Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси қүрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдык ұйымдардың саяси құқыктары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Морокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т.б. жатқызуға болады. Мүндай тәртіп, әсіресе, Латын Америкасында жиі кездеседі.
Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялык демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық, саяси және моральдық-психологиялык қолдауының, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады. Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосылады. Біз ұшін либералдық демократияға өту косымша киындықтар тудырады. Себебі, бізде нарықтық экономика айтарлықтай қалыптаспаған. Оның үстіне, еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.
2. Тоталитаризм XX ғ. құбылысы ретінде
Тоталитаризм термині латын тілінен шыққан; totalitas толықтық, құндылық, totalis — жаппай, жалпы, тұтас дегенді білдіреді. Ол XX ғ. 20-30 жылдарында пайда болып, тарала бастады. Басында Италиядағы фашистік режим мен Германиядағы нацистік режимді, кейіннен КСРО-дағы саяси құрылысты белгілеуге пайдаланылды. Фашизм, нацизм және кеңестік жүйе тоталитарлық саяси жүйелер ретінде сипатталынады.
Тоталитаризм теориясы 40-50 жасақталынып коммунизмге қарсы идеологиялық күресте кеңінен пайдаланылды. Ф.Хайектің «Құлдықка жол» (1944 ж.), Х.Арендтің «Тоталитаризм бастаулары» (1951 ж.) және К.Фридрих пен 3. Бжезинскийдің «Тоталитарлық диктатура жәнс автократия» (1956 ж.) атты еңбектерінде тоталитаризм үғымы басты түрде сталинизм үғымымен теңестіріледі.
Тоталитаризм саяси құбылыс ретінде идеологияның саяси қозғалыстар мен шынайы саяси жүйелердің бірлігі. Оны ерекшелеп тұратын белгілері мыналар:
- қоғамньщ барлығын қамтитындай ұйымдасуына және қоғамдық өмірдің барлық жақтары мен индивидтерге мемлекеттік билік тарапынан толықтай (тоталды) бақылау орнатуға;
- тұтастай қоғамды абсолютті тоталдық үйымдастыру идеясына, яғни жеке бастық бостандық пен әлеуметтік қайшылықтарға орын қалдырмайтын әлеуметтік утопияға сай радикалды түрде қайта құруға ұмтылу.
Көрініп түрғанындай, тоталитаризм негізінде бөліктің түтасқа, жекенің жалпыға, индивидтің мемлекетке бағыну, тоталды ұйымдастыру мен коғамды барлық сегменттері мен тараптарымен қоса басқару идеясы жатыр. Бұл идеяның барлық өткен тарихпен, тарихи қалыптасқан дәстүрлі өмір салтымен (экономикада, саясатта, әлеуметтік салада, дүнистанымда және т.б.) қарама-қайшылықа түсетіні анық. Сондықтан да тоталитаризм барлық ескіні қиратуға, дүниені революциялық қайта өзгертуге ұмтылады.
Абсолютті үйымдасқан және барлық сегменттері мен көріністері басқарылатын коғамда утопия болады. Тоталитаризм оны саяси құралдар арқылы жүзеге асыруға ұмтылады. Міне сондықтан Н.А.Бердяев тоталитаризмның бастауларын утопияны саясиландырудан іздеу керек деп есептейді. «Тұтастық — деп жазады ол, — утопияның басты белгісі... Утопия әрқашанда тоталитарлы, бостандыққа жат ілім» (Бердяев Н.А. Судьба России. М., 1990 , 329 б.)
Тоталитарлық идеологияны басқалардан ең алдымен ақиқатты игеруге деген монополия мен идеологиялық плюрализмге жол бермеу ерекшелеп тұрады. Егер либерализмде дүниетанымды қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу отбасының, мектептің, шіркеудің және т.б., яғни азаматтық қоғам институттарының жауапкершілігінде деп танылса, тоталитаризм идеологиялык қана емес, дүниетанымдық плюрализмге да шыдамдық танытпайды.
Тоталитарлық идеологиялар ең алдымен элитаға емес, толықтай бұқара халыққа арқа сүйейді, сондықтан популистік мақсаттар үшін жалпы білімділік талап етіледі. Алайда тоталитаризм жағдайында білімділік коғамдық өмір, оның тарихы мен мәдениеті туралы терең білімді білдіретін асқан білімділікке дейін котерілмейді. Бұл түсінікті де, өйткені тарихты өткен нәрсе, ылғи адасу деп жариялайтын жүйе саналы түрде өткеннің мәдени мұрасынан бас тартады, сол себептен де жалпы білімділіктің шегінен шыға алмайды.
Американдық саясаттанушылар Карл Фридрих пен Збигнев Бжезинский кеңестік саяси жүйені зерттей отырып, тоталитаризмды демократия мен авторитаризмнен келесідегідей белгілері бойынша ерекшеленетін қоғамдық қүрылыс типі ретінде қарастырды:
1. харизматикалық лидер басқаратын бір ғана бұқаралық саяси партия;
2. билік арқылы қоғамның барлығына, халықтың барлық жіктеріне таратылатын ресми идеология;
3. бүқаралық ақпарат құралдарына (қазіргі қоғамдағы «төртінші билік») мемлекеттің монополиясы;
4. қарулы күрес құралдарының барлығына, қаруға мемлекеттің монополиясы;
5. азаматтардың саяси ниетіне бақылау жүргізудің арнайы құралы ретіндегі күш көрсетудің, террордың ерекше жүйесі;
6. экономиканы басқарудың қатаң орталықтанған жүйесі. Көрсетілген белгілердің жиынтығы тоталитарлық жүйені құрайды.
Бөліктің бүтінге, индивидтің мемлекетке толықтай бағыну, қоғамды барлық сегменттері және тараптарымен қоса тоталды басқару идеясы екі мың жылдан астам уақыттан бері келе жатыр. Мәселен, б.д.д. Ү ғасырда-ақ Гераклит кемелденген білімді игере отырып, «барлық заттарды басқаруға болады» деп түжырымдаған болатын. Тоталитаризм идеяларын Платонның идеалды мемлекет теориясынан, Жаңа заманда — Руссодан, социалист-утопистерден, біраз кейінірек — Фихте мен Шеллингтен көруге болады. Тоталитаризмның теориялық конструкциясын К. Маркс пен В.И. Ленин жасады.
Сонымен, идеология, саяси қозғалыс және саяси жүйе ретіндегі тоталитаризмның философиялық негізі — бастауын Платоннан алған, Жаңа заманда Гегель мен Маркс тоқталып өткен монизм болып табылады. Монизм философиясында тоталитаризм өзінің логико-методологиялық негіздемесін табады. Сондықтаң да тоталитаризмды монизмнан артық дүниетаным, монизм логикасынан плюрализм логикасының, монологтан диалогтың пайдасы үшін бас тарту арқылы жеңуге болады.
Тоталитаризмның жекелеген элементтері Ежелгі дүниеде-ақ пайда болған. Оның тамырлары шығыс деспотиялары мен террористік режимдерге дейін кетеді. Террористік диктатура үлгілсрі Ежелгі Римде болған. Ежелгі Мысырда және шығыстық деспотия елдерінде шаруашылықты басқарудың қатаң жүйесі өмір сүрген. Ортағасырлардағы Еуропада католицизм ресми идеология болды. Алсксандар Македонский мен Шыңғысхан әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан.
Алайда осы және басқа белгілердің бірлігі ғана тоталитаризмды кұрайды. Сол себептен ол XX ғ. құбылысы. Сонымен бірге диктатура коғамның саяси құрылысының мәңгілік формаларының бірі ретінде өзінің логикалық аякталуын табады.
Диктатураның басқа формалары секілді тоталитаризм да өткір дағдарыстар мен әлеуметтік қиындықтар кезеңінде туады. Осындай жағдайларда адамдарда үрей мен жайсыздық сезімдері, паникалық көңіл-күй мен ертеңгі күнге деген сенімсіздік орын алады. Осы кезде барлығына түсінікті коғамды қайта құру, өмір салты мен қалыптасқан тәртіптерді өзгерту идеясымен бір адам немесе партияға ұйымдасқан адамдар тобын біріктірген «құтқарушы» пайда болады.
Тоталитаризмның пайда болуына, біріншіден, бұқаралық демократия деп аталатын саяси қатысуға бұқара қол жеткізе алатын жағдай септігін тигізеді. Миллиондаған адамдар өз еріктерін білдіру үшін мүмкіндіктер алады.
Демократияның тоталитаризм мен авторитаризмнан айырмашылығы, ол саяси процестің барлық қатысушыларының, оның ішінде өз қарсыластарының өкілдіктеріне мүмкіндік береді. Әдеттегі кезеңдерде, яғни жүйенің тұрақтылығы мен беріктігі кезінде «жүйеге қарсы» оппозиция, қағида бойынша коғамдық және саяси өмірдің жиегінде қалады және өмір сүріп отырған жүйені құлатуға қабілетсіз болады. Бірақ халықтың үлкен бүқарасы наразы болып, өмірді жақсартудың кез-келген уәдесіне сенген кезде, егер қоғамда тересң тамырланған ұзақ мерзімді дәстүрлер болмаған, саяси және құқықтық мәдениет төмен деңгейдегі жағдайда революционерлердің рөлі бірнеше есе артуы мүмкін.
XX ғ. ұқсастықтары мен ортақ қасиеттері көп тоталитарлық режимдердің көптеген үлгілерін берді. Алайда олардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Тоталитаризмның сол және оң қанаттағы, фашизм мен коммунизм деген жалпылама атауға ие екі негізгі формасы немесе нұсқасы бар.
Коммунизмның фашизмнен айырмашылығы қандай да бір эко-номикалық үстем жіктермен қақтығысқа түсетін меншік қатынастарын толықтай қайта құруға ұмтылмайды, тұтастай алғанда өз қол астына қорғауға алады. Бұқараның оянған саяси белсенділігі қамтамасыз етілген топтарға еркін өмір сүруге мүмкіндік беретін басқа бағытқа бағытталынады. Сонымен бірге жеке кәсіпорындар да, тұтастай экономика да мемлекеттің бақылауында болады.
Сонымен, көрініп түрғандай, фашизм коммунизмнің таптық әдісіне қарама-қарсы бағытты ұстанады, басымдықты жұмысшы тапқа емес, ұлт пен нәсілге береді. Фашизм идеологиясында ұлттық идея, ұлттық бірлік негізіндегі әлеуметтік әлем идеалы басым болады.
Фашизм мен коммунизмнің айырмашылықтарының бірі мынада, біріншісі елдің ішіндегі де, сыртындағы да тоталитарлық террор мен күш көрсетудің сыртқы аспектілеріне сүйенсе, екіншісі ішкі аспектілеріне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |