Саяси элита


Қазіргі элитаға, заңға, формалды ережелерге сүйенушілерге жатқызып,оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі



бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі97,11 Kb.
#195939
1   2   3   4
Байланысты:
836f59d1-9cd7-4c28-ab3a-6ed9c91ba860
Binder2222, қазақ тілі
Қазіргі элитаға, заңға, формалды ережелерге сүйенушілерге жатқызып,оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі:
  • билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғары элита;
  • мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер,ведомствалар,комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита;
  • белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар(жоғарықызметкерлер,менеджерлер,ғалымдар,зияткерлер);
  • жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы,кәсіби мәртебесі,білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргинарлық) жағдайдағы адамдар.

Қоғамның толыққанды өркендеп,қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп,күреспей,қудаламай, шектеулер қойып,шеңберін тарылтпай,зиялы зерделі қауымның,дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп,халыққа,еліне қызмет етуіне жағдай жасап,сапасын арттыра түскен абзал. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағанна кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп,атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек,оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы,орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Олардың арасында тиімді несиелер алып,бизнеспен айналысып,байығандар баршылық..Олар қаржа-қаражат,экономикалық қорлар,қажетті мағлұматтарға иелік етеді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса,келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарына ол “ сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы.Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп,жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай,тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында,зерделі,білімді,білікті,еліне,халқына шынайы жаны ашып,қызмет ететін азаматтардан таңдаған жөн.
Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет