2 ай ішінде шешім қабылдамау Президентке қарсы тағылған айыптың күші жойылды деп есептеледі. Мұндай жағдайды осыған түрткі болған Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын таратылып кетуі мүмкін.
Парламенттік республикада парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы премьер-министр басқарады. Парламенттік басқару жүйесінде саяси партиялар үлкен рөл атқарады. Парламентшіллер бұл жерде партияның атынан емес, қоғамның, бүкіл ұлттың атынан сөйлеп, әрекет етеді. Дегенмен олар өз партиялары бойынша парламенте фракциялар құрайды, соның нәтижесінде парламентте оппазиция пайда болады. Яғни, мұндай елде парламент жеттекші рөл атқарады және қажет деп есептегенде басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Мысалы: Италия, Германия.
Сонымен қатар әр елде парламент әр түрлі аталады. Мысалы:
АҚШ, Филипин, Латын Америкасының көптеген елдерінде
|
Конгресс
|
Полша, Финляндия
|
Сейм
|
Иран, Туркия
|
Мәжіліс
|
Израиль
|
Кнессет
|
Франция
|
Ұлттық жиналыс
|
Ресей
|
Дума
|
Украина
|
Рада
|
Белоруссия
|
Республикалық Кеңес
|
Әзербайжан
|
Милли меджлис
|
Өзбекстан
|
Ойлий мәжилис
|
Антидемократиялық тәртіп саяси құрылымына қарай тоталитарлық және авторитарлық деп 2 түрге бөлінеді.
Тоталитарлық (лат. бүтіндей, тұтас, жалпы деген мағынады білдіреді) тәртіп деп қоғам, адам қмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған саяси құрылысты айтамыз. Мұндай құрылыстағы мемлекеттерде бір ғана партия өмір сүріп, бір идеология үстемдік етеді.
Авторитарлық (лат. билік, әсер деген сөзінен шыққан) тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген саяси құрылысты айтамыз. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді, ал парламент кеңесші органға айналады. Мүндай елдерде сайланбалы органдар да аз болады. Мысалы: Иордания, Инданезия, Марокко, Кувейт, Сауд Аравия және т.б.
Бақылау сұрақтары:
Демократия және саяси тәртіп ұғымдары
Президенттік-парламенттік республика
Достарыңызбен бөлісу: |