3. Демократиялық саяси режим, оның мәні мен сипатты белгілері.
«Демократия» термині қазіргі саясат пен саяси ғылымдағы ең көп тараған термин. Сонымен қатар демократия ұғымы ең күрделі және анықталмаған болып табылады. Зсрттеушілер демократия сөзінің XX ғасырда өзінің нағыз мағынасын жоғалтып алғандығын және саясат теориясы мен практикасының анықталмаған ұғымдар қатарына еніп кеткендігін айтады. Саяси ғылымда демократия ұғымының оңдаған анықтамасы бар екендігін және олардың әрқайсысының оның мазмұнын толықтай ашып бере алмаса да өмір сүруге құқылы екендігін көрсетсек те жеткілікті. «Қазіргі уақытқа дейін, -деп жазады неміс саясаттанушысы Б.Гуггенбергер, — ғалымдар негізінде демократияның бірыңғай анықтамасын бере алатын жалпы қабылданған ережелерді жасақтай алмай отыр»2.
Достарыңызбен бөлісу: |