(Гуттенбергер Б, Теория демократии. Политические исследования. 1991, № 4, 137б.)
Демократияның теория мен практика ретіндегі даму кезеңдері антикалық және классикалық демократия, ортағасырлардағы демократиялық институттар, Жаңа заманның либералдық демократиясы және қазіргі кездегі демократия болып табылады. Осы формаларға, олардың негізгі белгілері мен ерекшеліктерінс тоқталып етелік.
Антикалық және классикалық демократия. Ежелгі дүниенің көрнекті демократиялық құрылыстарының бірі — антикалық демократия б.д.д. V ғ. пайда болды. Оның шығу тегі мен дамуы Солон мен Периклдің қызметтерімен байланысты.
Тікелей афины демократиясының күмәнсіз артықшылықтарымен қатар белгілі бір жағдайларда шынайылық болатын теріс белгілері де болды. Халық жиналысының билігі ештеңемен шектелінбеді және жеке өмірдің кез-келген көрінісіне ықпалын тигізді. Биліктің шексіздігі мен барлық жерге енуі демократияның тиранияға ету қаупін төндірді.
«Монархтардың ар-үятын жоғалтатын, жүректерін қатыгездендіретін және ақыл-ойын тұмандандыратын шексіз билікке ие болу, — деп жазды лорд Д.Энтон, — өзінің теріс ықпалын даңқты Афины демократиясына да тигізді. Жаншылған азшылық болу жаман, ал көпшілік болу одан да жаман. Өйткені бұқарада көпшілік қарсы тұра алмайтын қүпия күш жатыр. Халықтың абсолюттік ерігіне шағымдануға болмайды, одан қүтыла да, жасырына да алмайсың» (Полис, 1993, №3, с. 112).
Алайда беделдің ауысуына, азаматтардың мүліктік теңсіздігінің өсуіне, тобыр-дың ықпалының күшеюі мен мінез-құлықтың өзгеруіне орай Афины демократиясы
Достарыңызбен бөлісу: |