Саяси элита дегеніміз не? Ол не үшін керек?


Қазақстандағы саяси элита



бет3/3
Дата03.04.2022
өлшемі19,85 Kb.
#137707
1   2   3
Байланысты:
43Ш Бейсембек Орынтай

Қазақстандағы саяси элита

Қазақстанда саяси элитаны іріктеудің өз ерекшеліктері бар. Мұнда антрепренерлік жүйемен бірге гильдиялар жүйесінің аралас түрде қолданыс тауып отырғанын айтуға болады. бір жағынан, баламалық негізде өтетін сайлау жүйесінің қалыптасуы, саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, еркін нарықтық қатынастар элементтерінің дүниеге келуі, — міне, осының бәрі Қақастанда саяси жүйенің барған сайын демократиялық сипат алып отырғанын көрсетеді. Бұл өз ретінде саяси элитаның қалыптасуы мен сұрыпталуына да демократиялық сипат бері, белгілі жағдай жасайтыны анық. Екінші жағынан, Қазақстанда (басқа посткеңестік елдерде дәл солай) жоғары деңгейдегі мамандарды дайындау мен сұрыптаудың тұтас жүйесі әлі қалыптаса қойған жоқ дегу болады. Соған қарамастан республика мұндай олқылықты толтыруға көптеген шаралар қолданып жатыр.

Қазақстан жағдайындағы саяси жетекшілікке келетін болсақ, оның әртүрлі деңгейлері, көріністері орын алып отырғанын мойындауға тиіспіз. Расында, жалпы мемлекеттік, аймақтық немесе жергілікті деңгейдегі саяси жетекшілік туралы сөз қозғауға болады. Сол сияқты саяси партиялар мен қозғалыстардың да өз жетекшілері болатыны белгілі. Қазақстанда президенттік басқару болғандықтан, саяси жетекшілік мәселесін қарастырғанда, ең алдымен, басты назарда мемлекет басшысы – президент тұрады. Сонымен бірге саяси жетекшіліктің басқа деңгейлері де тарамдалып, едәуір қалыптасып, нығайып келе жатқанын атап айтуға тұрарлық.



  1. Қазақстанға қандай лидер керек?

Жалпылама алғанда, Қазақстанға технократтар керек. Ал лидерлікке келер болсақ, Қазақстанның атынан әлемде популизмдік танытпайтын, тек өз ісі мен уәдесіне берік лидер керек. Саралап жеткізер болсақ:
- Балансты тең ұстайтын;
- Парламент республика лидері ретінде құлақ асатын;
- Ел экономикалық ресурстарын жеке мақсатына пайдаланбайтын;
- Ешқандай саяси элита қатарына енбейтін;
- Өз репутациясын ғана алға тарта бермейтін;
- Одақтас мемлекеттерге ішкі өнімді экспорттау бойынша дипломатиялық келісімге келе алатын лидер қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет