Саяси психология


Саясаттағы ұжымдық санасыздық



бет3/6
Дата01.07.2018
өлшемі485 Kb.
#45221
1   2   3   4   5   6

Саясаттағы ұжымдық санасыздық

Саяси санамен сана-сезімнен басқа саясатта біз әдетте иррационалды немесе мағынасыз үлкен рөл ойнайды. Оны «ұжымдық санасыздық» ұғымы мысалында қарастырайық.

Кең мағынада бұл саяси әрекеттің индивидуалдық субъектісінің «санасында көрсетілмаген операциялар және жағдайлар, психикалық үрдістердің қосындысы (немесе жеткіліксіз сана дәрежесімен көрсетілген), бірақ бұл белсенде кей жағдайларда адамдардың құрамсыз конгломератарының әрекетіне анық әсер етеді (мысалы, топ) . «Ұжымдық» сын есімі берілген сөз тізбегінде ресей әдебиетте қабылданған ұғыммен сәйкес келмейді және бұл ұжымның саналы адамдар қоғамы ретінде ұғыммен байланыссыз тіпті бұған қайшы. Ұжымдық санасыздық ұғымы әрекетін спецификалық формасын туғызады, шатаспау үшін әдетте, стихиялық, «ұжымдық» емес (жалпылық) әрекет.

Ұғымның тарихы өте қызық: «Ұжымдық санасыздық» ұғымын З. Фреидтің жолын жалғастырушы, К.Юнгпен жеке санасыздықтан ерекшеленетіні адамзаттың филогенетикалық даму тәжірбиесін ұстаушылары болатын психикакалық құбылыстардың ерекше табың белгілеу үшін енгізеді.

К. Юнг үшін ұжымдық құрамы санасыздықтың басты құрамы болып, архиптер – адамның шын өмірінде нақты құраммен толтырады, яғни әрекеттің түрлі априорлық тізбектер; ерекше текті тұлғаүстілік адамның маңында болып жатқанға әсер ету және қабылдау әдістері (түрлік, топтық); филогенетикалық мағынадағы кейбір «ұжымға» жататын адамдардың әрекетінің ұқсастығын анықтайды (мысалы, бір этносқа).

Саяси психологияда ұжымдық санасыздық анықтамасы XIX ғасырдың аяғында Э.Дюркгейммен «ұжымдық көріністер» ұғымымен толықтырылады, бұл ұғым үйреншікті, автоматталғандық жағдайында әлеуметтік топтармен қоғамдастықтар мүшелерінің тәжірбиесінде құрылған әрекет тәртібі, пікірлер білімнің қосындысы. Осындай көріністер, адамдардың жеке санасын басып, В. М. Бехтерев мазасыздық, жалпы толқулар, топтың жиындағы әрекеті сияқты феномендермен байланысты әлеуметік және саяси психологияның арнайы саласы – «ұжымдық рефлексология» деп туғызуы мүмкін.

Ұжымдық санасыздық шегінде құрамды түрде ұжымдық эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер, пікірлер, білімдер, бағалар және ойлар бөлінеді. Басты рөлдерге эмоционалдық құрамында рационалды элементтер тек көбінесе иррационалды сәттерге көмекші рөл, бағынышты рөл ойнайтын, дәстүрлі көзқарастар мен сенімдер, көптен қалыптасқан стереотиптер түрінде өмір сүреді.

Ұжымдық санасыздық екі әр түрлі түрлердің жалпылық әрекетінде көрінеді. Жалпылық әрекеттің бірінші түрі оның ұжымдық санасыздықтын барлық мүшелеріне жалпы негіздегі толыққанды бүтін монолиттік салмаққа индивидтерді қосатын біртекті ұқсас бағалар мен іс-әрекеттерге тіреледі. Әдетте бұл жалпылық көңіл-күйлері мен бірегей эмоционалдық күйлермен көп адамдар санының жұқтырылуы нәтижесінде өтеді – мысалы, өз көшбасшысын көргендегі бірегей серпінмен көтерілген жан-күйерлер тобы, оның атына сәлемдеулер мен лозунгтарды айтады.

Жалпылық әрекеттің екінші түрлі, мұнда маңызды рөлге ұжымдық ие болады және керсінше, адамдарды қоспай, ажырататын эмоционалдық соққылармен байланысты себептермен түсіндіріледі. Мұнда әрекетке жалпы емес, тіпті түрлі, бірақ адамдардың көбіне бірдей әрекеттік механизмдер түседі және әрекет туады, оның басты құрамы болып адамдардың көпшілігіне объективті және кенеттен туындайтын критикалық («шекаралық») жағдайларға біртекті, бірсәтті әсерлі табылады. Осындай жағдайларға стихиялық құбылыстар мен қатар соғыстар, төңкерістер жатады.

Осындай жағдайлардың негізгі себебі болып және сипаты болып олардың болжамнын жоқтылығы үйреншіліктің болмау және жаңашылдық. Берілген ерекшеліктерге байланысты, адамның жеке тәжірбиесі осындай түрлі жағдайларға назар салуға және дұрыс бағалауға қарсы болады және сонда тұлғаларға жеке әрекеттің тәсілдерін көмекші ұжымдық санасыз, жалпылық биологиялық немесе әлеуметтік тәжірбиемен тексерілген тәсілдер. Осындай әсерлердің мысалы болып алаңдаушылық болады.

Ұжымдық санасыздық бір жағдайда тірек болады – ол теріс оқиғалардың себепшілеріне түсініксіз жаушылықпен қосылған немесе күшті көшбасшыға үлкен сеніммен жанданған адамдардың үлкен адамдардың үлкен тобының саяси бірлігін тудырған болады. Осы жағдайларда ұжымдық санасыздық саяси ұжымдасқан әрекеттің негізгі ретінде болады.

Бұл тәжірбиеде манипулятивті әсер ету ретінде адамдардың үлкен тобына әсер етеді – мысалы жиындарда. Керісінше, ұжымдық санасыздық әлеуметтік-ұжымдасқан әрекет формаларын бұзғанда және саясатқа қарсы тұрғанда: «әлсіз үкіметпен бағынбай бағытталған халық арасындағы қатыстарда биіктің әр-бір актісі топты шарасыздыққа жеткізгенде және оның өзіне мейрімсіздік сәт туғызады». Осындай жағдайларда тұрақсыз саяси үсті әрекеті, көбіне әлеуметтік саяси бұзылуға әкелетін және өзінің бұзушы нәтижелерін түзеуге көп уақыт талап ететін әрекет басым болады.

Негізінен ұжымдық санасыздық адамзаттың бұрынғы даму кезеңдерінде маңызды рөлге ие болды. Қазіргі дамыған қоғамда оның маңызы төмендеді, тек саяси әрекеттің саналы реттеу элементтерінің рөлі күрт түскендегі, дағдарысты, экстремалды жағдайларда байқалады. Кәдімгі өмірде тұрақты әлеуметтік саяси жүйеде ұжымдық санасыздық кәдімгі саннын өте өшірілген түрлерінде көрінеді. Дамыған елдерге қарағанда, ұжымдық санасыздықтың рөлі «үшінші әлемде» әліде жоғары.

Саяси мәдениет

Саяси мәдениет саяси іс-әрекеттің негізгі немесе аз дегенде, саяси әрекеттің даму деңгейін және ерекшеліктерін анықтайтын сипат ретінде жиі қарастырылады. «Саяси мәдениет » ұғымының құрамына тарихи тәжірибе, саясаттың саласындағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік қоғамдастықтардың жады, олардың бағыттары және саяси әрекетке әсер ететін әдеттері. Бұл тәжірибе жалпыланған, өзгерген әсерлермен қызығушылықтардың сыртқы және ішкі саясаттағы құрамы.

Ұғымның тарихы 1956 жылдан бастау алады. Дәл осы кезде «саяси мәдениет» термині ғылымға американ саясаттанушысы Г. Алмондпен енгізілді. Оның түсінігінде, бұл саяси жүйенің спецификасын көрсететін саяси әрекетке бағытының ереше түрі. Бір жағынан, саяси мәдениет қоғамның жалпы мәдениеттің бөлігі болып табылады. Басқа жағынан, ол белгілі саяси жүйемен байланысты.

Саяси мәдениетті ең белгілі зерттеулері Г. Алмонд пен С. Вербаның жұмыстарында қолға алынды. Олар оны «жеке әрекеттерге әлеуметтік мағына беріп, институттарды реттеп, саяси шешімдерді мағынамен толтыратын, саясаттың субъективті ағыны». Басқа жерде, С. Верба психологі Л. Паймен қосарланып одан түзу жазған: «Біз қоғамның саяси мәдениеті туралы айтқанда, біз оның мүшелерінің білімі, сезімдері және бағаларында интерлизацияланған саяси жүйе туралы сөз қозғаймыз». Ақырында, «саяси мәдениет» ұғымы өте қолайлы болып, көптеген зерттеулер нәтижесінде оның көптеген анықтамалары түзілді.

Саяси мәдениеттің анықтамалары 4 негізгі топқа бөлінеді. Біріншіден, психологиялық анықтамалар. Саяси мәдениет оларда саяси объектілерге бағыттар жиынтығы ретінде қарастырылады. Екіншіден, жалпыланған анықтамалар. Оларда саяси мәдениет бағыт – бағдар және әрекеттік актілер ретінде түсіндіріледі. Үшіншіден, объективті саяси анықтамалар. Мәдениет оларда билік объектілерін көрсетіп, олардың берілген жүйеге қолайлы қатысушылардың әрекетіне рұқсат беретін объектілері. Мұнда жүйенің ерекшеліктері жеке тұлғалардың жағдайына қарағанда маңызды. Төртіншіден, эвристикалық анықтамалар. Саяси мәдениет аналитикалық мақсаттарға қолданылатын гипотетикалық конструкт ретінде қарастырылады.

Құрамды, саяси мәдениет үш деңгей түрінде беріледі: а) танымдық деңгейде, өзіне саяси жүйе, оның рөлдері, осы рөлдердің ұстаушылары және жүйенің әрекет ету ерекшеліктері туралы мәлімет кіргізеді; ә) эмоционалдық бағытта, саяси жүйе, оның функциялары, қатысушылары және олардың әрекеттеріне қатысты сезімдерді көрсетеді; б) бағалық бағытта, адамның саяси жүйеге және оның құраушыларына өздік қатысын көрсететін.

Саяси мәдениеттің нақты элементтерінің анализі маңызды мәдени бағыттар және олардың операционализациясын бөлуді қарастырады, бұл эмпирикалық түрде олардың түрлі бөлімдерін зерттеуге қажет. Саяси мәдениетті зерттеудің классиктері – Г. Алмонд пен С. Вербадан кейін, саяси психология саяси мәдениеттің элементтерінің базалық схемасын қолданылады:
Субъект - бағдар - әрекет – объект
Саяси мәдениеттің субъектісі ретіндегі жеке түлға: топ, партия, аймақ, ел, халқы бола алады. Оның бағдары бағытталған объектілер арасында толығымен саяси жүйені, саяси режимді, берілген саяси үрдісті, жеке партияларды, саяси көшбасшыларды, ақырында, субъектінің өзін бөлу қабылданған.

Саяси мәдениеттің нақты қоғамға қатысты басты сипаттамасы болып оның гомогендік дәрежесі болып табылады.

Біртексіздік субмәдениеттер және тіпті контрмәдениеттердің басты саяси мәдениет шегінде болуына рұқсат береді. Біртектілік бұған қарсы болып тоталитаризмнің негізгі болады.

Саяси мәдениет – динамикалық және сол сәтте жеткілікті интернациялық феномен. Ол өзінің ұстаушылары, жеке тұлғалар және саяси қоғамдастықтармен бірге дамиды. Саяси тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде сыртқы өзгерістерге ұшырайды, олардың саяси мәдениеттің қалыптасқан негіздерін күшейтіп немесе оны өзгертеді. Осындай өзгерістерге бірқатар сәттер енеді. Біріншіден, бұл өндіру және тұтыну саласындағы қатынастар динамикасы әлеуметтік құрымының өзгерісіне және әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен қызығушылықтарының өзгерісіне әкеледі. Екіншіден, жаңа тарихи тәжірбиеге ие болу.

Тәжірибе келесі ұрпақтарға таза түрде емес, өзгерген күйінде беріледі. Өзгеру алғашқы тәжірибелік оның бекіткіш идеологиялық көріністері, тәртіптер және құндылықтар және бұл тәжірибені беретіндердің жеке ерекшеліктері арқылы беріледі. Бекітілген саяси мәдениет элементтерінің консервациясының маңызды құралы болып дәстүрлер табылады.

Ұрпақаралық саяси мәдениет – берілуін азаматтар санасындағы өз тұрақты, өзгеретін бағыттар және саяси мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз ететін шегінде тұрақты орталығы бар, саяси әрекеттің үлгілері, тәртіптері және сәйкес құндылықтарына белгілі бағыттар жүйесінің бекітілуінің үрдісі ретінде қарастырып ойлауға болады. Саяси мәдениеттің өзгеруінің басты шарты болып саяси әрекеттің тәртіптердің және жаңа үлгілерінің енгізілуіне қарсылықты жеңетін адамдар санасына қоғамдағы күшті өзгерістер арқылы әсер ету табылады. Саяси сана импульсты ұқсас актілермен және бағыттаушы түрдегі санасыз реакциялармен қатар, саяси мәдениетті іске асырудың формаларының бірі болып табылады.

Саяси мәдениетті түзетін факторларға елдің немесе қоғамның сыртқы шеңбері және олардың ішкі өмірінің белгілі жағдайлары енеді.

Басқа факторлар арасында дәстүрлерге мен салттар және бар саяси институттарды бөліп шығарайық. Соңғыларына мемлекет, әскер, шіркеу, іскер шеңберлер, университеттер, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді.

«Саяси мәдениет» ұғымының маңызды оның өмірі сүру жағдайлары ұқсас жеке тұлғалар және түрлі әлеуметтік қоғамдастықтардың саяси әрекетінің тереңдегі себебін анықтауға мүмкіндік береді.

Әрекет – мәдениеттің өмір сүру тәсілі, онсыз ол мүмкін емес. Бірақ, әрекетке айналған мәдениет сонымен қатар басқа индивидтің немесе топтың аналогиялық айналуларына қатынасы болып табылады. Саясатта бұл биліктің қатынасы, билік басы – бағынышты қатынасы, қақтығыс немесе бейбітшілік біріккен әрекеттер және т.б қатынасы. Сәйкесінше, саясаттың түрі объектілерінің саяси түсіндірілуінде олардың саяси мәдениеттің ерекшелігін ескеру қажет.

Сәйкес аналитикалық өңдеу көмегімен саясаттың мүшелері туралы мәлімет саяси мәдениетті сипаттайтын құрамы, құрылымының индикаторлары ретінде қолдануы мүмкін.

Саяси мәдениеттің түрлі типтері белгілі. Әлі Г. Алмонд пен С. Верба алғашқы жұмыстар негізінде үш негізгі және бірнеше аралас типтерді бөлді. Бірінші таза тип – патриархалды. Мұндай жүйе бірбилікті көшбасшылармен басқарылады және азаматтарда саяси жүйеге барлық қызығушылығын жойып және олардан бірегей бағыныштылықты талап етеді. Екінші таза тип – билік асты. Ол азаматтардың саяси жүзеге күшті бағытталуымен және олардың саясатқа қатысуының әлсіз дәрежесімен ерекшеленеді. Ол саяси жүйенің түрлі деңгейлері арасындағы анық иерархиялық белгілері бар феодалдық қоғам жағдайында қалыптасқан.

Төменгі бағыныштылар дәстүрге сай өзінің сеньорына құрмет көрсетуі тиіс. «Құрмет көрсетеді» моделі әлі де көптеген саяси мәдениеттерде сезіледі. Берілген мәдениеттегі көшбасшыға құрмет жоғары азаматтық санамен және жеке қатысумен өтетін айту керек.

Үшінші таза тип – активистік. Ол азаматтардың саяси істерде жоғары қатысуының құлқымен және олардың мемлекет істерінде білімдігінің көрсетуін анық байқатады, ал бұл саясатқа жоғары қызығушылық және жақсы белсенді қатынасты көрсетеді.

Шынында, таза типтер мүлдем кездеспейді. Олардың қосындылары түрлі аралас типтерді береді: патриархалды-бағынышты, бағынышты-активистік және т.б.. «Саяси мәдениет» деген атаулардың біріне ие болған осындай аралас типтердің бірі негізгіге орын таластырады және олардың арасында төртінші негізгі тип деп аталады.

Саяси психика

Жақсыға ие болмағандықтан, біз мұнда әліде жалпы қабылданбаған негізгі психикалық үрдістермен функционалдық әрекеттердің саяси-психологиялық саяси-психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін «саяси психика» ұғымын қолданбаймыз. Егер өте терең психологиялық бөлшектерге назар аудармасақ, онда жеткілікті жалпы саяси-психологиялық түрде, адам психикалық төрт негізгі блоктан тұратыны анық болады. Біріншіден саяси қабылдау блогы – саясатты және жеке алғанда, саяси мәліметті қабылдау. Екіншіден, саяси ойлау блогы – қабылданған саяси мәліметті өңдеу, оны ойдың елегінен өңдеу, оны ойдың елегінен өткізу және саяси шешім қабылдау. Үшіншіден, саяси эмоциялар, сезімдер және аффектілер блогы – саяси ойлаудың қорытындысын эмоционалды бағалау. Төртінші, соңғы және психиканың шегінен шығатын блок саяси әрекет блогы – бағаланған, өңделген және қабылданған мәліметте негізделген нақты шаралар блогы.

Осы негіздегі блоктарды толығырақ зерттейік.

Саяси қабылдау. Әлі 20-30-шы жылдары американ «New Look» психолоиялық мектебінің көптеген эксперименталды зерттеулерінде келесі нақты дәләлдегенді: біздің сананың қабылдауы санамыздың стереотиптері мен бағдарларына, ал саяси аспектіде – саяси санаға, сана-сезімге және саяси мәдениетке байланысты және бұл әсер санасыз деңгейде көрінеді. Ат пен автокөліктің бейнелерінің бірінің үстіне бірін қойып, сосын оны, яғни, сыртынан қарағанда, санасыз сызықтар жиынтығының американдықтар мен мексикандықтарға көрсетіңіз. Американдықтардың көбі осы таңдауданақты автокөлікті көреді. Мексикандықтардың көбі – мустангті көреді. Осы бейнемен дәл соны автомат Калашников және скрипкамен жасап көрейік. Палестиндықтардың көбі (шешендер, ауғандар) – тек автомат калашниковты көреді. Керісінше, еуропалықтардың көбі, скрипканы ғана көреді. Адам қабылдауы таңдаулы, селективті. Сәйкесінше, саяси қабылдау да таңдаулы. Мұндай таңдаулық саяси әлеументтану үрдісінде – үлкен, саяси әлемге есейген ұрпақтардың өтуі қалыптасып, бұл қабылдау ерешеліктері саяси мәдениетпен, саяси сана – сезіммен және басқа да психикалық функциялармен және үрдістермен байланысты болады.

Саяси ойлау – адам мен саяси шындықты пікірлер, шешімдер және ой-түйіндері ретінде өнімді көрінісі.саяси ойлаудың жүйе тудырушы функциясы болып саяси шындықтың ереше әрекет ретіндегі көрінісі болады. Саяси ойлау өзіне тек қана когнетивті емес, сонымен қатар эмоционалды – бағалық механизмдерді, өзінің онтологиялық статусына ие кіргізеді. Дәл саяси ойлаудың принципиалды айырмашылығы болып оның өте логикадан алыстығы жиі ашық алогикалығы табылады. Әлі ХIХ ғасырда Л. Кэрол тамаша атап кеткен: «бүкіл әлемде кең таралған аргументтер (тіпті барлығы болмаса да, көпшілігі.) дұрыс болып, саяси өмір кішкене басқаша көрінер еді және қоғам сабырлықтың жайылуына және басқа да теріс әсерлерге аз берілуші еді. Дұрыс бағыттамалардың бір жұбын (дұрыс деп, мен олардан шешім шығаруға мүмкін бірнеше бағыттаманы айтамын), сізге газет немесе журнал оқығанда кездестірсеңіз, оларға ешбір шешім шығара алмайтын 5 жұпқа жуық болады. Содан басқа, тіпті дұрыс бағыттамалардан шықсақ та, автор дұрыс шешімге тек бір жағдайда ғана келеді, қалған он жағдайда дұрыс бағыттамалардан қате шешім шығарады».

Саяси ойлауды қарастырып, М. Вебер «белгілі бір мағына беруге қиын терминдердің барлық қолданылуын» атап өткен және «тіпті анализді рұқсат етпейтіндерді де» атап өтті. Революциядан кейінгі Ресейде қоғамдық-саяси пікірталастарды зерттеп, логик С. Н. Поварнин барлық кезеңдердегі саяси ойлау логикасының әлсіздігі туралы бірегей шешім шығарды – ұғымдармен басталатын шаралардан бастап, ой шешімдерімен аяқталатын байланыстармен аяқтап, Ресейде қазіргі уақыттағы саяси ойлаудың арнайы анализі А. А. Хвостовтың басқаруымен іске асырылды.

Саяси ойлаудың құрылысы тек логикалық механизмдермен ғана емес, сонымен қатар бағдарлар, мақсаттар және саяси ойлаумен анықталады. Басқа жағынан, саяси ойлау тек белгілік модельдермен ғана емес, сонымен қатар перспективті категориялармен (бейнелер, аңыздар, сенулер және т.б.) жұмыс істейді, бұл өз кезегінде жалпы алғанда саяси мәдениет пен саяси санаға етеді.

Саяси эмоциялар – бұл сезімдіктің формасы, кейде санамен түйінделмеген, бірақ, жеткілікті түрде аффективті бағалар мен әсерлердің түріндегі адаммен қоршаған саяси шындықтың үрдістері мен құбылыстарын өнімді түрде көрсету. Саяси психикада аффективті, эмоционалдық сәтті артық бағалау өте қиын және сонау 1954 жылы К. Левин көптеген фактілер негізінде танымдық мәліметтің эмоцияларға көнгіштігі, оның құрылымдылығымен анықталады деп көрсеткен: қабылдау алаңы неғұрлым «анық емес» болса, соғұрлым оның эмоцияға көнгіштігі көп болады. Рейковскийдің пікірінше, «саяси оқиғалар арасындағы қатынастар, экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық факторлар арасындағы себеп байланыстарының қиындығы соншалықты, оларға қол жеткізу шеберлігі аз адамның мүмкіндігінен әлде қайда жоғары... Мұндай жағдай оқиғаларға басты доминантты эмоционалдық қатынастың болуына себептеседі». Саяси психиканың жалпы алғанда ең басты ерешелігі – оның тереңдік инерциялығы. Оның әсерінің ең түсінікті мысалда, яғни ойлау инерциясы мысалында қарастырайық (әйтсе де, айтылғанның бәрі саяси қабылдауға да, саяси әрекеттерге де қатысы бар).

Саясаттағы психика инерциясы – латын тілінен inertia, қозғалыссыз, әрекетсіз дегенді білдіреді. Бұл, біріншіден, оны осы жағдайынан шығармайтын себеп болмағанша дейін (құбылыс, әрекет, жағдай) тіксызықты, бірқалыпты қозғалысты немесе тыныштықты сақтау қабілеті. Екіншіден, бұл белгілі бір сыртқы әсерлермен және соның себебінен белгілі соңғы жылдамдыққа ие болу және осы себепке, тіпті оның осы себепке, тіпті оның шын әсері жоғалғанның өзінде соған еліктеп, әсерін сезіну қабілеті. Қабылдау және ойлау инерциялары қатаңдықта, регидтілікте және іштен стереотиптенуде көрінеді немесе сыртқы саяси бағыттың ішінде, болып жатқан оқиғалардың бағалары мен көзқарастарының жүйесін өзгертудің мүмкіндігінің жоқтығында көрінеді және саяси әрекеттердің бағыты мен сипатын өзгертудің мүмкіндігінің жоқтығында, қабылдаған бір мағыналы шешім мен ең үйреншікті – саяси шешімдер қабылдау механизінен бас тартудың мүмкіндігінің жоқтығында.

Саяси сақнада ойлау инерциясы, оның қатаңдығымен, ригидтілігімен байланысты тоталитаризмнің әлеуметтік – саяси (саяси шешімдерді қабылдау монополизмі), сонымен қатар әлеуметтік психологиялық (ойлау қабілеті және «авторитарлық тұлға» деп аталатын тоталитарлыт және авторитарлы қоғамдармен түзілетін ерекше типті тұлғаның санасының ерекшелігі) мағыналарда табылады.

Саяси психологиядағы ойлау инерциясы «ескі» ойлаудың негізгі детерминанталарының бірі ретінде қарастырылады. Оған қарағанда кез-келген «жаңа» саяси ойлау анықтамасы бойынша әрбір ойлау инерциясын өтуге бағытталған және серпінділікке, алғыр, ұшқыр ойшылыққа және шығармашылыққа – өзінің орталық саяси-психологиялық сипаттамаларына тіреледі, олар саяси шешімдерді қабылдаудың басқа тәсілдері мен олардың тәжірбиелік іске асуының негізінде көрінеді.



3 Саяси психология тарихының негізгі кезеңдері
3.1 Ежелгі Грекия

3.2 Ежелгі Рим

3.3 Қайта жаңғырту кезеңі

3.4 Ағарту кезеңі

3.5 ХIХ ғасырдың саяси психологиясы

3.6 ХХ ғасырдың психоанализі


Ежелгі Грекия

Элладада тәжірибе ғылымынын маңызы болды. Бірақ, дәл ежелгі Грекияда, саясаткерлерді ораторлар алмастырғанда ораторлық шеберлік саясаткердің әрекетінің міндетті және шешуші компоненті болды. Шешендік өнердің ең ұлы шеберлерінің бірі – Демосфен, саяси әрекеттің, топтың санасы мен эмоцияларына бағытталған әсерінің механизмдерін зерттеген алғашқы ғалым болған шығар. Бізге белгілі, Демосфеннің өзі саясатқа тәжірибе арқылы кірді. Оның туғанда сөйлеуінде кемшіліктер болғаны белгілі. Ол ораторлық шеберлікке үйрену үшін, теңіз толқынының шуынан дауысын естірту үшін, сағаттар бойы, аузын тастарға толтырып, жаттығатын. Осылайша ол өзінің күн күркірегендей,зілдей дауысына қол жеткізді және арнайы ойлау үшін жаттығу уақытын пайдаланып, ол түрлі топтың алдында сөз сөйлеу мен топтың кейбір ерекшеліктерін ашты.

Жеке алғанда, Демосфен екі типті топты ажыратқан. Бірінші топ, бұл «эмоцияларға берілген» топтар болды. Яғни олар, оратордың сөзін жиі сыңсыз қабылданғаннан, олардың алдында сөз сөйлеген саясаткерге ұқсас сәйкестендіру әсерін тудыру үшін, психологиялық жұқтыру механизмдерін жүргізу қажет деп есептеген. Осындай «иілгіш топтардың мысалы ретінде демосфен бүгінгі тілмен айтқанда, «рухы биік көсемдердің» алдында құрмет көрсетуге үйренген «тоталитарлы халықтарды» келтірген.

Екінші бір топ бұл, – «санаға иілгіш» топтар. Демосфенның айтуынша, бұл топпен саясаткер арасындағы қарым-қатынасты басқа тұрғы бойынша құрастыру қажет. Жеке алғанда, саясаткер олармен сұхбаттасқанда, оларға тән өздік ойлауға қабілетін сақтау үшін, логикалық мысал келтіру механизмдерін қолдануға міндетті. Мысалы, Демосфеннің тұжырымдауынша «афиндықтар өздігінше ойлап және пікір қорытуға үйренген, сондықтан олармен сезімдерге сөйлесудің пайдасы жоқ». Бұл, бүгінгі тілмен айтқанда, олардың логикалық шешімдерді өздігінше қабылдау қабілетін ескеріп, олармен ең әуелі рационалды сөйлесуге міндетті саясаткердің тілдесетін «демократиялық халықтары».

Саяси тәжірибеден, ежелгі Грекияда адамның саяси-психологиялық табиғатын қарастырғанда, негізінен, жалпыланған түрде екі дәстүрді бөлуге болады. Бір жағынан, басты «саяси қатысушылардың» мүмкіндіктерінің теңдігін қарастыратын «демократиялық» дәстүр, яғни, саяси үрдістің шын субъективтілерінің мүмкіндіктерін қарастыратын дәстүр туындайды. Басқа жағынан, саяси үрдістегі рөлдерін және басымдығын белгілі бір топ өкілдерінің, ашық жариялайтын «аристократиялық» (элитарлық) дәстүр нақты өмір сүрді.

Мысалы, Платон мектебінің көзқарастарында «аристократиялық» саяси дәстүр өте анық көрінген еді. Бұл грек ойшылын, жеке алғанда, билеушінің барлық жағынан шыңдалған түрі – «тақтағы философ» деп есептеген. Оның көзқарастарына қарағанда, барлық емес, тек белгілі адамдар ғана «нағыз» билеуші бола алады. Басқа адамдар (бәрі емес), мысалға, «жауынгерлер бола алады». Халықтың көпшілігі, саяси өмірге тіпті үйренбеген және лайық емес. Жоғары, яғни, «саяси», нақты айтқанда, рационалды-логикалық, «сананың» (жанның) интеллектуалды элементі тек билеуші топ өкілдерін де ғана басым, Платонда биліктің – иерархиялық «Республикасы» туындаған.

Аристотель, биліктің құлдырауына бағытталған жалпылық толқулар мен қақтығыстардың табиғатын түсіну жолында билік пен бағыну проблемаларының талдауына келуге әрекет етуге тырысқан алғашқы ойшылдардың бірі болды. Ол «көтерілісті бастайтын адамдардың көңіл-күйін» (яғни, психологиялық күйін) «билік үшін соғыстармен және саяси тұрақсыздықтармен» байланыстырған. Билікке жалпылық қарсы шығуларды зерттеп, былай тұжырымдаған: «Біріншіден, көтерілісті бастайтын тұлғалардың көңіл-күйін білу қажет, екіншіден, - олардың алдына қойған мақсаттарын және үшіншіден, саяси тұрақсыздықтар мен билік үшін күрестің себептерін білу қажет».

Осылайша, Аристотель кезеңінің өзінде шын саясатты түсіну үшін жалпылық психологиядағы өзгерістерді, оның ішінде, бағынышты күйден – бағынбайтын күйге ауысуы динамикасын зерттеудің қажеті болды.

Аристотель түрлі ғылымдар, соның ішінде, саяси психологияның дамуына көп жаңалық енгізді. Тек қазір, оған қазіргі өмірдің саяси шындығының негізінде оралып, біз қайтадан ойланып отырамыз: мысалы, онымен сипатталған басқарудың негізгі формалардының саяси-психологиялық құрамымен: тиранияның, аристократияның және демократияның. Ресейдің жаңа тарихын қарастырған дәрежесі жоғары зерттеушілердің айтуынша, бұрынғы кеңес көсемдерінің тираниясы, еркіндік және 80 жылдардың соңы – 90 жылдардың басындағы «охлократиядан» кейін нақты В. Путиннің «аристократиялық» режимі мұра етіп алып қалған, Б. Ельциннің «олигархиялық» режимі қалыптасты (мұнда айтылатыны – басқару мен билік жеке элементтерді құраластын және берілетін өзіне жақын «аристократтар» туралы айтылады). Осылайша, Аристотель бойынша демократияға күрделі ресейлік жол пайда болады.

Ежелгі Грекия дәл теориялық саяси психологияның көп мысалдарын береді. Әрине, қазіргі көзқарастарында алыс антикалық ойшылдардың тілі және зерттеу деңгейі түсінікті. Бірақ, ең маңыздысы басқа, антикалық кезеңнің өзінде саяси-психологиялық сұрақтар адамдарды белсенді алаңдатқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет