болсақ, онда демократияны сақтап қалудың шарттары элитаны халықтың ұдайы бақылауға алуы; элита халықтың бақылауынан шығып кетпеуі үшін оны өз өкілеттерін жүзеге асырауға ғана қажетті қызметтік міндеттерімен шектеу; мейлінше кең жариялылық, элитаны шектеусіз сынаудың мүмкіндігі, биліктің тармақталуы және саяси, экономикалық, ғылыми және өзге элиталалардың бір-бірінен мейлінше оқшаулана өмір сүруі, оппозицияның, элиталар арасындағы күрес пен бәсекенің болуы (олардың төрешісі, әсіресе сайлаулар кезінде халық болады); сайып келгенде, бұлардың бәрі жинақтала келе демократиялық процесті жандандырады.Бұқараның элитаға сарабдал сенімсіздігі табиғи нәрсе әрі елеулі дәрежеде сындарлы құбылыс ретінде көрініп жүр: ол элитаның деспоттық билік тізгінін өз уысына жиып алуына бой бермейді.
Элита мен бұқараның қарым-қатынасындағы екі ұшқарылықтың да, басқаша айтсақ, элитаның бетімен кетуіне апарып соғатын нарсе оның соңынан бұқараның көз жұмып ере беруінің де, сондай-ақ өкіметтің заңдастырылғанына нұқсан келтіретін ұшқарылық бұқараның элитаға мүлдем сенбеуінің де саяси жүйеге тигізер кесірі көп. Сондықтан, домократияны бұқараның элитаға бақылау орнатуын қамтамасыз ететін, сол арқылы элитаның бұқараны саяси субъектіліктен айыруына мүмкіндік бермейтін, керісінше оның белсенділігін арттыратын жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұқараның сенгіштігі, бір жағынан, соңғысының басқару қызметін атқаруын жеңілдете түседі, екіншіден, оны билікті бір адамның қолында шоғарландыруға ынтықтырып,бұқарадан алшақтай бастауына , томаға-тұйық, деспоттық топқа айналып, сырттан “таза, жас қан” құйылып жатпағандықтан, біртіндеп азғындыққа ұшырауына итермелей түседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет